Ғылым тарихы және философиясы



бет25/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

танымдылық.

А.Августиннің ойы бойынша, Құдай – шындық, олар бір-біріне ұқсас, парапар. Сонымен бірге олар әртүрлі. Шындық – Құдайдың ойы. Бұл жерде Платонның «Идеялар әлемі» ойға оралады. Алай- да августиндік түсініктің Платон түсінігінен айырмашылығы – ол Құдайдың әлемді жаратудың алдындағы ойы.


А.Августиннің әлеуметтік-саяси идеяларын оның «жердегі және аспандағы қалалар» туралы ілімінен көруге болады. «Жердегі қалаларда» адамдар байлыққа, құрмет-қошеметтерге, атаққа ұмты- лады. Бұл жерде махаббат (cupiditas – лат. – құмарлық) болса, ал
«аспандағы қалаларда» риясыз сыйлайтын махаббат – charitas (лат. – риясыз сый) бар. Жердегі қалада адамдар өздерін әлемнің билеушісі ретінде сезінсе, ал аспандағы қаланың адамдары бәрін өздерімен бірге алып жүретін дәруіштер іспетті. Мемлекет зорлық-зомбылықпен, қарақшылардың топтарымен күресе отырып, адамдардың бірлесе өмір сүруін ұйымдастыру үшін құрылады. Бірақ, егер қоғамда әділеттілікке қиянат жасалса, тәртіпсіздікке жол ашылса, онда мемлекеттің өзі қарақшылардың үлкен бір тобына айналады.
Августин мемлекет пен шіркеуді бір-бірлеріне қарсы қойды. Егер мемлекет, оның пікірінше, күнәлардың патшалығы болса және өзін ғана сүюге негізделсе, ал шіркеу – ол Құдайға шын берілген сүйіспеншілік, ол Құдай патшалығының жердегі өкілі.
Дәл осы идеялары арқылы сенімдегі философиясын жүргізе, адамгершілік құндылықтарды уағыздай отырып, А.Августин адамгершілік және этикалық бағдарларды көрсетіп, замандастарына және барлық келесі философияларға орасан зор ықпал етті. Адамның құндылығы оның басқа адамдарға деген махаббатының дәрежесімен айқындалады. Ойшылдың сөзімен айтқанда, адамды сүй, сол кез- де қалағаныңның бәрін істе. Өз атымыздан қосарымыз: сүйетін адам жамандыққа бармайды, ол тек әлемдегі жақсылықтың және әсемдіктің санын арттырады.

      1. Схоластика кезеңі. Номинализм мен реализмнің күресі. Аквинскийдің шығармашылығы


Патристика христиандық діннің негізгі қағидаларын жүйелеуді жүзеге асыра келе, XI ғасырға қарай келесі кезеңге – ортағасырлық схоластикаға (scholastic – лат. – мектеп, ілімдік) жол ашты. Пат- ристиканың мистикалық мәселелері енді дінді зерттеушілерді қанағаттандырмайтын болды, сол себепті жаңа қағида: «credo ut intelligam» – «түсіну үшін сенемін» деген ұстаным енгізілді. Құдайға сену даусыз және басым тұрғанмен, дегенмен енді екінші орынға білімдер қойылатын болды. Оның негізгі мақсаты – діни аяндардың түсініктерін ашып көрсету, бір-бірімен қарама-қайшы келмейтіндей үйлесімдікте ұштастыру. Соған орай XI-XII ғасырларда универсалия- лар (жалпы ұғымдар) мәселесі пайда болып, кең пікірталастар жүре бастады, нәтижесінде, екі негізгі ағым: реализм (realis – лат. – шын, нақты) және номинализм (nominis – лат. – заттың атауы) туды.

Схоластиканың барынша жетіліп, дамуы – университеттерде кең пікірталастар орын алып, солардың барысында Платон идеялары жеңіліс тауып, аристотелизм жеңісін тойлайтын XIII-XIV ғасырларға келіп тіреледі.


XIV ғасырдың соңында сенім мен білімдердің үйлесімсіздігі, бір- біріне сәйкессіздігі байқала бастайды. Соған байланысты енді «екі шындық» – сенім шындығы мен білім шындығы туралы ілім кең та- ралады.
Схоластика атаулы – өз дамуының барлық кезеңдерінде өткен ғасырлардың рухани мұраларын зерттеп білу негізінде нақты өмірден қол үзген абстракциялық метафизикалық ой-пікірлер болып шықты. Сондықтан да кейіннен тәжірибе арқылы жинақталған білімдер пай- да бола бастаған кезде, схоластика өзінің бұрынғы бедел-абыро-
йынан тез-ақ айырылып қалды. Бүгінгі күні схоластика деген тер- мин мән-мағынасыз жалаң теориялау деп түсінілетін болды. Алайда универсалияларға оралайық.
Универсалиялар мәселесі схоластикаға «римдіктердің соңғысы және схоластардың алғашқысы» деген атқа ие болған Северин Боэ- ций арқылы (480-524 жж. шамасы) енді. Грек философы-неоплатонигі, Плотиннің шәкірті Порфирийді түсіндіре отырып, ол үш қиындыққа тап болды:
  • Универсалиялар, яғни туу және түрлер: жан-жануарлар, адамдар өмір сүре ме әлде өмір сүрмей ме?


  • Олар қаншалықты дәрежеде тәннен тұрады?


  • Егер олар тәннен тұратын болса, онда сезімдікпен біртұтас па? Бұл сұрақтарды Порфирий қойғанмен, олардың жауабын Боэций берді.


Аталған сұрақтың шешімінде үш ағым пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет