Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


-Дәріс. Ғылым - әлеуметтік институт ретінде



бет107/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

10-Дәріс.
Ғылым - әлеуметтік институт ретінде (1с.)


1. Ғылыми пәннің құрылымы: құрамы, қасиеттері, белгілері.
2. Ғылыми қоғамдардың тарихи типтері: ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар.


Дәріс мақсаты: Ғылыми іс-әрекеттің құрылысын анықтау: структурасын, белгілерін, өлшемдерін. Ғылым әлеуметтік институт ретінде: негізгі пікірлерді көрсету. Ғылыми іс-әректтің институционалдық түрлерінің тарихи дамуына, негізгі тенденцияларына тоқтау. Ғылыми қоғамдардың тарихи типтерін көрсету. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар туралы бейнелерді ашу. Ғылыми қоғамның нормалары мен құндылықтарына тоқтау. Ғылым және билік, ғылым және экономика, ғылым және нарық қатыныстар қырларына тоқтау. Қазіргі қоғамдағы мемлекеттің іс-әрекетінде ғылым негізгі бағыт ретінде көрсету.
Өзекті ұғымдар:
Дәйексөз көрсеткіші (Science Citation Index, - SCI) – Филадельфия институтімен қабылданған ғылым бағдарламасының жүйесі, оның негізінде тікелей, керісінше және көлдене дәйексөз бойынша жасалған құжаттар жатыр. Еуропалық ғылымда алғашқы зерттеу шығармаларға сілтеме жасау дәстүрі 19 ғ. ортасында қалыптасқан, ол ғылыми білімнің структуралық интеграциясының және ғылыми қызметтің кәсіптік дәрежесінің көрсеткіші.
SCI қазіргі ғылымның бүкіл аймақтары бойынша үзілмей жинақталатын бағдарлама база жүйесі 1960 ж. Ю. Гарфилдтің жетекшілігімен қалыптасқан, қатарлас электронды және «қағаз» түрінде жасалады. Дәйексөз көрсеткішінің бағдарлама негізін әр-түрлі пәндік топтардың құрылымын және олардың құрастыру өзгешелігін көрсететін үш массив құрайды: табиғаттану ғылымдарының дәйексөз көрсеткіші /Science Citation Index - SCI/, әлеуметтану ғылымдардың дәйексөз көрсеткіші /Social Science Citation Index - SSCI/, гуманитарлық ғылымдар, әдебиет және өнердің дәйексөз көрсеткіші /Arts and Humanities Citation Index - A&HCI/. Оған қосымша өзгеше мамандықтар бойынша конференция, симпозиумдар мен жалпы шығармалар кіреді.
Дәйексөз көрссеткішінің құрылымы бір-неше функцияларды атқарады:

  • Индивидуалды мен ғылыми ұжымдардың зерттеулері бойынша күтуші бағдарлама іздеу;

  • Білім аймақтарының құрылымын шығару, бақылау, болжау және даму үшін шығармалар арасында байланыстарды іздеу;

  • Ғылыми қоғаммен шығармалардың сапасы мен авторларды бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет