Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ



бет4/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ: Табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым - тарихи- заттық және рухани дүниенің объективті заңдарын ашу және қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттар мен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.
Ғылымға енетін қағидалар дәлелденген және негізделген болуы керек. Күмән туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады.
Қазіргі дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы мен бірігуі, ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы - қазіргі ғылымның ерекшелігінің бірі.
Ғылымның техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету жағдайында іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.


Ғылыми білімнің ерекшеліктері:
1. идеалдылығы;
2. ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі;
3. жүйелілігі;
4. шынайы нақтылығы;
5. жаңалығы;
6. экспериментке негізделуі.
Келешекте білімнің түрлі салалары бір-біріне тең және еркін шығармашылық мақсатпен дамиды деген көзқарас басым.
Ғылыми білімнің құрылымы ғылым класификациясымен байланысты. Классификацияның қажетті өлшемдері:
1. классификация нәтижесінде ғылыми білімнің ешбір түрі бөлінбей қалмауы керек;
2. олар бір-бірін жоққа шығаруы қажет;
3. бөлу негізі бәріне ортақ болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет