Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Эвристикалық постулаттарына келесі жатады



бет105/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Эвристикалық постулаттарына келесі жатады:
• Шығармашылықпен негізделген құрастыру методологиясы эвристикалы болып табылады.
• Құрастыру мақсаттарының классы шексіз болса, құрастыру әдістерінің классы шекті.
• Мақсаттын шешу ізденіс жолының /әдісі/ субъективті жағы бар, және оның эффективтілігі құрастырушының шеберлігімен байланысты.
• Мақсаттардың шешу жаңа әдістері сирек жағымды нәтижеге жектізеді, бірақ солар арқылы шешімдердің оригиналды деңгейі жоғары.
•Әр қашанда табылған шешу жолға альтернатива ретінде қарсы әдіс табылады.
• Ешқандай құрастыру мақсат түсінілген әлде түсініктен өтпеген әдіссіз, пікір стрегиясымен тактикасыз шешілмеген.
Мысалы, геометрияның қатал және тығыз постулаттарына қарамай эвристика постулаттарына мүмкіндіктің кең жолдары тәрізді. Эвристикалық постулат бойынша, мақсаттардың ішінде реалдылыққа қарсы шықпағаны жоқ, ал ізденіс жолын қарапайым қадамнан бастау керек. Интуитивті ізденіс мидің саналығын қосқанда басталады. Және құрастыру мақсаттын шешуінде ескі және жаңа жолдардың аралығын өлшеу процесі қызық жағдайға әкеледі. Эвристикалық постулаттар эвристикалықтың атрибутивтігін байқайды, және шығармашылық мүмкіндіктің дамуына, культивациясына назар аударады. Шығармашылық, эвристикалық процесс мақсаттың анықтамасынан басталады, бұл білм мен білімсіздік, анық және анықсыз, бар және жоқ аралығын айырады, көрсетеді.
Эвристика әдістеріде үстемді роль атқарады. Оның арасында аналогия /әр-түрлі құрылымдарға еліктеу/; прецендент әдісі /ғылыми практикада бар әдістерге назар аудару/; реинтеграция әдісі /қарапайым әдістерден қиын түрлерін құрастыру, «Ариадна жібі»/; организмикалық имитация әдісі /организімге ұқсас болу/ /мысалы, А. Тойнби локалды өркениеттер теориясын құрастыруда қолданған/; псевдоморфизация әдісі /өз түрін қолданбау, мысалы, жаңбыр шатыры, қол таяқ/.
Қызықты түрлеріне жағымсыз күштерді жағымды күшке айналдыру әдісі /инверсия әдісі/; оны И. Лакатос аномалияны дәлелденген теорияның полесіне айналдырула қолданған. Антитезис әдісі, Гегель диалектикасында айқын болған, дәстүрлі әдістер, подходттар мен тәсілдерге қарсы. Стильдік трафарет әдісі, гирлянда әлде ілініс /жалғасу/ әдісі, көп қабатты құрылыс және секцияға бөлу әдістері т.б. Адамның мүмкіндігіне жұғынып жаңа құрылыстырды шығару антропотехника әдісі деп аталады.
«Миге шабылу» атты әдіс және синектика өзгеше орын алады. «Миге шабылу» сынаудың конструктивті роліне қарсы шығу, нақты айытсақ, сынау жаңаның шығуына бөгет жасайды. Шабылу мәселені шешуде көп санды болжауларды ұсынады. Бұл кезеңде әр-түрлі сынауға тиым қойылады, ашық қарсылықтан бастап күлкі, мимикалық өзгерістерге дейін. Болжаулардың құңдылығы эксперттер деңгейінде қарастырылады.
Ойлаудың психологиялық белсенділік әдістерінің жүйесі ретінде синектика қарастырылады. Ол арнайы топтын қалыптасуын міндет етеді, ол өз тәжірибесін жинақтап әр-түрлі тәсілдер арқылы эксперттік баға береді.
Ең күдік келтіретін эвристикалық тип – соқыр ізденіс моделі – онда интуиция мен сәттілік маңызды. Бірақ оны жие қолданады және нәтижелеріде эффективті болады.
Қазіргі эвристика келесі модельдерді ұсынады, оны біз классификациялық график түрінде шығарамыз:
«Трансформатор» моделі – бар мәселе қатысы жоқ, бірақ көп-түрлі трансформация және шарттары мен талаптарын анықтау, мақсаттарды өзгеру арқылы шешімді іздейді, ұсынады.
«Шлюз» моделі – адамның шығармашылық белсенділігінің «шлюзың ашу» қажеттілігінен талпыныс алады, моральдық пен материалдық ынталандыруға сұраныс жасайды.
«Құмыра» моделі - әр адам бағдарламаның жинақтаушысы және көп мүмкіндіктің сандығы. Оның жиналған білімі динамикалық қасиетке ие, іс-әрекетті өзгертуге бағытталады.
«Тұқым /дән/» моделі - организмикалық аналогияға толы. Оның пікірінше, шығармашалақ іс-әрекет билогиялық және әлеуметтік себептермен негізделеді. Әр адамда креативтік бастамасы болғансон, ол келесі культивацияны қажет етеді.
«Ракета» моделі - ішкі импульс пен энергияғаның маңыздылығына акцент жасайды, ол адам үшін маңызды мәселені шешкенде активтіге айналады.
«Трамплин-бөгет» моделі - субъектің шығармашылық процесінде бағдарламаның жетсіздігімен байланысты психологиялық қиындықты жойып шығуға талдау жасайды. Кейбір кезде әуеске айналған ойлау тәсілі гносеологиялық және бағдарлама бөгетіне айналады. Оны трамплин моделі /эвристикалық ережелер мен ұсыныстар/ арқылы жеңіп шығуға болады.
«Призма» моделі - ол пікір бүрышың әлде қойылған мақсаттарды жалтару қажеттілігіне және оның әр-түрлі қырларын қарастыруға бағытталады.
«Құрғақ ағаш» моделі - Гетемен шығармашалаққа берген өзгеше бағасымен байланысты, адамның күнделік еңбегі ол «ағаш жару және құрғату» процесіне теңдейді. Ал шығармашалақтың оты жаңғанда әлгі кептірілген ағаш лапылдап жанады.
«Теңиықты таразы» - ол жаратушының білімі, тәжірибесі, іс-әрекеті, мотивтері, ерік күші теңдік байланыста болуды қажет етеді.
«Комик емес тапқырлық» моделі - шығармашылықта пародия, кәдімгі және ғажайып, екі бойлы салыстыру, кездейсоқ қасиеті бойынша салыстыруды біріктіруе акцент жасайды. Осы өткірлі, тапқырлық іс-әрекетке ұқсас, бірақ шығармашылық ойлауда тамырланған.
«Лабиринт» моделі - кең қолданатын модель – алға басуға бағытталған, интуиция мен тапқырлық жетістік пен сәтсіздіктің мүмкіндігін бейнелейді.
Эвристикалық іс-әрекеттің негізі - бейнелу мен фантастика, скептицизм мен критицизм, болжау, солипсизм, мистицизм, қиял т.б.
Эвристикалық пікірлер индукция, абдукция мен аналогияға арқа сүйейді, нақты және соңғы қатал нәтиже бермейді. Және ол зерттеушілерден батылдық пен жігерлілікті сұраныс етеді.
Эвристикада тұрақты, үстемді жолдар жоқ, ақыл эвристикада стереотиптер мен регламентация мүмкін емес, ол сюрприз аймағына кіреді, және әр адамның индивидуалдық қабілеттеріне тәрізді. Эвристика ғылыми білімнің өсу мәселесіне келесі себептермен еңгізілген: әр білімнің өсуінің тұрақты қасиетін айқындайды, яғни, теорияның өз шегінен шығу жағдайында. Эвристикалық бұл жерде жаңа аймақты қажет ету дегеніміз. В.В. Ильин айытқандай, эвристикалық дегеніміз, теорияның өз шекарасынан шығу талпынысы, экспансия арқылы кеңейюі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет