Бұрмалау. Ағылшын философы К.Поппердің пікірі бойынша, эмпириялық танымның мақсаты шынайы теориялар құруда және олар- ды дәлелдеуде жатқан жоқ, себебі – ол мүмкін емес, өйткені кез келген теория ерте ме, кеш пе, өзінің осал тұстарын байқатып, ескіреді. Олай болса, оның негізгі мақсаты жалған ғылыми болжамдарды айқындап, оларды теріске шығару болуға тиіс. Бұны, есіңізде болса, ол бұрмалау деп атаған.
Білімді бұрмалаудың әлеуетті мүмкіндігі оның ғылыми сипа- тын көрсетеді. Бұрмалауға ұшыраған ғылыми болжамдарды ба- тыл лақтырып тастау керек, ал қалған болжамдардың ішінен шынайы болуы мүмкіндерді емес, әдеттегі көзқарастар аясына сый- майтын, өзгешелігімен ерекшеленіп тұрғандарын таңдау қажет. Сол жағдайда ғана ғылымның серпінді дамуын қамтамасыз етуге бола- ды. Бұрмалаудан өткен ғылыми болжамдардың орнына бірте-бірте ақпараттың көбірек жиынынан тұратын жаңалары келеді.
К.Поппер шындық мәселесіне де жаңалық енгізді. Шындық – ешқашан жеткізбейтін мұрат, біз үнемі соған жетуге ұмтылумен бо- ламыз.
Әлбетте, ғылымда бұрмалаудың рөлінің орасан зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен көптеген ғылыми болжамдардың ішінен таңдау жасағанда, әрдайым оның көпфакторлы үдеріс екенін есте ұстау керек, бірінші кезекте, бір немесе басқа теориядан келіп шығатын әлеуметтік, рухани-адамгершілік салдарларын ескерген жөн.
Экстраполяция. Экстрополяция деп жаңа ғылыми нәтиже- лерге қол жеткізу үшін, бір ғылымның үлгілерін, идеяларын, тұжырымдамаларын басқа ғылымдарға көшіру айтылады. Мысалы, А.Эйнштейн жылу энергиясы шығуының кванттық сипаты туралы М.Планк идеясын жарық құбылыстарына ауыстырып көшіре оты- рып, фотоәсер табиғатын терең түсіндіру мүмкіндігіне қол жеткізді. Әлеуметтік-гуманитарлық таным саласында құқық пен мораль нормативтік пәндер ретінде бір-бірлерінің жетістіктерін, тәжірибелерін алмастырып жатады. Экстраполяция ғылымның өзінің, ғылыми білім ықпалдастығының қажеттіліктерінен туады. Екінші жағынан, қандай да бір ғылымның бір немесе басқа идеясына ғылымның басқа сала- ларында қажеттілік тууы оның өміршеңдігін, демек, шынайылығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |