Ғылым тарихы және философиясы



бет4/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Философия және ғылым

Мыңжылдықтар бойы философия «барлық ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» аталып келді. Не себепті? Бұның себебі, бәрінен бұрын, оның барлық ғылымдардың «арғы атасы», «ана- сы» болып табылатындығында жатыр, өйткені әрбір қазіргі заманғы ғылым философиядан бастау алады. Қазіргі заманғы философияның негізін қалаушылардың бірі Рене Декарт өзі математик, физик, физио- лог бола отырып, діңі – физика, ал бұтақтары барлық қолданбалы ғылымдар болып табылатын философияны ағаштың түп-тамыры жүйесімен салыстырады. Ал Ұлы Аристотель «Метафизика» еңбегінде:



«Оған (философияға) қарағанда, барлық басқа ғылымдар қажеттірек, бірақ одан жақсы ешқайсысы жоқ», – деп жария етті.
Алайда философия және оның ғылыми білімнің дамуындағы рөлі төңірегіндегі пікірталас енді мәңгілік сипат алды. XX ғасырда
«физиктер» мен «лириктер» деп аталатын, яғни гуманитарийлер мен техникалық мамандықтар өкілдері арасындағы пікірталастар толқынында оған ерекше өткір сипат берілді. Пікірталастың басты нысанасы: «Болашақ мамандарға философия керек пе?» – деген сұрақ болды. Ол шақта «физиктер» өте-мөте орыс философы Лев Шестовтың қазіргі заманғы физиканың негізін салушы, ұлы неміс ғалымы Аль- берт Эйнштейнмен болған сұхбатына жүгінді.
Лев Шестов: «Егер Сіз Ньютонды кездестірген болсаңыз, одан не сұрар едіңіз: Құдай туралы ма, мәңгілік өмір немесе физика жайында ма?».
Альберт Эйнштейн: «Ньютон дейсіз бе? Әлбетте, физика жайында сұрар едім. Құдай және мәңгілік туралы бәрі де мәлім».
Ол кезде әңгіменің жалғасы, атап айтқанда, Лев Шестовтың: «Ал философ үшін дәл осы мәселелер қашанда беймәлім болып келеді және әрдайым қайтадан ашылуға тиіс, өйткені біз әлемді өзіміз арқылы және өз күшімізбен танып білеміз. Сондықтан әрбір жаңа ұрпақтың алдын- да «философия жаңадан ашылып отырады», себебі әрбір жаңа тарихи дәуір материалдық, қоғамдық-саяси, адамгершілік құндылықтардың өз жүйесін, демек, дүниеге өз көзқарасын, өз философиясын құрады. Бірақ ол оны тақыр жерде немесе бәрінен, адамзат қолымен жасалғандардан безіп, қайтадан құрмайды.
Ал егер философиялық көзқарастар мен түсініктер жүйесі – ол кез келген қоғам өзін түйсініп-сезінуге, өз болмысының шынайылығын ақтауға ұмтылады деген болып шығатынын ескерсек, онда кез келген ғылыми жетістікте бағдар қызметін философияның атқара алатыны және атқаратыны түсінікті болмақ. Қызметтің барлық салаларында, әсіресе ғылыми танымда міндетті түрде философиялық мәселелер туады, ал қойылған міндеттің сәттілігі немесе сәтсіздігі көбінесе сол мәселелердің шешілуіне тәуелді. Гегель ғылым философиясын
«заттардың ойластырылған шешімі» деп санаған», – деген сөздері
«кездейсоқ» түсіп қалады.
Ғылым философиясы – ол, біріншіден, өзінің негізгі келелі мәселелерінің жиынтығы ретінде ғылымды эпистемологиялық (танымдық) және әлеуметтік-мәдени құбылыс сияқты таңдайтын философиялық бағыт, ал, екіншіден, зерттейтін нысанасы ғылым бо- лып табылатын арнайы философиялық пән.
«Ғылым философиясы» деген термин алғаш рет ғылым филосо- фиясын «қайта құру ғана емес, логика саласын айтарлықтай кеңейту» түрінде құруға әрекет еткен неміс философы және экономисі Евге- ний Дюрингтің (1835-1921) «Ғылым логикасы және философиясы» деген еңбегінде пайда болды. Аталған ой іс жүзіне аспай қалғанмен, терминологиялық жаңалық қазіргі заманға да өте лайық болып шықты. Бұл 1878 жыл еді.
Алайда осы уақытқа қарай ғылым философиясы енді философиялық ізденістерде, бәрінен бұрын, ағылшын философы және тарихшысы Уильман Уэвелл (1794-1866) мен оның отандасы Джон Стюарт Милл (1806-1973) және позивитизмнің (буржуазиялық философиялық бағыт) негізін салушы Огюст Конттың және бірқатар басқа ғалымдардың еңбектерінде өз орнын иеленді.
Ал егер дәлірек айтар болсақ, онда ғылым философиясы мәселесі (ғылыми білімнің құрылымы және дамуы) Платон мен Аристотельден бастау алады, ал Жаңа дәуір ғылымының таным теориясымен бірлікте
қалыптасуы Бэконның, Декарттың, Лейбництің, ДۥАламбердің, Дидроның, Канттың, Фихтенің, Гегельдің, кейірінек чех математигі және философы, «ғылыми ілім» терминін қолданған Бернард Больцаноның (1781-1848) философиялық ізденістеріндегі аса маңызды салаға айналды.
  1. ғасырда ғылым жеке-дара әрекет етушілер мен шағын ғылыми академиялар мүшелерінің жартылай әуесқойлық қызметі аясынан шығып, кәсіби жұмыстар саласына айнала бастады, өйткені ғылыми еңбектің, ғылыми қызметті кәсіптендірудің, онын пән ретіндегі құрылымға айналуының әлеуметтік маңызы жедел артты. Бұл әлеуметтік жағдайда арнайы ғылым логикасына, оның эмпириялық (тәжірибеге ғана негізделген) танымдағы психологиялық және индуктивті-логикалық іс-шараларына арналған еңбектер пайда болды. XX ғасырдың басында физикадағы (салыстырмалылық теориясы, кванттық механика), биологиядағы (генетикалық теориялар) және басқа ғылымдарда орын алған революциялық жаңалықтарға байланысты, ғылымның философиялық мәселелеріне деген қызығушылық мейлінше арта түсті.


20-30 жылдары көбінесе жас кездегі Л.Витгенштейннің ғылым тілі саласындағы идеяларымен шабыттанған және Вена үйірмесі мен Берлин тобына біріккен австриялық және неміс философтары мен ғалымдары ғылымның логикасы мен философиясын философияның басты саласы деп жариялады және ғылыми ойлауды құрметтей отырып, барлық қалған философияны алыпсатарлық метафизика деп бағалады. Ғылым философиясында позитивистік сциентизм деген атау алған бұл ұстанымды 50 жылдардан бастап ғылым философтары белсене сынға ала бастады.


Дәл сол уақыттан бастап осы заманғы «ғылымның позитивистік философиясы» тұжырымдамасын әзірлеу қолға алынды. Олардың барлығын біріктіретін басты нәрсе: ғылыми білімнің тарихи дамуына, оның философиямен сан түрлі байланыстарына, діни және әлеуметтік- гуманитарлық ойларына көңіл бөлу.
1960 жылдары ғылым философиясының келелі мәселелерінің жиынтығы айтарлықтай дәрежеде жаңартылды. Ғылыми ұтымдылық түсінігі жаңа мазмұнға ие болды, ал оның негізінде таңдау белгілері (критерий) мен теориялардың қабылдауға тұрарлық жарамдылығы қалыптасады. Ғылым философиясын тарихтандырудың (тарихқа айналдырудың) мығым үрдісі пайда болады, соған байланысты ғылым философиясы мен тарихының арақатынасы негізгі мәселелер қата-
рына шығарылады. Негізгі позитивистік тұжырымдамаларды әзірлеу 1970-80 жылдар айналасында аяқталады.
Бүгінгі күні ғылым философиясы бір жүйе ретінде көрсетіледі, ал оған элементтер қатарында дамудың: табиғат туралы (табиғаттану) және адам туралы (қоғамдық және гуманитарлық білімдер) ғылымның түсініктері мен заңдарын байланыстыратын және түсіндіретін филосо- фиялық қағидалары мен жалпы заңдары енгізілген. Бұл ғылымның дамуы барысында пайда болатын белгілі бір қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар қазіргі заманғы ғылыми танымдағы философияның алатын орны мен рөлін де айқын белгілеуге жағдай туғызады; философия нақты ғылымдардың тар ауқымын бұзып өтіп, зерттеулердің өзінің меншікті саласында да тағдыршешті мәселелерді алға тартуға мүмкіндік береді.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет