Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Эпистемология ғылым философиясының теориясы ретінде автономды үшінші әлеммен тығыз байланысты



бет66/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Эпистемология ғылым философиясының теориясы ретінде автономды үшінші әлеммен тығыз байланысты. Ғалым осыған дәлел ретінде үш тезисті ұсынады.
1. Дәстүрлі эпистемология екінші әлемге назар аударғансон ғылыми білімнің зерттеуіне ешқандай қатысы жоқ..
2. Эпистемология үшін үшінші объективті білім әлемін /автономды/ зерттеу шешімді мағына береді.
3. Үшінші әлемді зерттейтің объективтік эпистемология екінші субъективтік сана әлеміне, әсіресе, ғалымдардың субъективтік ойлау процесіне.
Осыларға Поппер қосымша аргументтер ұсынады:
• өрмекшінің торы оның продукциясы сияқты, солай үшінші әлем адамның табиғи продукциясы;
• үшінші әлем үстемді түрде автономды, соған бағыттылған әсерге қарамай;
• біз және үшінші әлем арасындағы байланыс арқылы объективтік білімнің өсуі мүмкін, биологиялық өсумен, яғни, өсімдіктер мен хайуан эволюциясымен объективтік білім арасында тығыз аналогия жатыр.
Үшінші әлемнің автономия туралы пікірден келесі ғылыми білімнің өсу формуласы шығады: Р - ТТ - ЕЕ - Р2, Р – мәселе; ТТ – мүмкін қате теория; ЕЕ – қатені түзету процесі; Р2 – жаңа мәселе.
«Үшінші әлемнің автономиясы, және үшінші әлемнің екіншіге және біріншіге керісінше әсер береді – барлығы білімнің өсуінің маңызды фактілері», - деп К. Поппер тұжырымдайды.
Қорыта айытқанда, қазіргі ғылым философиясында адекватты түрде толық саналатын жағдайға білімнің дамуының реалды процесі түбінде қатал бақылауға қарсы шығады. Ғылыми процестің субъектілері жарияланған ережемен емес, ішкі мотивациядан өткен логикалық, верификациялық-фальсификациялық салыстырмадан өткен, принципиалды түрде жаңа мүмкіндіктердің болуына ашық.


2. И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарлама туралы концепция.
Имре Лакатос (Лакатош) (1922- 1973 жж.) Венгрияда дүниеге келген. 2-ші дүние жүзілік соғыста антифашистик қозғалысқа қатысты. Өзінің Липщиц деген еврей фамилясын венгрлік Мольнарға (Мельник )ауыстырды, содан соң Венгрияда коммунистік үкімет орнаған соң – дүниежүзілік және европа философия әлемінде аты қалған Лакатошқа (Столяр) ауысты. 1947 жылдары Білім Министирлігінде жұмыс атқарды, диссиденттік көзқарастарына байланысты түрмеге отырды. 1956 жылдары Австрияға, одан Англияға жер аударды. Кембриджде сабақ берді, 1960 жылдары Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіндегі К. Поппер бастаған европаның «критикалық рационализмі» орталығы болған философия кафедрасында сабақ берді. Математиканың философиялық сұрақтары диссертациясын Москва университетінде дайындады. 60-70 жылдары Имре Лакатос есімі жарқын шыға бастады. Ол өзінің ұстазы Карл Поппермен пікір таластарда бәсекелесе бастады, бірақ Лакатос өз ұстазының жұмыстарын ары қарай жалғастырды. Оның ойынша барлық методологиялық концепция истографиялық, яғни тарихи болуы тиіс, ал оның бағасын ғылым тарихы беруі тиім. Лакатосты «рыцарь рационалист» деп атады, өйткені ол сыншыл рационализм приципін ұстанды. Оның «Очерки по логике математического открытия» /«Математимкалық жаңалық ашу логикасы туралы очерктер»/ деген докторлық диссертациясы кең көлемді әйгілікке ие болды, және сол диссертация негізінде жазылған кітабы «Доказательство и опровержения» /«Дәлелдер және жоққа шығару»/ жарық көрді (орыс аудармасы 1967 ж. шықты). Жоғарғы ұрпақ философтары бұл кітаптан алған әсерлері «таза бір самал жел » сияқты деп атап өтті. Бұл кітап өз оқырмандарын тез тапты, сол еңбектен цитаталар келтірілді, көптеген докторлық диссертациялардың қолданылған әдебиеттер тізімінен көруге болатын. Өз еңбегінде әдеби жанрмен дәстүрлі платондық диалогтарды еске түсірді. Лакатос математикалық білімнің дамуы жиналып қалған мәңгілік және күдікті шындықтар болып табылмайды, ол драматикалық процестер мен тұспалдан тұрады, математика басқа ғылым салаларындағы ғалымдардай «жаңалықтар ашады» деген. Лакатос шамалы, бірақ мағнасы жағынан көлемді жұмыстар жазды. Тағы бір атап өтетін еңбегі «Ғылыми – зерттеу программасының методологиясы» концепциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет