Ғылым тарихы және философиясы



бет121/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

адамның көзге елестетуі енді оның санасына анағұрлым жақын, өйткені заттар көз алдыңызда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. Мысалы, ата-анаңыздың үйін, жақсы досыңызды, сүйікті затыңызды көз алдыңызға елестету қиын емес. Бұл жерде де, қабылдаудағыдай, заттың немесе құбылыстың аса маңызды жақтары ғана елес береді. Адам психикасының ең ғажап қасиеті – өткенді есте сақтау қабілеті. Мағлұматтың есте сақталуында оның негізгі екі түрін: сезімдік бейнені және сөз-түсінік формасын ажыратып көрсетуге болады.
Сонымен, сезімдік таным заттардың айнадағыдай бейнесін бермейді, оның қалыптасуына мұқтаждықтар мен мүдделер, мақсат пен мұраттар, сезімдік күйзелістер, қысқасы, адамның барлық мән- мағыналы күштері ықпал етеді.
Енді дерексіз (абстрактілік) ойлау формаларына келейік. Оларға түсініктер, пайымдар мен ой тұжырымдары жатады. Түсініктен бастайық. Онда адамға қажетті заттар мен құбылыстардың жалпы, маңызды, керек жақтары көрінеді. Кезінде Г.Гегель өте бейнелі түрде:
«Түсінік – табиғаттың жаны», – деп анықтама берген. Түсініктің мазмұнына белгілі бір топтың көптеген заттарының маңызды қасиеттері кіреді. Түсініктер, бір жағынан, қоршаған әлемнің зат- тары мен құбылыстарының сапаларын олардың бізге қажетті өзара байланыстарының бар мүмкіндігін, ал, екінші жағынан, адам ойы та- нып білетін әлемнің белсенділігі мен қуатын, нәтижелілігін көрсетеді. Түсініктерді бір-бірлерімен ұштастыра отырып, адам белгілі бір пікірге келе алады. Ол пайым деп аталады. Егер: Адам – ойлайтын тірі тіршілік иесі», – десек, онда біз ол туралы белгілі бір пайымымызды немесе пікірімізді айтқан боламыз. Бірнеше пайымды бір-бірлерімен
ұштастыра айтып, ой тұжырымына келуге болады. Мысалы:

        адам – ойлайтын тірі тіршілік иесі; нұрлан – адам;



Демек, нұрлан ойлайтын адам.
Сөйтіп, бір-бірімен ұштастырып, біз екі пайымнан жаңа ой тұжырымын қорыттық.
Адам ойлау барысында нысан туралы сезімдік деректерін түсінікке келтіруге тырысады. Нәтижесінде, әртекті сезімдік бірлік шығады, яғни жаңа білім пайда болады. Ғылыми тілде бұл санаттық синтез немесе дискурсивтік ойлау деп аталады.
Танымдық ойлау ретінде тұлғаның парасаттық (зияткерлік) қабілет- терін атауға болады. ақыл-парасат әлемді әлдебір жиынтық деп
қарауға тырысады. Бұл – адамның өз ойлау үдерісінде философиялық ойлау деңгейіне жететін ең жоғарғы қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет