Фаллибилизм принципі – бұл Поппердің концепциясының принципі бойынша, әр ғылыми білім түбінде тек гипотетикалық қасиеті бар және қателікке шалдығады. Поппердің пікірінше, ғылыми білімнің өсуі ауқымды гипетезаларды ұсынудан және оларды кесімді түрде жоққа шығарудан тұрады.
«Үш әлем» туралы теория – бұл К. Поппердің философиялық концепциясының теориясы бойынша, бірінші – объект әлемі, екінші – субъект әлемі, үшінші – 1-ші және 2-ші әлемдермен объективтік білім әлемі жаратылады және олар бір-бірінен тәуелсіз. Осы үшінші әлемдегі білімнің дамуы және өсуін анализдеу – ғылым философиясының пәні болып табылады.
Фальсификация (лат. falsus — жалған және facio — істеймін) — гипотезаның әлде теорияның жалғандығын классикалық логиканың modus tollens ережесімен сәйкестігін атқаратын методологиялық процедура. Фальсификация ұғымын фальсификациялау принципінен ажырату қажет. Теорияның фальсификациясы үшін жаңа альтернативті теория қажетті: тек ол өзі, эксперименттердің нәтижелері емес теорияны фальсифицияландырады.
Имре Лакатостың концепцияларына тәрізді келесі ұғымдар: ғылыми-зерттеу бағдарлама, зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы»/, гипотезалардың «қорғау белдігі», «ad hoc» гипотезасы, жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика.
Ғылыми-зерттеу бағдарлама – И. Лакатоспен құрылған ғылым дамуының универсалды логикалық-нормативтік реконструкциясының орталық ұғымы, келесіде ғылыми-зерттеу бағдармалардың методологисы деп аталады. Лакатостың методологиясы бойнша жетілген ғылымның дамуы бір-бірімен байланысты және бір-бірін алмастыратың зерттеу бағдарламалар. Зерттеу бағдарламаның құрылыстық элементтеріне оның «қатал ұйытқысы» мен гипотезалардың «қорғау белдігі» жатыр.
Зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы/» – бұл И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясында – оның шарт түрінде қабылданған, жоққа келтірілмейтін фундаменталды кіріспелерден тұратын бағдарламасының құрылыс элементі.
Гипотезалардың «қорғау белдігі»– бағдарламаның «қатал ұйытқысын» жоққа келтіруден сақтайтың негізбен қосымша гипотезалардан тұратын бағдарламаның құрылыс. Лакатостың пікірінше, «қорғау белдігі» қарсы мысалдармен кездескенде жартылай әлде толық түрде айырбасталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |