Негізгі методологиялық принциптер:
1. Даму принципі - бүкіл заттар мен құбылыстарың өзгеруі, дамуы, бір-біріне көшуі туралы принцип. Осы принцип философиялық білімнің шеңберінде – диалектика ілімін қалыптастырды; өзіндік дамуы өзара жақтарының қайшылығымен негізделеді. Философия тарихында Табиғи және әлеуметтік болмыстың универсалды дау қасиетін Гераклит байқаған. Келесі жүйелі философия осы принципті негізгі түріне айналдырған Г.Ф.В. Гегель.
Даму принципі зерттеушіден келесі талаптарды сұраныс етеді:
процессуалдық әлде тарихи, диалектикалық подходты қолдану;
процессуалдық талдау келесі категориялық аппараты қолданады /прогресс, функияландыру, өзгеріс, даму, регресс, эволюция, революция т.б./;
диалектиканың негізгі заңдылықтарының әсерін игеру;
даму шеңберінде жалпы мен нақты, мән мен қубылыс, түр мен мазмұн, мүмкіндік пен реалдылық, арасындағы қайшылықты ескеру.
2. Детерминизм принципі /анықтаймын/ - бүкіл әлемдегі процесстер, табиғат пен қоғамның жалпы заңдылыққа, себептілікке негізделетіндігің анықтау. Теологиялық детерминизм /құдай себеп/, космологиялық детерминизм /табиғи процесстердің нақтылығы/, кездейсоқтықты жоққа шығару /индетерминизм/.
Детерминистер – Спиноза, Гегель, Маркс; индетермистер әлде волюнтаристер – Шопенгауэр, Ницше.
Детерминизм принципі зерттеушілерді заттардын терең себептеріне назар аударуға, пайымдауға шақырады.
Қазіргі кезеңде детерминизм принципін қолдану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:
Қазіргі детерминизм түсінігі Пьер Лапластың /классикалық/ түсінігінен ерекше; кездейсоқтықты ескереді.
Әр сфераның өзгешелігін ескеру қажет, мысалы, табиғаттағы детерминизм өзгеше болса, сонша қоғамда да өзгеше болуы мүмкін.
3. Жүйелі принцип – бүкіл әлем бір-бірімен байланыста тұратын тұтас дүние. Материалды, әлеуметтік, абстракциялық жүйелер бар.
Осы принципті қолданудағы келесі ескертулер бар:
зерттеуге құрылыстық-функционалды подход;
зерттеудің өзін жүйелі түрде ұйымдастыру;
типологизациялау, классификациялау деген таным тәсілдерді қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |