Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


«Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады »



бет118/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

«Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады » (А.Н. Леонтьев).
Әлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, тұлға – бұл әрқашан да үдеріс, бұл үнемі қалыптасу. Тұлғаның деградациялануы индивидтің өзге ерікке толығымен бағынып және оның әрекеті алдын – бағдарланып қойылған жағдайда, яғни әрекет пен таңдау еркіндігіне орын қалмаған жағдайда да кездеседі. Адамды қоғамнан және қарым–қатынастан бездіру әрдайым ең қатал жазалардың бірі болып саналады, өйткені ұдайы оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өз мәніне қайшы келеді. Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы – оның адамгершілік – рухани мәні. Тұлға мазмұнының және бағалануының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік және жауапкершілік денгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді. Адамның бойындағы интеллектуалдық – адамгершілік және еріктік қасиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпы адамзаттық құндылықтармен сәйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл құндылықтардың орнығуы мен дамуына оң ықпалымен әсер етеді.
Бұл тұрғыда ол өз рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайырымдылығы жақтарымен сипатталады. Тұлғаның ерік – жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік қайыпымдылығы мен тазалығы тек нақты практикалық әрекетте және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда ғана бекіп іске асады. Дәл сондай жағдайда ғана, яғни іс нақты қылыққа жеткенде ғана тұлға болудың, еркін болудың, адал, принципиалды болудың және т.б. қиын да ауыр екендігі аңғарылады.Ойткені, егер индивид өзін шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса, ол өзінің тек ақыл – ойында ғана емес, ең алдымен қылықтарында да жауапкершілікті болуы тиіс. Тұлғаның еркіндік жағынан сипаттамасы сөзсіз қажет. Еркіндік – тұлға атрибуты, бірақ жауапкершіліксіз еркіндік – бұл шектен тыс бейберекетсіздік. Сондықтан жауапкершіліктің тұлға атрибуты ретіндегі маңызы бір де кем емес, кейде ерікті болғаннан жаупкершілікті болу қиынырақ.
Сонымен, тұлға болу қиын. Нағыз тұлға еркіндігі мен жауапкершілігі үнемі шығармашылықты, көніл–күй сілкінісін, уайым–қайғыны талап етеді. Тұлға неғұрлым жоғары және маңызды болған сайын, оның өзі мен өзгелер алдындағы жауапкершілік денгейі де жоғары. Ғылымдағы тұлға ретінде адамның мәні – оның әлем мен тарихтағы орны, мәселелеріне тіреледі. Тұлға бұл жерде адамдар әрекеті мен қарым–қатынастарының, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық идеалдардың, құндылықтардың индивидуалдық көрінісі және субъекті ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет