Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет9/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Ғылым философиясы 19 ғ. – 20 ғ.
Бірінші позитивизм: Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер.
Огюст Конт (1798-1857) өзінің «Жағымды философия курсы» (1830-42) атты шығармасында қазіргі ғылым философиясын қалыптасуына ықпал ететің аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы, үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі түрде анықтайды: «Біздің әр идеямыз, білімнің әр салдары бірізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді: теологиялық әлде фиктивті /өтірік/, метафизикалық әлде абстракциялық, ғылыми әлде жағымды». Осы заңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды: спекулятивті метафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияға айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның ролі екі мақсатқа жинақталады: біріншісі – нақты ғылымдардың күрделі нәтижелерін синтездеу; екіншісі – ғылыми танымның әдістерін дамыту.
Позитивизм кең танылды, оның негізінде ғылым философиясы өзгеше философиялық пән ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы-позитивист, «Логика жүйесі» атты әдіс мәселесіне арналған шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль :

  • табиғаттанудағы индуктивті әдістер;

  • әлеуметтік /моральдық/ ғылымдардағы /әсіресе политэкономия/ гипотетикалық-дедуктивтік әдістер.

  • позитивизмнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған;

  • методологиялық монизм, әлде ғылыми зерттеу аймақтарының айырмашылығына қарамай ғылыми әдістердің ортақтығы туралы идея;

  • нақты табиғаттану ғылымдары, әсіресе физика, методологиялық стандарттың үлгісі /сциентизм/;

  • метафизика – ескірген ойлау типі болған сон, одан «жағымды ғылымды» тазарту қажет;

  • ғылыми тұсініктемелер – ол нақты индивидуалды фактілерді жалпы заңдарға келтіру.

19 ғ. аяғында позитивизмнің 2-ші түрі пайда болды, оны махизм немесе эмпириокритицизм деп атайды /Эрнст Мах, Рихард Авенариус, Пьер Дюгем, Анри Пуанкаре /конвенциализмнің негізін қалаушы/. Оның негізгі себебі - физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа әкелген оқиғаларды келесі жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды, кейбір ғалымдар материализмнен бетбұрды.
«Екінші позитивизм» махизм мен эмпириокритицизмді біріктіреді. Махизмнің салушысы австриялық физик, философ Эрнст Мах, эмпириокритицизімді салған ал – швейцарлық философ Рихард Авенариус. Атаулары ұқсас болғансон оларды махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды. Махизм нақты түрде материализм көзқарасын жоққа шығарып, Берклидің субъективтік идеализімін жақтайды.
Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип – «ойлау экономиясы» деп аталады. Осындай принципті Авенариус «үнемді күш жұмсау» деп ұсынған. Осы екі принциптің мағынасы –«экономды», «үнемді күш жұмсап» ойлау дегеніміз, құбылысты түсіндіру емес, жәй сипаттау.
Сөйтіп, махизм үшін субъективті идеализм - дұрыс. В.И. Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» атты шығармасында осыларды сынға алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет