Вертикалды классификация, қазіргі ғылымның ұйымдастыру түрлері бойынша 4 блоктан тұрады:
1. академиялық ғылымдар ғылым академиясы орта болған сон; фундаменталды табиғи ғылымдар /физика, химия, биология/ және гуманитарлық /тарих, тіл білімі, әдебиет/;
2. вуздық ғылымдар орталық вуз болған сон, ғылымдар фундаменталды және қолданбалыға бөлінеді; ғылыми зерттеу институттар, ғылыми лабораториялар.
3. қоғамдық ғылымдар, өздері қалыптасқан; ғылыми студенттік қоғамдар, семинарлар, рационализаторлар қоғамы;
4. соңғы кезде ғылымдардың бірігуі, интеграциясы, универсалды ғылымдарды қалыптастырды /кибернетика – бағдарламаларды өндеу және игеру туралы ғылым; қалаушысы Норберт Винер /1894-1964/ американдық ғалым, математик; синергетика - әлем өзідік құрылысқа дайын жүйе; дүниенің бейнесі кездейсоқтық себептермен негізделеді; флуктуация – ауытқу, толқу; бифуркация – екіге бөліну, осылардан жүйенің сапалық өзгерістері басталады; синергетиканың бастаушысы, физика мен химия салаларында әйгілі, атақты ғалым, Нобель премияның лауреаты Илья Романович Пригожин /1917-2003/; осы ғылымдармен тығыз дамитын жүйе туралы жалпы теория; бастаушы Аристотель; Платонның жүйелерінде айқын; қалаушысы Людвиг фон Берталанфи /1901-1972 /; әлем жүйелі жиынтықтардан тұрады, өзі жүйе; негізгі қасиеттері: біртұтас; структурлы, дискретті, бөлінеді; қоршаған ортамен байланысты; иерархиялық тәртіпке бағынады, субординация; өзгеше қиын, көп аспектілді. Ашық жүйенің мысалы – ғылым.
Түбінде ғылым ортақ және біртұтас жүйе. Ғылым білім жүйесі; өзгеше қызмет; әлеуметтік институт; өндіргіш күш; қоғамдық сананың түрі. Ғылым функциялары: мәдени-көзқарастық; өндіргіш күш; қоғамдық күш.
2. Ғылым тарихы мен философиясының пәндік сферасы.
Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейді.
Имре Лакатос айтқандай: «Ғылым тарихы ғылым философиясыз «соқыр», ал ғылым философиясы ғылым тарихысыз «бос»»; әлде Томас Кунның пікірінше, ғылым философиясың ғылымға жақындату үшін оның тарихына назар аудару қажет. Осы мәселені ол 3 бағыттың көлемінде қарастырған:
тарих методологиялық жалпылау мәлімет береді;
тарих методологияны ғылымға жақындатуға ықпал етеді;
тарих методологтардың құрылыстарына коррекция жасап оларды түзетеді.
Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болган сон оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
алғашқы қоғамның ғылымы /пранаука/;
антика ғылымы;
орта ғасыр ғылымы;
жаңа заман ғылымы /классикалық/;
қазіргі ғылым /постклассикалық /.
Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін әлеуметтік–мәдени астарын да қарастырады және олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды және ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады.
Екі мықты ағым - ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас және бөлінбес. Олар дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |