Теориялық әдістер – идеалдандыру, ойлау эксперимент, математикалық модельдеу, білімнің логикалық үйымдастыру, дәлелдеу, интерпретация т.б.
Эврилогия - әлеуметтік маңыздылығы бар, жаңалық, жаңа идея, жаңа теория мен жасамды материалды объектерді жасау жолдар мен тәсілдер туралы ғылым; шығармашылық теория оның синонимі болып табылады; объектке бағытталған пікірлер+шығармашылық процесстердің психологиялық механизмі+ шығармашылықты меңгеру, продуктивтік турін нығайтатын себептерді қамтитын хронотоптік пікірлер; 3 бөліктен тұрады: шығармашылықтың онтологиялық негіздері, шығармашылық процесстің нерв жүйесімен ми өзгешелімен байланыс түрі, индивидуалды шығармашылықтың өзгешелігі туралы /методикалық шығармашылық туралы теория қазір актуалды/.
Методологиялық сана – продуктивті зерттеу іс-әрекетке жету үшін және ғылымдылықтың мөлшері туралы ғылыми ұжыммен қабылданған пікірлердің жиыны, кең түрде ғалымдармен профессионалдық қызметінде қолдалынады.
Метатеориялық танымның әдістері – ғылыми теориялардың негіздерін талдау, ғылымның мазмұны мен әдістерінің философиялық интерпретациялау, ғылыми теориялардың әлеуметтік және практикалық қажеттілігіне баға беру т.б.
1. Методология танымның ғылыми әдістер туралы ілім.
Қазіргі ғылым туралы теорияның маңызды бөлігі – танымның философиялық методологиясының мазмұны – яғни осы білім сферасының принциптерін, негіздерін, норма, ережелері мен әдістердің жүйесін шығару. Методология болашаққа бағытталған. Ол өзі ғылым тарихы, философия тарихы, гносеология, аксиология, онтологияменде тығыз байланыста. Ол теория мен әдістің екі тұтастығы болады. Әр түрлі ғылымдарда, білім сфералары мен практикалық объектілерде теориялық және методологиялық жағы тығыз қатыста. Гегель айтқандай: «Әдіс мазмұнның сыртқы түрі емес, ол оның жаны мен анықтамасы».
Таным әдісі объектке қайта әкеліп, оны терең түсіндіріп, заттардың идеалдық конструкцияларын құрастырып, сөйтіп, онтологиялық түйіндер мен дүниегекөзқарастық ұстанымдардарға тәуелді.
Адам білімі – объектке бет бұрған сон – ол теория, ал субъектке қатысты болса – ол методология.
Методология дегеніміз білім қалыптастыру процесі – оны адамның-танушының қызметінің нәтижесі деп түсінеміз. Сөйтіп, олар онтологиялық тұрғыдан негізделеді.
Теория мен методологияның қайшылығы жоқ, бір-біріне үстемді емес, теорияның негізінде әдіс жатыр.
Философия нақты ғылымдарға әдістер ұсынады:
универсум туралы жалпы концепция, реалдылықтың жалпы негідерін жасау;
осы реалдылықты танитын жалпы методология – универсалды әдістердің жиыны.
Методологияның тарихи және логикалық қалыптасуы келесі кезеңдерден тұрады:
теорияның онтологиялық негіздерін қуру /материалдық, идеалдық, әлеуметтік т.б./;
болмыс сферасының идеалдық моделін құрастыру, теорияны шығару;
сол объекті зерттеу үшін оның моделін оптималды әдіс пен методология жүйесін негіздеу үшін қолдану; философиялық методологияның мәні болып табылады;
теория мен методологияны реалды өмірді өзгерту үшін қолдану.
1 мен 2 – методологияның базисі; 4 – практикалық қызметі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |