Методология – білімді практикалық тұрғыдан қолдану, құрастыру, жаңғыртудың эффективтік тәсілдерін орнату принциптерінің жүйесі.
Эпистемология – (грекше таным, оқу, сөз) таным теориясы, гносеология. Бұл термин американ, француз және неміс философиясында кең қолданылған. Терминнің шығуы философияны онтология және эпистемологияға бөлген шотлан философы Дж. Ф. Ферьеден туындайды («Метафизика негіздері», 1854 ж.).
Рационализм – таным теориясын ақыл-ойдың көмегімен қолдану. Рационализімге сүйене отырып, жалпылық және қажеттілік жетілген білімнің логикалық белгісі, оның тәжірибесінен және жалпылығынан бөліп қарастырмайды. Олар ақыл ойдан және түсініктен, яғни ақыл-ойдың туғанынан бастап беріледі (Декарттың теориялық идеялары) немесе ойдың болжамы ретінде түсініктен алынған.
Эмпиризм – таным теориясы туралы ілім, ол бойынша ақиқатты тәжірибе арқылы тануға болады. Бұл ілім сезімдік тәжірибені білімнің жалғыз қайнар көзі деп есептейді, барлық білім тек тәжірибе арқылы келеді дейді.
Сенсуализм – сезім түйсіктері арқылы дүниені танып білу. Бұл білім саласы танымды сезіну арқылы танудың бір бөлімі.
Солипсизм – (solo – жалғыз, ipse - өзім) – субъективті идеализмнің шекті түрі.
Агностицизм – (гр. білім және жоққа шығару) әлемді толық танып-білуге болмайды деп қарастыратын білім саласы.
Методология принциптері - әдістер, тәсілдер, методикалар жүйелердің негізгі ережелері мен негізі болып табылады.
Эмпириялық білім – рационалды білімнің төменгі түрі, эмпириялық объектерді бақылау операцияның нәтижелері мен эксперименттердің қорытындысын ойлау арқылы түйіндейтін және тіл тәсілдер арқылы қорытындалатын білім.
Эмпириялық танымның әдістері – бақылау, эксперимент, сипаттама, абстракциялау, индукция, материалдық модельдеу, экстраполяция т.б.
Теориялық білім – білімнің эмпириялық пен метатеориялық деңгейлердің арасындағы білім; өз пәндігімен эмпириялық білімнен ерекше; олар – идеалдық объектілер; логикалық ұйымдастыру деңгейі жоғары; дедуктивтік-аксиоматикалық әдістер арқылы дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |