Ғылым тарихы және философиясы


Өнерде де сөздің кең мағынасында өмір көрініс



бет3/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Өнерде де сөздің кең мағынасында өмір көрініс тауып отыр. Көпшілік жағдайларда жазушылар мен ақындар, басқа да өнер қайраткерлері қоғам өмірінің бір қарағанда әлеумет үстінен көрінбейтін терең түбінде жатқан құбылыстарын көргендей болады және көркемдік құралдар арқылы оларды халыққа жеткізіп отырады. Мысалы, өткен ғасырдың 60 жылдарында жазушылар өз шығармаларында қоғамның болашақтағы тоқырауы туралы болжам айтқан-ды, ал ол кезде қоғамтанушылар Кремльден шығып жататын «тапсырыс санаттары»1 арқылы социализмді мадақтаумен болды.

1 Осы жерде және ары қарай: категория – санат – болмыстың жалпы белгісі туралы ғылыми ұғым. – Аудармашы.
Сөйтіп, бізді білімдерге жетелеп әкелетін «соқпақтардың» алу- ан түрлілігі туралы қорытынды жасауға болады. Енді сұрап көрейік: білімнің барлық осы формалары арасында ғылымның алатын орны қандай? Айқын болғандай, ғылым – әртүрлі білімдердің бірі ғана. Ал сонда оның айырмашылығы неде?
Ғылымның ең жоғарғы мақсаты – шындыққа жету, яғни зерттеу барысында біреулерге ұнайтынына немесе ұнамайтынына қарамастан, білімдер зерттеліп жатқан нысанның табиғатына барынша сай болуға тиіс. Екіншіден, ғылым зерттелетін нысандардың терең бай- ланыстары мен қатынастары көрінетін, ал олардың жиынтығы іштей қарама-қайшы болмайтын жүйе құрайтын түсініктерге сүйенеді. Оның үстіне, қорытындылар мен тұжырымдарды нақты өмір және тәжірибе арқылы тексеруге болатын кезде, бұл қисынды дәлелденген білім жүйесі болып табылады.
Үшіншіден, ғылымға негізделген білімдердің интерсубъективтік сипаты бар: олар сол білімдерді ашқан ғалымдардың рухани байлығы ғана емес, сонымен қатар ол білімдер іс жүзінде бүкіл адамзатқа тиесілі, өйткені бір немесе басқа ашылған жаңалықты тану – оны ашық талқылауды, ғылыми журналдарда жариялауды, ғылыми жұртшылықты барлық мүмкін болатын конференцияларда, симпо- зиумдарда алынған білімдердің нәтижелерімен таныстыруды талап етеді. Нәтижесінде, ғылыми қауымдастық ашылған жаңалық туралы өз пікірін қалыптастыру, ал керек болған жағдайда оны сынау немесе маңыздылығын тану мүмкіндігіне ие болады.
Төртіншіден, ғылыми қауымдастықтың ғылымдағы шындықтарды тек қарапайым қызығушылыққа, «білімге шөліркеуге» бола ғана аш- пайтынын атап көрсеткен жөн, дегенмен, сөз жоқ, оны жоққа шығаруға да болмайды, бірақ, негізінен, ғылымдағы жаңалықтар адамдар өмірін жеңілдету, қоғамдық байлықты арттыру үшін пайдаланылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ғылым – арнайы даярланған адамдардың шынайы өмірдің әртүрлі қырларын та- нып білуге бағытталған ерекше рухани қызметі деген тұжырым жасауға болады.
Ондай қызметті іс жүзіне асыру үшін субъект қажет. Ол субъект – шындықты іздеуге бағытталған саналы мақсатты қызметке қабілетті адам болмақ. Олар – ғалымдар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, зертханашылар және ұйымға біріккен басқа да мамандар. Ең жоғарғы философиялық рефлексия (түсініктемесі кітап соңында берілген. – Ау- дармашы) Рефлексия – 1) ойға шому, өз-өзін бақылау, өз-өзін тану. 2) фило- софияда – адамның өз іс-әрекеттерін және оның заңдарын ұғынуға бағытталған теориялық қызметінің формасы. 3) философиялық- әдістемелік рефлексия – ойға бату, толық күмәндану, қарама- қайшылықтар. деңгейінде бүкіл адамзат әлемді тану және түрлендіру субъектісі болып табылады.
Субъект бар жерде объект де бар. Объект деп зерттеушінің наза- рын аударатын, оның бойында аталған затты немесе құбылысты танып білуге бағытталған белсенді іздестіру қызметін тудыратын нәрсені түсіну керек. Адамзаттың тарихи дамуына қарай ғасырдан-ғасырға ұласып, қоршаған әлем туралы аса терең білімдердің жинақталуы орын алды, ал ол ғылыми таным нысандарын кеңейте түсуге жеткізді. Мысалы, XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында жай ғана кішкентай бөлшектердің адам көзіне көрінбейтін әлемі зерт- теу нысанына айналды. Олай болса, ғылым нысандарының әрбір адамның күнделікті өмірінде кездесетін сан мыңдаған заттар мен құбылыстардан айырмашылығы неде екені туралы заңды сұрақ туа- ды. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: күн сайын адам жанаса- тын және пайдаланатын сол мыңдаған заттарды бәрінен бұрын біздің сезім органдарымыз қабылдайды. Э.Гуссерльдің сөзімен айтқанда, бұл – біздің өмірлік әлеміміз. Ғылым нысандарын біз тек сезімдік деңгейде қабылдамаймыз, сонымен қатар олардың ішкі мәніне үңілуге, олардың жұмыс істеу немесе өмір сүру заңдылықтарын айқындауға, өзара байланыстарын және басқа заттар мен қоршаған дүниенің құбылыстарымен өзара әрекеттесуін анықтауға ұмтыламыз. Ол үшін ғалымдар бізді қоршаған нақты шындықтағы «таза күйінде» болмай- тын түсініктерді ойлап табады және оларды ғылыми танымда пайдала- нады. «Таза (мүлтіксіз) газ», «шынайы қара дене» деген ұғымдар осы тектес түсініктерге жатады.
Ғылым нысанының ішкі мәнін ашып көрсету мақсатында оған тереңдеп ену мүмкіндігіне қарай, оның жаңа жақтары мен қырлары көріне бастайды, ал ол мағлұматтың кеңеюіне, демек, зерттеудің қиындауына жеткізеді. Нәтижесінде, толық ауқымда зерттеу үшін, адамдардың үлкен ғылыми ұжымдары, қауымдастықтары қажет. ғылым нысанасы деген жаңа түсінік осылай пайда болады.
Нақты бір ғалымның зерттеу нысанасы – ғылым нысанының бір бөлшегі ғана. Мысалы, философиялық антропология – адамды зерт- теу нысаны ретінде қарастыратын ғылым. Ол салада адамды жанды табиғаттың күрделі құбылысы ретінде зерттейтін жүздеген ғалымдар еңбектенеді. Бірақ, егер Сіз адамның биологиялық табиғатын немесе оның рухани өмірін құрайтындарды зерттеумен айналыссаңыз, бұл енді Сіздің іздену нысанаңыз болмақ, өйткені бұл – нысанның бір бөлшегі ғана.
Ғылыми қызметті талдау барысында біз мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін: «зерттеу мақсаты» және «зерттеу құралдары» дейтін
түсініктерді шет қалдыра алмаймыз. Мақсат – ғалымның зерттелетін нысанның маңызды жаңа жақтарын ашып көрсетуге бағытталған зерт- теу бағдарламасы, ал құралдар – белгіленген мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын бір немесе басқа әдістер, ғалымдарды бір-бірімен байланыстырып тұратын ақпараттық жүйелер, барлық мүмкін бола- тын құрал-жабдықтар мен аспаптар, тұрақжайлар, баспа мекемелері және т.б. Адам қанша дарынды болса да, өзінің алдына зерттеудің қандай да бір үлкен мақсаттарын қойса да, егер зерттеу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар мен аспаптармен жабдықталған зертхана болмаса, ол өнімді жұмыс жүргізе алмайды, демек, алдына қойған мақсаттарына жете алмайды. Міне, сондықтан да кейінгі жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу мақсатында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің зертханаларын әртүрлі құрал-жабдықтармен жабдықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда еліміздің ірі қалаларында талантты жас мамандар тарту мақсатын көздейтін әртүрлі «инкубаторлар», «технопарктер» құрылды.
Адамның ғылыми таным саласындағы белсенді іздестіру қызметі, әлбетте, қандай да бір нәтижелерге жеткізеді. Бұл зерттелетін нысан туралы жаңа және бұрынғыдан да тереңірек білім болып табылады. Бұл не үшін қажет? Жауап қарапайым: ол қоғам өміріне инновация- лар енгізу үшін керек. Бүгінгі таңда кешігіп жеткен жаңартумен алға ілгерілеп келе жатқан қазақстандық қоғамның басты мәселесі осы емес пе еді?
Кейінгі жылдар тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл – өте күрделі үдеріс. Қоғамда болып жатқан инновациялық үдерістердегі ғылымның рөлі қандай?
Қолда бар әдебиетте аталған құбылыстың көпсатылы сипа- ты көрсетіледі. Бірінші кезекте іргелі зерттеулердің орасан зор маңызын ерекше атап көрсеткен жөн. Жаңа заманның бастамасында- ақ Ф.Бэкон «сәуле беретін тәжірибелердің» (яғни қпзіргі заманғы терминдердегі іргелі зерттеулердің) маңызды рөлін атап көрсеткен- ді. Ал олай болмаған жағдайда «жеміс беретін тәжірибелердің» (яғни қолданбалы зерттеулердің) күні көп ұзамай-ақ бітеді. Бұл айтылған сөз осы уақытқа дейін де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Осыны негізге ала отырып, ерте ме, кеш пе, адамға пайдалы жаңа заттар үлгілерін құруға жеткізетін қолданбалы зерттеулерді жүргізуге болады. Соны іске асыру үдерісінің соңында бұл жаңа бұйымдар тәжірибелік- конструкторлық ұйымдарда сериялық шығаруға дейін жеткізіледі. Егер инновациялардың осы кезеңдеріне тереңірек «үңіліп» қарайтын
болсақ, онда «таза түріндегі» ғылыми жаңалықтар іргелі зерттеулерде ашылады екен. Бірақ бұл инновациялық қызметтің жалпы көлемінің 10%-ына жуығын ғана құрайды. Осындай жағдай XIX ғасырдың соңында, яғни ғылымның өнеркәсіппен тығыз байланысты салалары пайда болғанда ғана орын алды. Ал қазіргі заманғы ғылым «ғылым – техника – технология» тізбегінде жылжып келеді және оның өмірмен байланысының тығыз болғаны соншалықты, біз ондай оқиғаларды өткен әлемдік тарихтан таба алар емеспіз. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: табиғи қажеттіліктерді, шығармашылық адамдарына тән білімге шөліркеушілікті қанағаттандыру мақсатында «таным – та- ным үшін» ғана болмауы керек, ғылымның негізгі міндеті – өмірге инновациялар енгізу.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет