генрих Риккерт (1863-1936) – осы мектептің басты өкілдерінің бірі: «Танып білу – ол құндылықтар ретіндегі шындық негізінде ой- лау», – деп санады. Ол 1921 жылы «Философия жүйесін» жазып, онда құндылықтар теориясын жүйелей отырып, құндылықтардың алты са- ласын ажыратты:
логика – шындық құндылығының саласы;
эстетика – ең жоғарғы құндылық саласы;
мистика және тұлғасыз қасиеттіліктің мұраты;
этика, онда моральдық үстемдік етеді;
эротика және бақыт мұраты;
діни философия – тұлғаның қасиеттілігі саласы.
Бұл салалардың әрқайсысына төмендегілер сай келеді:
а) әлдебір игілік – ғылым, өнер, біртұтастық, еркін қауымдастық, сүйіспеншілік әлемі, ғажайып әлемі;
ә) субъектіге әлдебір көзқарас – ой-пікір, түйсік, өзгеше қадірлеу, дербес әрекет, бірігу;
б) әлемнің белгілі бір түйсігі – интеллектуализм, эстетизм, мисти- цизм, морализм, эвдемонизм, теизм немесе политеизм.
Әсер ету күші және беделділігі бойынша неокантиандық артына сол заманғы философиялық мектептер мен ағымдарды ғана қалдырып қойған жоқ, сонымен қатар мәдени, әлеуметтік өмірдің барлық сала- ларын, тіпті теология, әлеуметтену және жұмысшы қозғалысын да түгелдей айқындайтын әлдебір іргелі дүниетаным рөліне деген өз пікірлерінде философия шектерінен шығып кетті.
Феноменология және оның екі тармағы
Феноменология (гр. phenomenon – құбылыс) – ол оқиғалар мен іс- әрекеттерді сол қалпында суреттеуге ұмтылатын философиялық мек- теп. Оның өткір сыны нақты деп жаратылыстану ғылымдары сипаттап бергенді ғана қабылдау үрдісіне қарсы бағытталған. Феноменология біз пайдаланатын күнделікті заттарды олар алдымызда қалай тұрса, солай етіп сипаттауға тырысады (мысалы, қарындаш атомдардың жиынтығы ретінде емес, өзінің тікелей қолданылу қызметіне қарай сипатталады). Феноменология ғылыми онтологияға негізделген, яғни жараты- лыстану ғылымдарының түсінігі ғана заттарды қалай болып табыла- тынына қарай қамтитын теорияға сәйкес бірмөлшерлі стандарттауға
қарсы тұрады. Ал іс жүзінде бұл тіпті де олай емес.
Феноменология құбылыстарды, яғни күнделікті тіршілікке қажетті заттарды ғана емес, сонымен қатар адамдардың әртүрлі жағдайларда қалай көрінгісі келетін ниеттерін де суреттейді: оның Ғаламды оған тән барлық сапа-қасиеттерімен бірге толық және әр қырынан қайта құрғысы келеді.
Осы заман феноменологиясы, қалай болғанда да, соның негізгі ұстаным-дарын әзірлеген неміс философы және математигі Эд- мунд гуссерльдің (1859-1938) тұжырымдамасына байланысты. Оған дейін адамдар феноменологияны қызығушылық тудырып отырған құбылыстың кез келген түсіндірілуінің алдында болуға тиіс сипаттамалық зерттеу деп ұғынған.
Гуссерль өте қарапайым адам болатын. Өмірінің соңына дейін өзін жаңадан бастаушы деп санады және одан артықтан үміттенбеді, үнемі
өзінің ой-пікірлеріне күмәнданып жүретін. Сол себепті бар өмірін ізденіспен өткізді, бұл замандастарының оны «бітпейтін міндеттердің» философы деп атауына негіз болды. Ол қайтыс болған кезде билікке нацистер келіп, Гуссерльдің бар мұрасын өртеуге бұйрық берді. Алай- да достары оның мұрағатын құтқарып қалды (шамамен 45000 бет).
М.Хайдеггер «Болмыс және уақыт» атты шығармасында: «Фено- менология» термині бәрінен бұрын – әдіс тұжырымдамасы дегенді білдіреді... Оны: «Артқа, заттарға қарай!» – деп тұжыру оңай. Оған қоса, бұл ауада ілініп тұрған құрылымдар мен кездейсоқ табылған нәрселерге, ұрпақтан-ұрпаққа шынайы мәселелер ретінде беріліп кел- ген үстірт қойылған мәселелерге қарсы қойылады», – деп жазды.
Гуссерль алғаш рет феноменологияны өзіне тән феноменологиялық (құбылыстық) әдісі бар, ғылымның іргетасы болып табылатын жаңа философия ретінде қарады. Оның мақсаты – ғылым жайындағы ғылым құру және бүкіл танымның, оның ішінде ғылыми танымның да негізі болатын өмірлік әлемді, күнделікті өмір әлемін ашу болды.
Алдындағылардың таным теориясын сынай отырып, Э.Гуссерль: ғылым (gronis) және пікір (doxa) деген екі ұғымды бір-біріне қарсы қояды. Еуропалық мәдениеттің тоқырауын ол осы екі ұғымның бір- бірінен ажыратылмауынан көреді. Пікір – ол көмескі, айқын емес, көбінесе нақты бір тұлғаның мүдделерімен шектелетін білім. Пікірге қарсы ол бастапқыда гректің «мүдделі емес пайыммен қарау» деген мағына беретін «теория» сөзін пайдаланды. Ойшылдың көзқарасы бойынша, теорияға негізделген философия ғана әлемнің сан-салалы, жан-жақты көкжиектеріне жетуге мүмкіндік береді.
Э.Гуссерль алдына: сананы тазарту, оның (сананың) адамның та- рихи тәжірибесіне байланысы жоқ бастапқы құрылымдарына жету мақсатын қойды. Оның феномендері – ол өз-өзінен айқын, тікелей санаға берілген құбылыстар. Феноменология өзіндік айқындығы тікелей түйсікке берілген ерекше мәндерді зерттейді. Санадағы фено- мендер (құбылыстар) адамға тіл арқылы берілген. Оған адамның жан дүниесінде пайда болып жататын әртүрлі күйзелістер де жатқызылады. Таза сананың өзгеше ерекшелігі – оның бағыттылығы (лат. intention – бағыт, бағыттылық). Әр сәтте, әр секундта сана бір нәрсеге бағытталады: «жалпы», «ештеңе туралы емес» дейтін сана болмайды. Қабылдау, есте сақтау, елестету, қалау, ойлау формалары – осылардың бәрінде де заттық мазмұн, мағына бар. Бағыттылық сананы әртүрлі мағыналармен, мәндермен толықтырады. Өз іс-әрекеттерінде адам кей- де қоршаған заттарға мағына бергенін байқамайды. Кейін оларды са-
надан тыс өмір сүретін және объективтік түрде танылатын қасиеттері бар құбылыстар деп қарайды. Ал іс жүзінде біз санаға тәуелсіз өмір сүретіндердің барлығын жақшаның сыртына шығаруға тиіспіз, өйткені объект пен субъект бір-бірімен ажырамаған күйде санамызға еніп жа- тады. Сана арқылы адам заттарды қабылдайды, оларға мағына береді және олармен өзара қарым-қатынасқа түседі. Бұл жерде, бір жағынан, танымға бағытталған іс-әрекет – ноэзис, ал, екінші жағынан, таным үдерісінде жинақталатын мазмұн – ноэма бар.
Э.Гуссерльдің пікірінше, барлық ғылымдардың негізінде, тұтастай алғанда, теориялық-танымдық үдерісте барлықтарына таныс, өмірде кең қолданылатын және адамдар оның мәні туралы ойланбайтын мәңгі
Достарыңызбен бөлісу: |