Ғылымның дамуы туралы негізгі концепциялар екі бағытқа әкелді:
Экстернализм – бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы әлеуметтік-экономикалық факторлармен және әскери істің қажеттіліктері себеп болды. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға әсер ететін – қоғамның сұранысы /заказ/.
Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің нәтижелеріне қарамай, интерналистер ғылымның нәтижелері нақты ғалымның іс-әрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады.
Ғылым тарихының қазіргі кезеңінде бұл ағымдардың мағыналық қайшылығы актуалды емес.
Ғылым философиясын философияның бағыты және философияның пәні ретінде түсіну қажет.
Философиялық ғылымның өзара әрекеті, ғылымтану /науковедение/ және ғылымиөлшем /наукометрия/ салаларымен салыстыра түсінеміз.
Батыс өркениетінде 17 ғ. бастап ғылым үстемді ролді атқара бастады. Басқа әлемдер үшін қазіргі ғылым әлі де кеш пайда болған феномен. Қазіргі ғылым христиандықтан бастап бәрін «жоққа» келтіре бастады. Сөйтіп, Еуропа өркениетінің перспективасын өзгертті.
Ғылым философиясы – ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық пән; сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысың қамтиды.
Пәні. Ғылым философиясы келесі сұрақтарға жауап беруге бағытталған: ғылыми білім дегеніміз не? Оның ұйымдастыру мен қызмет атқару принциптері қандай? Ғылым қандай әдістерді қолданады? Білім қалай дамиды? Ғылым мен ғылым еместің айырмашылығы неде? Философия, діндік сана, жалпы әлеуметтік-мәдени контексте ғылыммен қандай өз-ара байланыс түрлері қалыптасады?
Өзгеше философиялық пән ретінде ғылым философиясы 19 ғ. бастап қалыптасты, философияның қосымша ілімі ретінде одан әрі дамыған.
Ғылым философиясының қалыптасу себептері:
Институционалдық революция – профессияландыру /қызметтендіру/. Франциядағы политехникалық мектептердің пайда болуы. Германиядағы университет реформалары. Биілік табиғаттану ғылымдарында болған сон.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар ғылыми пәндер түрінде қалыптасты: саяси экономика, әлеуметтану, тарих, психология. Әдістердің өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.
Қоғам өмірінде ғылымның маңызы үстем болды.
Достарыңызбен бөлісу: |