Пол Фейерабендтің анархистік және плюралдық методологиясы.
Фейерабенд 70-шы ж. аяғында пайда болған ғылым философиясындағы «қайшы идеялар» мен салдарды ашық түрде айтып жариялады. Ғылым не деген сұраққа жауап бере отырып, ол ғылым қызметің меңгеретін өзгеше әдіске назар аударады. Ережемен жасалған процедура ғылыми болады, ал оны бұзатын ғылыми емес деп саналады. Бірақ сондай ережелер әр қашан анықталмайды. Сонда зерттеуші интуитивті түрде атқарады өзінің жұмысын. Және осы ережелер бір-бірімен салыстырылмайды. Бірақ, сол фактілер бар, олда рационалды деген жағдайға ешкім күмәнсіз. Осы қайшылыққа Фейерабенд өзінің назарын аударады, қазіргі ғылымның мәніне талдау жасайды. Алғашқы тарихтың өкілдері дүниені рационалдылық тұрғыдан зерттеудің шегі бар және толықсыз білім беретіні айқын білген. Сол нәтижелерге қарай қазіргі рационалды ғылымның нәтижесі қалып қойған.
Философ ғылымның гипотетикалық-дедуктивтік моделіне және кумулятивизімге қарсы теориялық реализм идеясын ұсынады. Сипаттау табиғаттанудың жалпылау практикасында пайда болган кумулятивизм білімнің өсуін қарапайым түрде түсіндерген, яғни анық ережелерге жаңа ережелер мен пікірлер қосылады. Қайшылық пен жалған олар субъективтік процесске жатқызады, білімнің сапалық өзгерісі мүмкін емес, ескіні және қабылданған жаңа білімді жоққа кельтіруге болмайды. Эмпириялық кумулятивизм білімнің өсуін оның эмпириялық мазмұнының көбеюі деп, ал рационалдылық кумулятивизм - ол барлық абстрактілі принциптер мен теориялық жалпылауға қосылып жатқан келесі эелементтер өзгеше білім дамуын құрастырады.
Фейерабендттің «теориялық реализм» идеясы білімнің актуалды өсуі теориялардың көбею /пролиферация/ нәтижесінде пайда болады деп тұжырымдайды, олар салыстырылмайды /себебі, бір ортақ логикалық негізбен байланысты емес және әр-түрлі ұғымдар мен әдістерді қолданады/. Пролиферация /көбею/ принципі қалыптасқан пікірлерге сай емес теорияларды шығаруға негіз және олар толық түрде дәлелденсе және жалпы қабылданса. Ғылымның бір әлде әр-түрлі кезеңдеріне қатысты альтернативті концепциялар мен теориялар бір-бірімен салыстырмалы емес, бір-біріне айналмайды деген тезис пролиферация принциптін талаптарын қатайтады.
Теориялық пен методологиялық плюрализм туралы позициялар ғылымның және тұлғаның дамуын білдіретін көп-түрлі тең білім типтерінен бастама алады. Альтернативалардың күресу кезеңі – ең жемісті кезең. Альтернтивтік концепциялардың негізі ғалымдардың әр-түрлі көзқарасы мен методологиялық позицияларында жатыр.
Теориялардың плюрализм идеясын ол дәстүрлердің плюрализмі деген идеяға дейін кеңейтеді. Осымен байланысты ғылым ғылыми элитаның идеологиясы болғансон өзінің орталық орнынан айырылып мифология, дін мен магияға тең болу қажет. Осындай анитисциентистік позиция сыңшыл рационализмге қарсы және философияның өзгешелігін жаңа түрде қарастырады. Р. Карнап философия ғылыми маңызы жоқ десе, Б. Рассел – оны дін мен ғылымның арасындағы ешкімнің /иесіз/ жері, К. Поппер үшін философиялық гипотеза әлі жетілмеген ғылыми теория болуы мүмкін; ал Дж. Уоткинс философияны эмпириядан алыс ғылымның бөлігімен біріктірді, П. Фейерабенд философия мен ғылымның, ғылым мен дін және аңыз арасындағы шекараны жоққа шығарады. Сонымен қатар ол білімнің объективтілігі мен ақиқаттылығынан бет бұрады, таным мен іс-әрекетте рационалдылықтың мөлшерінің ықтималдылығына назар аударады. Ғалымның дамуында ақиқат емес, оның индивидуалдық дамуы, таным емес анық реалдылық маңызды. Оның идеялары академиялық философияның өкілдерін таңқалдырды. Фейерабендтің концепциясын «анархиялық эпистемология» деп аталады, себебі, ол бәріне ортақ универсалды әдіс жоқ, және ғалымдар көбінесе «бәріне рұқсат берілген» деген принципты жетекше қылып алады. Қатал әдіспен жүру және оның бүкіл ережелеріін атқару ешқандай ғылыми зерттеу практикамен және танымның шығармашылық табиғатымен сәйкес болмайды. Сөйтіп, ғылым өмірдің басқа түрлері сияқты ешқандай авторитеті жоқ.
Плюралдық методологияны қолдану дегеніміз не? Фейерабендтің пікірінше, ғалым идеяларды тәжірибемен емес бір-бірімен салыстыру керек, және күресте жеңілген концепцияларды тастамай, дамытуға тырысу қажет. Осылай істеп, ол Болмыс кітабындағы адам мен космос туралы концепцияны сақтайды, және оларды эволюция теориясы мен жаңа концепцияларды жетілдіруге қолданады. Оның шығармасы «Методологиялық зорлыққа қарсы. Анархистік таным теориясы туралы очерк /1970/». Фейерабенд өзінің позициясын философиядағы материалистік бағытқа келтіруге тырысты. Ол В.И. Лениннің идеясына арқа сүйейді «жалпы тарих, революция тарихы ең жетілген партиялардын әлде алдағы класстардың авангардтарының санасына қарағанда мазмұндық тұрғыдан күрделі, көп түрлі, қызықты». Осыдан, Фейерабендтің таным процесіне де қатысты принципиалдық реттеушіліксіздік шығады: ғылыми танымда реттеушіліксіздік ғылымның дамуындағы хаотикалық және заңсыздықты көрсетеді; білімнің кездейсоқтық ретсіз өсуіне ешқандай методология керек емес.
«Методологиялық зорлыққа қарсы» шығарманың алғысында келесі тезистер келтірілген:
• Заң мен реттілікке арқа сүйейтін альтернативаларға қарай теориялық анархизм гуманды және прогресссивті.
• Прогресске қарсы шықпайтын жалғыз принцип «бәрі мүмкін».
• Нақты дәлелденген теорияларға қарсы гипотезаларды да қолдануға болады, контриндуктивті жолмен ғылымды дамытуға болады.
• Сәйкестіктің шарты жетілген емес, ескі теорияны сақтай отырып, ақылсыз нәтижеге әкеліп, индивидтің еркін дамуына қауп әкеледі.
• Идея сонша абсурдтті болса да әлде ескірсе де, біздің танымызды жаңғыртады.
• Және соңғы, методологтың ең мықты тұжырымы: ғылым болса, ақыл универсалды болмайды, ал ақылсыздықты да жоюға мүмкін емес.
Ғылымның осы қасиеті анархистік эпистемологияны қажет етеді. Бір жағынан, реалдылық өзі флуктуацияны жасап, бифуркацияға әкеледі. Екінші жағынан, ғылым өзі методологиялық сипаттауға қарамай иррационалды. Методологиялық сұраныстар жаңалықты ашуға кедергі жасайды. Ғылыми ізденістің бастамасы туралы мәселе Фейерабендтің көзқарасында өзгеше интерпретацияға ие. Оның пікірінше, біз куә болдық, сонша ұжымдардың, идеялардың, практикалық қызметтердің көбісі мәселеден емес, мәнсіз белсенділіктен, мысалы, ойын сияқты проект, түбінде мәселенің ойда болмаған шешімін ұсынатын түрлерден бастама алады..
Фейербенд өзінің жаңа методологиялық парадигмасында ғалым немен шектелген деген мәселеге анық қарауды қажет етеді. Ғалым методологиялық шектерден басқа өзінің зерттеу құралдарымен, әріптестерінің түсінік деңгейімен, денелік, физиологиялық, әлеуметтік және рухани зорлықтардың материалдық негізімен шектеледі, және прагматикалық басымдылықпен. Кім бастама мәселесін қозғайды, сол теориялық концептермен бірге әлеумет-мәдени және экзистенциалдық факторлардың жиынымен байланысты.
Ойшылдың концепциясын құрастыру үшін екі негізгі пунктерге тоқтау қажет. Бірінші – шексіз пролиферация принципі әлде бәсекес бір-біріне қарсы, альтернативті гипотезалардың көбеюі. Осыдан «anything goes» -бәріне болады /мүмкін/ деген принцип. Екінші – «теориялық қайсарлық» әлде мықтылық, гносеологиялық ортаға басқа жаңа теорияларды еңгізбеу. Осы принциптің методологиясымен негізделіп сол теорияға сай емес фактілерге, контрмысалдар мен аномалияларға назар аудармауға да болады. «Бәріне болады /мүмкін/ деген әлде басқа түрін «не істегің келеді, соны істе» деген принциптерді қолдансақ, біз әр теорияға үйреніп, қабылдаймыз. Контрмысалдардың саны сонша көп болсада, бәрін жетілдіруге болады – конвенциализм /келісім/ арқылы. Фейерабенд конвенционализмді – «контриндукция» деп санайды.
Фейерабендтің «не істегің келеді, соны істе» деген принципті қолдансақ біздің аргументіміз диалектикалық болады, яғни, стандартқа емес, өзгерілетін рационалдылыққа, сүйенеді. Екіншіден, ғалымды ғылыми әдіс неден тұрады деген сұрақ қойса, жауап болмайды. Себебі, ғалымдар өздері білмейді не істеп жатқаның.
Шекке жетілген Фейерабендтің антропологизм принципі өз уақытына сай – постмодернің физикалық дүниеге қатысы жоқ виртуалдық постобъективтік реалдылыққа сай концепциялар мен бейнелердің көрінісі. Жаңа перцептуалдық және концептуалдық қатынастарды жасап түсіну қажет, ал олар түпкі құпияны ашады, оны біз сыңшыл пікір-таласпен шығара алмаймыз.
Фейрабендтің пікірінше, мәселенің элементтері жәй берілмейді. Мысалы, иррегулярлықтың «фактін» қайшысыз шығаруға болмайды. Оны жәй көзі мен ойлауы дамыған адам ашалмайды. Күтудің нәтижесінде ғана ол ашылады, яғни, «үнемі емес» үнеміні күтуімен ғана мүмкін. Сонымен, «үнемі мес» ереже болғанда ғана маңызды. Психологиядан тыс методологтар психологиялық күту деген феноменді итуитивтік түрде бақылайды.
Сөйтіп, білімнің көпқырлығына назар аударып, ойшыл оны постнеклассиканың әлеуметтік-мәдени контекстіне еңгізді. Фейерабендтің методологиясында гносеологиялық процедуралармен рационалдылықтың плюралдық өзгеруі кездейсоқтық емес. Ол эпистемологиялық зерттеулерде таным ізденісінде ашықтық пен демократизацияға ұмтылыс тенденцияның көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |