Іргелі және қолданбалы зерттеулер – әлеуметтік-мәдени, құрастыру түрі және білім трансляциясы, зерттеушілердің бірігуі бойынша өзгеше зерттеу типтері. Бірақ айырмашылық тек қоршаған ортаға қатысты, ал зерттеу процесс абсолюттік түрде екі типтерде ұқсас. Іргелі және қолданбалы зерттеулердің әлеуметтік функциялары келесі түрмен анықталады.
Іргелі зерттеулер қоғамның /мемлекет, аймақ т.б./ жаңа білім арқылы жалпы білімді дамыту үшін, бүкіл мамандық бойынша кәсіптерді дайындауға бағытталған, сөйтіп, қоғамның интеллектуалдық потенциалын күшейтеді.
Қолданбалы зерттеулер қазіргі өркениеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде инновациялық процесстердің интеллектуалды жағынан қамсыздандыруға бағытталған. Қолданбалы зерттеулерде алынған білімдер іс-әрекеттің басқа аймақтарында қолдануға арналған /технологияда, экономикада. әлеуметтік меңгеруде т.б./.
Пән – ғылымның өзгеше аймағы.
1. Ғылыми пәнің құрылымы: құрамы, қасиеттері, белгілері.
Толық ғылыми аймақты қамтитың білімнің құрылыс деңгейін қарастырайық. Бір-неше локалды аймақатардың бар екендігі анық. Бірақ бұл мәселенің қиын да жағы бар. Оны біз былай анықтайық: мысалы, қазіргі физиканың құрылымына не кіреді. Оған алғашқы ашылған теориялар қана кіреді ма, әлде 20 ғ. пайда болғандары ма?
Әрине, қазіргі физиканың теория реттілігіне алғашқы теориялардың кейбірі кірмейді, мысалы теплород теориясы. Мәселенің өзектілігі келесі сұрақта тұрады: қазіргі физиканың құрамына генетикалық тұрғыдан қазіргі концепциялармен байланысты, бірақ алғашқа уақытта пайда болған теориялар кіреді ма?
Мысалы, біз білеміз, механикалық құбылыстар кванттік механика негізінде сипаттау жасалады. Енді, қазіргі физикалық білімнің құрылымына классикалық механикаға кіреді ма? Біз білеміз жылу құбылыстарға статистикалық термодинамика негізінде сипаттау жасалады. Ал, классикалық термодинамика қазіргі білімнің құрылымына кіреді ма? Осындай сұрақтар қарастырылып жатырған мәселені өзектейді.
Және тағы бір сұраққа назар аударайық: келешекте бүкіл ғылымдардың салаларын біз қалай бейнелейміз?
Бұл мәселенің анық тенденциясының бірі – бәріне ортақ, олардың негізінде басқа теориялар нақты оқиға сияқты қарастырылатын пәндік аймақтың фундаменталды принциптерінен тұратын теория. Осындай бүкіл пәндік аймақты қамтитын, бәріне ортақ теорияны құрастыру жағдай физика, биология, география т.б. тарихында жие кездеседі. Әр ғылымның аймақтарында бұл ұстанымы айқын.
Мысалы, 20 ғ. аяғына дейін осындай ортақ теория ретінде механиканы ұсынған, оның негізінде бүкіл физиканы құрастыруға болады деген. Содан кейін, осы мүмкін емес деп шешті.
Жалпы теория ретінде электродинамиканы ұсынған, бұл да мүмкін емес болып шықты, себебі, байланыстың әр-түрлері электромагниттік, күшті, әлсіз, гравитациялық бір теорияға біріктіруге болмайды.
Және ортақ нөль теориясын құрастыруға талпыныс болған. Элементарлық бөлшектер физикасының жетістіктері бойынша осы жолда фундаменталды нәтижелер пайда болды.
Біз осыған қалай қараймыз?
Осы сипатталған бейнені ғылымның сол аймағының құрылымының идеалы деп санауға болады ма? Бұл күрделі сұрақтар. Бірақ, осы сұраққа жауап беру үшін оның шеңберінен шығу қажет, оны кеңейтейік және келесі экстраполяцияларын көрсетейік, содан кейін мәселеге қайтып келуге болады.
Физикада бәріне ортақ теорияны құрастыруға болады деп мүмкіндік енгізейік. Осындай теорияны физика аймағында құрастыруға мүмкіндік бар болса, неге біз осындай реттілік бойынша химиялық құбылыстарды қарастырмаймыз. Химиялық құбылыстар да сол физикалық байланыспен негізделеді. Ал, енді сол химиялық құбылыстарды да қамтитын физикалық теория құрастырылады деп болжау жасайық. Электромагниттік пен жылу құбылыстардың шекарасы, электромагниттік пен химиялық әлде жылу және химиялық, немесе физикалық пен химиялық приниципиалдық түрде сонша өткір емес.
Ал, принципиалды түрде физикалық пен химиялық құбылыстарды құрастыратын ортақ теория мүмкін десек, неге ол биологиялық құбылыстарды да қамтымайды, себебі, молекулярлік деңгейде биологиялық процесстер де нақты физикалық-химиялық байланыстан тұрады.
Сондай физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстарды біріктіретін теория бар деп болжау жасайық. Яғни, келешекте бүкіл реалдылықтың оқиғалары қарапайым физикалықтан бастап қиын әлеуметтік құбылыстарға дейн сол жалғыз фундаменталды теория арқылы түсіндіруге болады ма? Мысалы, механика негізінде аспан, сұйық және газ денелері сипатталады.
Бұндай глобалды бағдарлама күмән тудырады, себебі, тек қазіргі реалдылықтан алшақ болғансон емес, сонымен қатар, ол ғылым құрылымы туралы сұрақты тым қарапайым түрінде шешкісі келеді. Бұл бағдарлама әр-түрлі пәндік аймақтардың өзгешелігін ескермейді.
Әрине, біз физикалық, математикалық және тарихи білімді «ғылым» деп біріктіреміз, оны біз басқа адамзат мәдениетінің сфераларынан, іс-әрекеттерінен нақты универсалды принциптер мен қатарлас белгілер арқылы ажыратамыз. Мүмкін, жалпы ғылым шеңберінде оларды ажырататын өзгешеліктеріде айқын.
Бір теорияда қазіргі ғылымдағы ғылыми ойлау стильдерінің түрлері мен таным әдістерін біріктіруге бола ма? Әлде ол тек уақытша құрылыс функцияны атқаратын теория ма? Яғни, жоқ, және ол тарихи өзгеріске бағынатын құбылыс. Осы интуицияға бағыт алып осы нақты бағдарламаның қателігін анықтайық.
Достарыңызбен бөлісу: |