Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Түсіндірудің негізгі қасиеттері мен функциялары



бет55/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Түсіндірудің негізгі қасиеттері мен функциялары:

  • түсіндіру жалпы заңдарға негізделген; бір заңдылықты басқа жалпылау заңдылық арқылы түсіндіруге болады;

  • түсіндіру екі бөлікті құрылыстан тұрады: экспланандум – құбылыстың сипаттамасы, эксплананс – сол құбылысты түсіндіру үшін ұсынылған пікірлер классы; эксплананс келесі кезеңде тағы екі подклассқа бөлінеді: біреу –шарттарды түсіндіреді, келесісі – жалпы заңдарды; экспланандум логикалық тұрғыдан эксплананстан шығу керек, осы эксплананстың адекваттілігінің логикалық шарты; эксплананс эмпириялық материалмен дәлелденіп, ақиқатты болу қажет, бұл адекваттіліктің эмпириялық шарты; түсіндірудің толық емес түрі эксплананстың жартысын жәй қабылдайды; себептілік заңдар статистикалық заңдардан ерекше, себебі, екінші перспективада нақты оқиғалардың процентін сол шартқа сәйкес нақты құбылыстарда айқын дейді.

Гемпель табиғи және қоғамдық заңдардағы себептілік принциптің жұмысы ұқсас және оларға ортақ дейді, «телеологиялық» түсіндіру биология т.б. ғылымдарда маңызды. Олардың эвристикалық негіздері; антропоморфтік қасиеті /біз сеземіз сол түсінікті/ туралы Гемпель ойларын айтқан; Гемпель эмердженттік анықтамаға да назар аударады, ол психологиялық тұрғыдан құбылыстардың «жаңа», андаусыз, ал теориялық тұрғыдан түсінікке сиымайтын, күдікті қасиеттерінің пайда болуы. Бірақ Гемпель бұл мәселенің шешімінде қателеседі, себебі, эмердженттік принципиалдық тұрғыдан күдіктілігі мен шеңберге сиымайтындығы болмыста бар, универсумның жойылмайтын атрибуты, вариативті, іс-әрекеттерін де түсіндіру қиын.


Магистранттың өзін-өзі тексеруіне арналған сұрақтар:

  1. Ғылымның қалыптасуында ежелгі Грек кезеңінде қандай мәселелер көтерілген?

  2. Орта ғасырда ғылымның негізгі мәселелері?

  3. Жаңа заман ғылымының қойылған мәселелері?

  4. Қазіргі неклассикалық ғылымның Вена ұжымына қатысы қандай?

  5. Протоколдық пікір деген ұғымның мағынасы.

  6. Радикалдық физикализм деген ұғымның мағынасы.

  7. Экспланандум және эксплананс деген ұғымдардың мағынасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет