Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет58/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

1) Тұрақсыз әлем теориясы;
2) Синергетика;
3)Биологиялық эволюция теориясы, биология және ноосфера концепциялары.
Постклассикалық емес ғылымның болашақта дамуы, жаңа әдістер ашты, жаңа заңдар тұрғызды.
Онтологиялық модель бұл ғылымның келесі түрінде көрінеді. Әлем тірі және өлі пенделерден құралады, олар гомостазиске ұмтылады.
Постклассикалық емес ғылымның түсінігі «өзіндік үйымдастыру», «диссипативтілік», т.б. Оның негізгі сипаттың белгісі сыншылдар мен әдістерге негізделеді.


Дүниенің физикалық бейнесі.
И. Ньютон әр түрлі салада көлемді ғылыми мұра қалдырды. Оның оптика, астрономия, математикадағы еңбектері – осы салалардың дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Ньютонның ғылым тарихындағы ең басты жаңалықтары - классикалық механиканың негіздерін қалау; бүкіләлемдік тартылыс заңын ашу және осы заңның негізінде аспан денелерінің қозғалыс теориясын құру. А. Эйнштейн сөзімен айтсақ, «Ньютонның ой лабороториясына енуге кішкене болса да әрекет жасайық».
Жаңа заман ғылымының қалыптасуында Ньютонның әдістемелік идеялары үлкен маңыздыға ие болды. Ол кейінгі жаратылыстанудың негізін қалады. Галилейдің ойларын дамыта және нақтыландыра келе, Ньютон физикалық денелердің, объектілердің математикалық бейнесін жарылыс ғылым зерттеуінің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қолданды. Математикалық жоба берілген тәжірибелер мен байқауларды тексеру және интерпретация құралына айналады. Ньютон еңбектері ғылымның таным пәнінің математикалық құрастырылуында, әдістемелік орнығуына бастама салды. Ғылым білімнің ақиқаттығы жөніндегі сұрақ әдістемелік орнығуына бастама салды. Ғылым шешіледі. Осы теорияны бастау және нәтижелер мен қорытындылар жүйесі арқылы немесе аксиомалар арасындағы сәйкестікті тексеру арқылы шешілетін мәселеде қарама-қайшылықтардың болмауы теорияның ақиқаттығын дәләлдейді, күәландырады. «Бостандықтардың» ақиқаттығы жөніндегі сұрақ әр түрлі негіздер (сәйкестіктер жиналған уақытта, аномалия, өзгеде қағидалар орын алғанда) бойынша оларды жаңадан түсіну немесе ауыстыру қажеттілігі туғанша ғылым аясынан тысқарыланады. Ғылым ойлаудың қайта құрылу кезінде қағидалар келесі мәселеге айналады.
Сонымен «бостандықтардың» ақиқаттығы қағидалармен шындықты сәйкестендіру емес, ғылыми бағдарламаны тиімді дамыту негізінде бекітіледі. Оның құрамына теориялардың кезектілігі, зерттеудің ортақ тақырыбы, іргелі әдістемелік идеялар кіреді. Табиғи философия үшін іргелі болып саналатын тартылыс мәселесін қарастыра келе, Ньютон ғылым аясында гравитация сұрағын қоюдан бас тартады. Оның пірінше, осы сұрақ үшін жеткілікті тәжирибелік негіз жоқ. Тартылыс заңы физикалық және астрономиялық құбылыстарды бақылауға, нақты сипаттауға мүмкіндік беретін әлемнің физикалық, математикалық үлгісінің қажетті бөлігі ретінде енгізілді.
18 ғасырда жаратылыстанудың, әсіресе физиканың алдында туындаған жаңа мәселелерді шешу үшін жетілдірілген матаматикалық құрал қажет болды. Ньютон мен неміс философы, математигі Берлин ғылым академиясының ұйымдастырушы мен тұңғыш президенті Г.В. Лейбництің еңбегі сонда, олар бір-бірінен тәуелсіз түрде жоғарғы математиканың және ең маңызды бөлімдерінің бірінен тәуелсіз түрде жоғарғы математиканың және ең маңызды бөлімдерінің бірі – дифференциалды және интегралды есептеудің негізін қалады, Ойлап шығарылған матаматикалық құралдың қолданылуы қазіргі ғылымның әр саласында кең таралған. Ньютон мен Лейбниц тұжырымдарының айырмашылықтары бар. Лейбниц таза анализдік (объективті шындықтықтың процесстеріне қатыссыз) дамуға негіз болған абстракты ұсынуларды қолдайды, ал Ньютон болса, математиканы физикалық зерттеулердің әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Ньютон бойынша, математика – физикалық механикалық процесстердің абстрактыланған көрінісі.
Ньютон мен Лейбниц шектерінде есептеу негіздері толық түрде жетілмеген еді. Мысалы, шексіз аз элементтер нөл немесе белгісіз болды. Оған қарамастан, математик, физик Л. Эйнер (1707-1783 жж.) мен француз механигі Ж. Луи Лаграняс (1736-1813) еңбектерінде тамаша қорытындылар берілгендіктер, геометрия, механика, физиканың маңызды есептердің басым бөлігін шешуге мүмкіндік берді.
Мынандай сұрақ туады: қисындық алғышарттардан осындай құнды қорытындылар қалай пайда болды? 18 ғасырдың соңғы он жылдығында дифференциалды және интегралды есептеулердің жеткіліксіз қисындық негіздері жалпыға белгілі және жалпы жұрт қабылдаған еді. Математика негіздерінің екінші дағдарысы орын алды. Алғаш математикалық дағдарыс ежелгі грецияда Пифагор мектебінде өлшеусіз шамалардың ашылуымен байланысты. Бірте – бірте физиканың математикалануы мен шексіз аз мәндердің көмегімен табиғат құбылыстарын зерттеу негізінде нәтижелер математиканыі жаңа тармақтарының пайда болуына үлес қосты. Механикалық және физикалық құбылыстарды ортақ зерттеу оларды түсіндіретін дифферанциалды теңдеулердің орнығуына әкеп соғады. Механика мен гидродинамиканың математикалануы вардяциялық еселеудің дамуында ынталандыру рөлін атқарды. Қисықтар мен тегіс бетті дифференциалды әдістермен зерттеу дифференциалды геометрияны туындатады. Аталған тармақтардың барлығы шексіз аз өлшемдері есептеуден пайда болды.
Бірде И. Ньютон әрқашан математика және филисофия жөнінде ойлатынын байқапты. Ол тартылыстың шын мәнінде бар екендігіне, біз баяндаған заңдарға сәйкес әрекет ететіне және аспан денелерінің барлық қозғалыстарына түсінік беруге жеткілікті екеніне сенді. 1694 жылы досы Эдлонд Галилейдің ықпал етуімен, Ньютон тартылыс жөніндегі еңбегін жариялауға дайындық жүргізді. Галилей аталмыш еңбектің бірінші томын редакциялап, шығындардың басым бөлігін мойнына алды. 1687 ж. Ньютонның «Табиғи философияның математикалық бастаулары», толық анықтылықты жеткізу үшін Ұлы математиктердің өздеріне жүз жылдай уақыт керек болды.
Ньютон өмір сүрген кезде Жер мен күннің денелерді тартатындығы белгілі еді. Сондықтан екі тартылысты бір теория шегінде біріктіру туралы мәселеге талқыланған. Осы жалпы ойларды Ньютон математикалық есепке айналдырады да, ойлап тапқан математикалық әдісімен дұрыс шешімін табады. Ескеретін жайт, Ньютон тартылыс күшінің физикалық табиғатын анықтауды мақсат етіп қойған жоқ.
Аңыздарға сәйкес, жер мен күн тартылыстарының ұқсастығы туралы ой Ньютонға тал бұтағынан құлап бара жатқан алманы байқаған сәтте келді.
Неміс математигі Карл Фридрих Паусс пікірінше, бүкіл әлемдік тартылыс заңын қалай ашты деген сұрақтармен маза бермеген адамдардан құтылу үшін Ньютон бүкіл оқиғаны ойлап тапты. Ньютонның досы Стуклейдің ойынша, аңыздың негізделгені ешбір күмән келтірмейді. Басқа сөзбен айтсақ, Ньютон көзінше құлаған алма, дүние туралы білімнің өсуіне септігін тигізер.
Жер мен аспан қозғалыстарынының зерттеулеріне мықты негіз беру мақсатымен, Ньютонның «бастауларында» ұғымын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет