Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет12/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

сциентистік ғылым философиясының нұсқауы – 20 ғ. мәдениетінде ғылымның статусын өзгеше анықтайды; ғылым мен метафизиканың демаркациясын өткізу; сапалы тұрғыдан әр-түрлі теориялық құрылыстарды ортақ эмпириялық негізге келтіру;

  • антисциентистік бағыт, ғылымды оған сай емес ұстанымдар мен мәліметтерден тазарту /К. Хюбнер, Т. Роззак, П. Фейерабенд аттарымен тығыз байланысты/; олардың пікірінше ғылыми және ғылыми емес білімдер тең, басқа қоғамдық сананы баспау керек, жаттық ойлау мен догматиканың мәліметі.

  • кейбір зерттеушілер ғылым философиясын ғылым әдістері мен оның нәтижелерімен енгізіледі деп /Р. Карнап, М. Бунге/; оны табиғаттану мен гуманитарлық білімдер аралығында жатыр дейді /Ф. Франк/; ғылыми білімнің методологиялық талдауын оның мақсаты деп санайды /И. Лакатос/; философия ғылыми идеологиялық спекуляцияға беріліп зиян әкеледі деген /П. Фейерабенд/;

    7. Дж. Лоузи ғылым философиясының типологиясын былай жеткізген: ғылым философиясы ғылымға сүйенетін, негізделетін дүниетаным болып табылады; ол ғылыми ойлау мен әрекетпен тығыз байланысты, түсінік экспликациясы және ғылым теориясын болжау; ғылым философиясы - әдіснамалық ғылым. Осы типология қатысты, ғылым философиясын әр-түрлі ғылымның даму модельдерін зерттеу және салыстыру аймағы деп түсіну.
    Егер ғылым философиясы проблематикасын бөлшектеген болсақ, оның ХХ ғ. бірінші жартысында қамтылған мәселелері:

    1. әлемнің тұтас ғылыми бейнесін құрау;

    2. детерминизм мен себептердің зерттеулердің өзара әрекеті;

    3. динамикалық және статистикалық заңдылықты зерттеу;

    ХХ ғ. екінші жартысында ғылымның эмпирикалық проблемасымен әурелескен.
    ХХ ғ. аяғы, ғылыми рационалдылық түсінігі кеңейеді. «Дәстүрлі ғылым философиясының өлімі» өмірдің параметрларында көрінеді. Яғни, әрбір ғылымның өлімі бар. Ф. Бэконмен тараған эмпиризм, Р. Декартпен тараған рационализм концепциялары ХХ жүзжылдықта ғылым философиясының «өліміне» әкеп тіреді. Осында сұрақ туындайды: келешекте әрі кеткен ғылым философиясының орнына не келеді?
    Жаңа ғылым философиясы гуманитарлық білім, өркениет, этикалық қатынас, саясат түрінде сипатталады. Ғылымға деген қызығушылықтың өзі, ғылыммен білімнің өсуіне итермелейді.
    Қорыта келгенде, ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмприкалық негіз болып қана қоймайды сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды таңдап алады. Ғылым философиясы эвристикалық потенциалды білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нәтижелерін интерпретациялауға тиіс.
    Ал, ғылым тарихының рөлі мен маңызына келер болсақ, келесі мәселерді бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, әр түрлі табиғи салалармен әлеуметтік әлемдегі ізденулерді ынталандырады; екіншіден, білім дамуының кең көлемді ауқымына ие; үшіншіден, білімге қол жеткізу жолдары, әр түрлі объектілерді игеру формалары мен тәсілдері туралы ақпаратты шоғырландырады; төртіншіден, зерттеушілердің назарын болашағы жоқ, тығырыққа тірелер жағдайларға аудара отырып, ғылым адасулар мен қателіктерге алып келетін ойлар мен гипотезалардың пайда болу мүмкіндігінен сақтандырады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   122




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет