Ғылым тарихы және философиясы


Үшінші бөлім ғылым ФилОсОФиЯсы



бет120/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Үшінші бөлім ғылым ФилОсОФиЯсы

      1-тарау. ғылыми таным: Оның ҚҰРылымы, ДеңгеЙлеРі мен әДістеРі


      1. ғылыми таным құрылымы


Таным – жеке тұлғадан оның барлық маңызды күштерін: ақылын, сезімдерін, еркін, түйсігін жұмылдыруды талап ететін аса күрделі үдеріс.

Танымның нақты үдерісінде олардың бір-бірімен өзара байланыс- тылығы соншалықты, бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Алай- да теориялық тұрғыда біз оларды жеке-жеке қарай аламыз. Бәрінен бұрын, ол – сезімдік таным.


Оның негізгі формалары: сезіну, қабылдау және көзге елестету.
Адам өзін қоршаған әлеммен сезіну, түйсіну арқылы байланыса- ды. Л.Фейербах оларды інжіл, яғни әлем туралы ізгі хабар жеткізуші деп айқындаған. Біз бір затты көргенде, оның түсін анықтап, ұстап көріп, оның қатты немесе жұмсақ екенін біле аламыз, ащы немесе тәтті екенін дәмін татқанда білеміз. Әлбетте, сезінуді заттың өзімен теңестіруге де, сондай-ақ одан алшақтатуға да болмайды. Кең тұрғыда сезіну – қоршаған әлеммен бізді байланыстыра отырып, заттар мен құбылыстар туралы мағлұмат беретін ондағы нақты болмысты көрсетудің ерекше формасы болып табылады. Олар, әрине, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесінің нәтижесі де болады.
Адамның сезінуі, түйсінуі бір-бірімен өзара байланысқан: бір-бірін толықтырып, түзетіп отырады. Соның нәтижесінде, адам заттарды қабылдау мүмкіндігін алады.
Қабылдау бізге бір немесе басқа заттың яки құбылыстың бүтін бейнесін береді. Затты қабылдай отырып, адам оның барлық қасиеттерін емес, өзінің тіршілік қарекетіне керектілерін ғана айқындай алады. Мысалы, егер ерте көктемде бізгі біреу үлкен қызыл алма әкеліп бер- се, біз оның дәмі мен хош иісіне назар аударамыз, өйткені оны жегіміз келеді. Егер ол алма қолымызға күз аяқтала бергенде тисе және оның алдында біз көп алма жеген болсақ, онда оның түсіне, түріне, яғни эстетикалық жағына көңіл бөлеміз.
Адам заттарды өзінің жасы, өмірлік тәжірибесі, білімі, тәрбиесі және басқа факторларға байланысты қабылдайды. Мұрағатқа қойылған жас әйелдің мәрмәр мүсінінен біреу мүлтіксіз биік шеберлікті, ғажап сұлулықты, өмір нышанын көрсе, ал екінші біреу ұрғашының азғын нәсіпқұмарлығын көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет