Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет53/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Отто Нейрат (1882-1945 жж.), австриялық философ, экономист, Вена ұжымынң белсенді өкілі. Голландия мен Англияда эмиграцияда болған, Оксфорд университетінде сабақ берген. Отто Нейрат екі мәселе бойынша радикалдық позицияларды ұстанған: протоколдық пікірлер және ғылым бірлігі. Протоколдық пікірлірдің басқа пікірлерге қарағанда ешқандай өзгешелігі жок; ақиқаттың мөлшері – ғылымның дәлелінің қайшысыздығы; осындай пікірлер басқа ғалымдар мен бірге, пікірталаста протоколдыққа ұсынылынады; келісім ғалымның өзінің тұлғалық жеке шешімі; осылай Нейрат конвенциализм мен логикалық позитивизімді біріктірген.
Нейраттың пікірінше, философияның басты мақсаты – білімнің бірлігін құрастыру. Бұл жерде тағы радикалдық физикализм /физика мен математиканың тілдерінің арқасында универсалды тіл мүмкін, ол ғылымды біріктіретін тіл/ үстемді. Тіл арқылы ғылыми білімнің келесі мәселелері шешіледі: ғылымдардың арасында логикалық байланыс жасау; ортақ методологияны құрастыру; ғылым классификациясын құру; негізгі анықтамаларды анализдеу. Ғылым классификациясында ол дәстүрлі бөліктерден айырылуға шақырды; унификацияландырылған ғылымда табиғатта, қоғамда бір, бәріне ортақ әдістермен зерттелуі қажет. Ол унифицияландырылған тілді құру идеясын дамытты; физика мен математика тілін негізгі деп санаған; Вена ұжымының құлдырауымен экономикалық мәселермен айналысты.
Вена ұжымының қызметі ғылыми қоғамдардың әйгілі мысалы, жеткілікті үлгісі болып табылады. Сонымен қатар, бұл өзгеше ағым болып, аналитикалық философияны қалыптастырды.
Вена ұжымының қызметің ғылыми нәтижелердің салмақтығы бойынша неміс-американдық философ Карл Густав Гемпель (1905-1997 жж.) жалғастырды. Аналитикалық философияның өкілі, логикалық позитивизімнің күрделі сұрақтарын шешуге тырысты; физика мен математика салаларында толық білім алды; Шлик, Рейхенбах, Карнаптың жалғастырушысы; Венада М. Шликтен дәріс алған; 1934 ж. Берлинде философия докторының атағын алып; эмиграцияда Чикаго, Нью-Йорк, Йель университеттерінде қызмет жасайды; 1955-1973 жж. Пристон университетінде, пенсияға шыққанда Питсбург, Колумбия, Гарвард ун-де сабақ берді.
Гемпель ғылым философиясы мен методологиясына үлес қосты. Оның «Мағынаның мөлшері» /1950/ шығармасында мағына мен мағынасыздықтың арасында түсіну деңгейі жатыр. Сонда алғашқы бірлік ретінде пікір жүйесін ұсыну қажет. Дәлел /подтверждение/ және «теориялық термин» мен «бақылау термин» арасындағы қатынас өзекті; «интегративтік жүйе» деген ұғымды ұсынды.
Гемпельдің «Диллема теоретика» атты шығармасы редукционизімді қабылдағанда ғылым бақылаудың нәтижелріне айналады; ал интуицияны еңгізсек, тағы да теориялық терминдер түсіп қалады. Сөтіп, қайшылық түбінде, теориялық терминдер бақылау терминдерімен шектелмес, және керісінше; терминдердің комбинациясы да теориялық терминдерді жойялмайды.
Осы ережелер жалпы ғылым философиясының теориялық ориентациясы үшін маңызды болған. «Дилемма теоретика» келесі түрде болу керек:
1. Теориялық терминдер функциясын атқарады, әлде атқармайды;
2. Оны атқармаса, оларды қажет етпейді
3. Өзінің фунцияларын атқарса, бақылау құбылыстар арасында байланыс жасайды;
4. Бірақ олар теориялық терминсіз де жасалуы мүмкін;
5. Эмпириялық терминдер байланысты теориялық терминдерсіз жасаса, олар керек жоқ;
6. Сонда теориялық терминдер функциясын атқарса да, атқармаса да, керегі жоқ.
Гемпельдің пікірінше, әр-түрлі салалардағы жағдайларды түсіндіретін, біріктіретін заңдар қажет; түсіндіру моделі бойынша ол «дедуктивті модельді» әлде «біріктіретін заңдардын моделін» шығарды; нақты сипаттау арқылы бәрін түсіндіретін жалпы заңдарға жетеміз; «эпистемологиялық пайда» шешім қабылдауында пайда болады /гипотезаны ұсыну, анықсыз жағдайда шешім қабылдау/; адамның іс-әректін тарихи тұрғыда түсіндіру мәселесінде қолданған /«Дедуктивно-номологическое в противовес статистическому объяснению» (1962)/; «Мотивы и "охватывающие" законы в историческом объяснении» деген шығармасында заңдар мен түсіндіру табиғаттану ғылымдары мен тарих ғылымындағы айырмашылықтары; ортақ тіл мен ортақ ғылым идеясына қарсы, дедуктивтік-номологиялық түсіндіру теориясын шығарды; бір құбылысты біз түсіндірдік деп қабылдаймыз, егер оның пікірлері логикалық түрде алғашқы шарттар мен заңдардан шықса.
«Тарихтың жалпы заңдарының қызметтері» /«Функция общих законов истории»/ деген шығармасында Гемпель жалпы заңдардың маңыздылығына, табиғаттану мен тарихта керектігін, әр-түрлі процедуралардың негізін құрастырады деп тұжырымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет