Ғылым тарихы және философиясы



бет106/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

«әдістемелік плюрализм» деп аталды, өйткені ол постпозитивизмнің шығармашылық әлеуетінің енді сарқылғанын көрсетті.
Дегенмен постпозитивизмнің әр ағымының қазіргі заманғы ғылым философиясында кең пайдаланылатынын атап өткен жөн.

      1. структурализм


Позивитизмнің негізгі бағыттарына структурализм өте тығыз жа- насады. Бұл – XX ғасырдың гуманитарлық танымындағы бірқатар бағыттардың ортақ атауы. Олар құрылымды, яғни әртүрлі өзгертулер мен түрлендірулер барысында орнықтылықты сақтауға қабілетті бірбүтіннің элементтері арасындағы көпдеңгейлі қатынастардың жиынтығын айқындауға байланысты.

Структурализмнің даму үдерісі бірқатар кезеңдерді қамтиды:


  • әдістің қалыптасуы – бәрінен бұрын құрылымдық лингвистикада;


  • әдістің барынша кең таралуы;


  • әдісті барлық ғылымдық тұжырымдарға енгізу нәтижесінде оны айқындықтан айыру;


  • сынау және өз-өзін сынау, постструктурализмге өту.


Бағыттың өзі Францияда пайда болды және ол швейцарлық тіл ма- маны Фердинанд де Соссюрге (1857-1913) байланысты еді. Ол алғаш рет тілді жүйе (құрылым) ретінде қарауды ұсынды, тіл лингвистикасы


мен сөйлеу лингвистикасының шекарасын ажыратты, синхрония (гр. sinchronis – бірмезгілдік, дәл сәйкестік) мен диахронияны (гр. – dia – арқылы, chronos – уақыт – тілдің уақыт ішінде ауысуы) бөліп көрсетті. соссюр – бір жағынан, интроспекционизмнен (лат. – intospectare – ішке үңілу), екінші жағынан, фактілерді позитивистік қосудан бас тартуды талап ететін Еуропадағы құрылымдық лингвистиканың негізін салушы болып табылады. Оның бағдарламасы фактілерді эмпириялық
жинақтау сатысынан теорияларды құру сатысына өтуге байланысты.
Сондықтан, егер басында структурализм ғылыми әдістеме ретінде пайда болса, ал кейіннен ол басқа салаларға да таралды. Олар:
  • мәдениетті зерттеу (Ю.М.Лотман);


  • этнография (К.Леви-Строс);


  • психикалық талдау (Ж.Лакан);


  • әдебиеттану және көпшілік мәдениеті (Р.Барт);


  • ғылым тарихы (М.Фуко) және басқалары.


Сонымен, француз философы және мәдениет тарихын зерттеуші мишель поль Фуко (1926-1984) өзін ешқашан структуралист санамағанмен, оның жеткілікті дәрежеде бүтін шығармашылығында структурализмнің үрдістері айқын байқалады, өйткені ол мәдени негіздің (эпистем) инварианттық пішін үйлесімін іздеумен айналыс- ты. Ол диахрондық факт жинаушылықтан бас тартып, басты назарын мәдениеттің лингвистикалық-семиотикалық1 механизмдеріне аударды (бұл әсіресе «Сөздер мен заттар: гуманитарлық ғылымдардың археоло- гиясы» (1966) атты еңбегінен көрінеді).


Осының бәрі, сондай-ақ барлық «антропологиялық қиялдардың» мәселелері оның көзқарасын структурализм идеясына жақындата түседі.
Француз зерттеушілері арасында өзін структуралист деп ашық жариялаған жалғыз адам – этнолог, құрылымдық антропология тұжырымдамасын құрушы клод леви-строс болды. Өзінің фило- софиясын ол сезімдікті ұтымдылыққа ұштастыруға ұмтылатын «аса жоғары рационализм» деп атады. Философия, оның ойынша, шын мәнінде «ғылымды уақытша ауыстырушы», ал соңғы өзінің дамуы шамасына қарай философиялық мәселелер саласын табысты игереді. Ғылымның өзін ол оның құрамына әдетте таза философиялық деп сана- латын көп мәселелерді енгізе отырып, барынша кең түсіндіреді. Сөйтіп, Леви-Строс, Руссодан кейін, этнологияның негізгі міндеті – табиғаттан

1 Семиотика – тілдік таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым саласы.
мәдениетке өтуді зерттеу деп санайды. Аутентистік (гр. – authenticos – шынайы, бастапқы көзден шығатын) структурализм философиясының сипаттамасын «трансценденттік субъектісіз кантиандық» (Кант ілімі туралы сөз болып отыр. – Аудармашы) ретінде қабылдай отырып, ол өз тұжырымдамасында субъектінің болмауы фактісінен құрылымдық антропологияға нысанға айналған ойлаудың нақтылығына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік беретін артықшылық көреді.
Леви-Строс шығармашылығында структурализмге батыл жатқызуға болатын ерекшеліктер айқын көрінеді. Олар:
  • «тарихқа» қарсы қойылған структурализмге сүйену;


  • субъектіге қарсы қойылған тілге сүйену;


  • санаға қарсы қойылған санадан тыс әрекетке сүйену. Структурализмнің тағы бір маңызды ерекшелігін айту керек: ол –


тәртіптілік арасы. Оның үрдістері халықаралық болды, бірақ олар әр жолы әртүрлі жағдайларда іске асырылды.


Барлық философ-структуралистер немесе соларға жақын болғандар қоғамның: тіл білімі, психология, тарих, этнография секілді аса күрделі құбылыстарында әртүрлі өзгерістер жағдайында өзгермей, сол қалпында қалатын (инварианттық) құрылымдарды тапты. Алайда құрылымның кейбір элементтерінің орнын ауыстырып қою арқылы олар нысанның кейбір жаңаланған, түрлері өзгерген формаларын алуға тырысты. Сөйтіп, бір топқа жататын заттардың әлдебір жиынтығының құрылымдық айырмашылықтарын зерттей келе, құрылымның солардың негізінде жатқан дерексіз инвариантына жетуге болады. Мы- салы, әлем халықтарының әртүрлі тілдерінде біртұрпатты қайсыбір құрылымдардың бар екені анықталды, олар да адамдардың ойлауын- да «қалыпты» және «қалыптан тыс» күйінде ашылған; бір-бірлерінен континент, теңіздер және басқалары арқылы алшақ жатқан түрлі-түрлі халықтардың мифтерінде біртұрпатты құрылымдар табылған.

1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет