Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Стивен Тулминнің ғылыми дамудың эволюциялық моделі



бет100/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Стивен Тулминнің ғылыми дамудың эволюциялық моделі.


Батыста кең қалыптасқан және жарияланған постпозитивизм бағытының бір нұсқауы – Стивен Тулминнің концепциясы. «Рационалдылық және ғылыми жаңалық» және «Адам түсінігі» атты шығармаларында ол ғылым мен білімнің дамуын қоршаған ортаны терең түсіну деп, Поппердің сияқты ақиқат пікілерді ұсынуда көрмейді / Поппердің «толық білім ақиқат пікірлер арқылы» деген тұжырымды Тулмин «адекватті ұғымдар арқылы терең түсіну» дегенді ұсынады/.
Тулмин өзінің рационалдылық туралы түсінігін абсолютистердің түсінігіне қарсы қояды, олар жүйені тек авторитетке лайық болса, уақыттан тыс, универсалды стандарттарға, мысалы, Платон идеяларына әлде Евклид геометрияның стандарттарына деп; сонымен қатар релятивистердің бір нақты тариха уақытқа лайық, яғни универсалды баға беруге болмайды деген пікірінеде қарсы шығады. Тулмин үшін, «рационалдылық – ол адам іс-әрекетінің талпынысының атрибуты, сонымен қатар анықтамаларды, пікірлерді және формалды жүйелерді сын мен өзгерістен өткізетін процедуралар». Басқаша айытқанда, рационалдылық – тарихи негізделген ғылыми зерттеу нормативтерлерге, нақты түрде, бағалау нормативтерге және теорияларды таңдауға сәйкестік. Осыдан, рационалдылықтың бәріне ортақ стандарттары жоқ және мүмкін емес, олар «табиғи реттіліктің идеалдары» мен бірге өзгереді. Тулминнің рационалдылық туралы жаңа түсінігі басқа сұрақтарға да өзгеріс әкелді. Біріншіден, ғылыми революция туралы мәселе бойынша.
Рационалдылық пен логикалықтың теңдігі, Тулминнің пікірінше, униформистік пен революциялық түсінулердің шектігін білдіреді. Униформистік, әлде кумулятивтік моделі танымды логикалық байланыс жүйе ретінде түсінірілетін универсалды абстракттілі идеалға тұрақты және тоқтаусыз жақындау. Революциялық әлде релятивистік түсінік рационалдылықтың нормаларының ауысуын білім жүйесінің толық өзгеруі. Расымен, ескі пәндік жүйелердің ұғымдары логикалық түрде байланысты болғансон, біреуінің құлдырауы жүйенің бәрін өзгертеді. Сөйтіп, «жүйелік культі» Кунды «парадигмалардың салыстырмастығына» әкелді және ғылыми революцияны гештальттердің ауыстырылуы. Тулмин айытқандай «Біз әр-қашанда ескеруіміз керек парадигманың ауысуы ешқашанда толық болмайды; реалдылықта бәсеке парадигмалар өз толық мөлшерінде альтернативті көзқарастарға тең емес және ғылымның теориялық деңгейіндегі интеллектуалдық үзілісте терең методологиялық деңгейдегі құпия жатыр. Дискреттікте емес, кумулятивтікте емес реалды тарихқа адекватті емес, сол себептен ғылымды келіскен «пропозиционалдық жүйе» деген түсініктен бет бұрып, оны «концептуалды популяциямен» ауыстыру қажет». Популяцияның ішіндегі ұғымдар автономдылығымен үстемді: олар популяцияда әр-түрлі уақытта, әр-түрлі мақсатпен және ықтималды тәуелсіз деңгеймен шығуы мүмкін.
Осы жерде Кун мен Тулминнің философиялық жүйелерінің арасында конфронтация сызығы өтеді. Тулмин айтады, интеллектуалдық өзгерістің революциялық түсінігінің орнына бізге эволюциялық түсінікті қалыптастыру қажет, олар концептуалды популяциялардың келе-келе ауыстырылады.
Эволюциялық модель Дарвиннің теориясымен аналогия ретінде қалыптасады, ол ғылымның дамуын «инновация» мен «іріктеу» арқылы түсіндіреді. Тулмин ғылым эволюциясының келесі негізгі сипатарын көрсетеді:
Пәннің интеллектуалдық мазмұны бір жағынан өзгріске бейімделген, ал екінші жағынан – бірізгілікті айқындайды.
Интеллектуалдық пәнде әр-қашанда сынау идеялар мен әдістер пайда болады, тек бір-нешесі пәндік білімнің жүйесінде нықты орын алады. Сөйтіп, интеллектуалдық новациялардың үздіксіз шығуы сынау іректеу процесспен келіседі.
Осы екі жақты процесс қосымша шарттар болғандағана анық концептуалды өзгеріске әкеледі. Келесілер қажетті: 1. интеллектуалдық жаңалықтарды ұстап отыратын адам сандары жеткілікті болу керек; 2. сол интеллектуалдық жаңалықтар өздерінің жағымды және кем жақтарын анықтау үшін тұрақты және ұзақ уақытта «бәсекес форум» шеңберінде қалыптасу керек.
Әр тарихи және мәдени жағдайлардың «интеллектуалдық экологиясы» бір-бірімен байланысты ұғымдардын істерімен анықталады. Әр мәселе жағдайында пәндік іріктеуде сол жердің интеллектуалдық ортасына лайық «бәсекес» жаңалықтарды тандайды. Осы «талаптар» сол мақсаттарды шешетін әр концептуалдық нұсқауларды да, және олармен бірге өмір сүретін тұрақталған анықтамаларды да.
Сөйтіп, ғылымның дамуы туралы сұрақтар екі топ сұрақтарға бөлінеді: біріншіден, теориялық новацияларды жарататын факторларды анықтайды /биологияда мутандық түрлердін пайда болу аналогиясы/ және, екінші, анау әлде басқа концептуалдық нұсқауды қолдау әлде бекітуі /биологиялық іріктеу аналогиясы/.
Және концептуалдық өзгеріс қалыптасу үшін адамдардың қызығушылығы, ойлау өзгешелігі қажетті, оның бір-неше шарттары бар. «Іріктеу» сүзгіштен өткенде концептуалдық жаңалықтар пәндік дәстүрінде тұрақты орын алады. Сонда жаңалықтың тұрақталуының шешуші шарты – сол феноменді түсіндіру мен қабылданған «түсіндіру идеал» арасындаағы сәйкестік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет