Ғылым тарихы және философиясы


Жаратылыстану, техникалық және әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдардың қалыптасу ерекшеліктері



бет8/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

«тәжірибе» деп аталады.

        1. Жаратылыстану, техникалық және әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдардың қалыптасу ерекшеліктері

Зерттеу нысанына сүйене отырып, бүгінгі таңдағы ғылымды төтен- ше күрделі құбылыс ретінде төмендегі белгілері бойынша бірнеше үлкен топқа бөлуге болады:





  • көлемі (табиғат, қоғам және адам; техника және нысандар жүйесі);
  • мейлінше күрделі салалар деп түсіндірілген зерттеу нысанасы (шынайы табиғат пен өмір бар; қоғам мен адам деген не; екінші табиғат пен техникалық жүйелердің мәні);




  • әдістері (номотетикалық – ортақ, яғни құбылыстардағы ұқсас, етене жақын, олардың заңы деп қаралатын нәрсені анықтауды мақсат еткен таным әдісі; идиографиялық – мақсаты нысанның даралығы және қайталанбастығын сақтап, оны біртұтас бірегей бүтін деп бейнелеу бо- лып табылатын таным тәсілі; жүйелі).
  • әдістемелік («туралы» білімдер, «сияқты» білімдер) және әлеуметтік-институттық («үшін» білімі) ұстанымдары.


Табиғат құбылыстарын зерттеу барысында астрономия, математика, механика, физика, химия, биология, геология негіздері қаланады. Олар табиғи-ғылыми танымға жатады. Адамды және қоғамды зерттейтін ғылымдар, әдетте, гуманитарлық білімдер және қоғамтану түсініктерімен бірігеді. Олардың қатарына философияны, психоло- гияны, саясаттануды, әлеуметтануды және басқа пәндерді жатқызуға болады.


Гуманитарлық пәндердің ерекшелігі – олардың мазмұнында нақты тарихи қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен мақсаттары сөзсіз баяндалатыны болып табылады. Сол себепті бір құбылысқа әрбір әлеуметтік топ басқалардың пікіріне пара- пар келмейтін, өзінің дербес бағасын бере алады. Сонымен бірге гуманитарлық ғылымдар ортақ құндылықтар: адамды сүю, жақсылық, әсемдік, әділеттілік, еркіндік және теңдік және т.б. негізінде біріккен.
Гуманитарлық танымда көркемдік таным, өнер оқшау тұр. Ол әдебиетті, поэзияны, көркемсуретті, мүсін өнерін, музыканы және т.б. қамтиды. Ғұлама А.С.Пушкин кезінде өнерге «бізді көкке көтеретін ал- дау» деген анықтама берген, өйткені сахнада өтіп жатқан әрекет нақты өмірде көбінесе бола бермейді, бұл жерде жақсылық пен жамандық, сұлулық пен сұрықсыздық араласып жатады. Бір кездері Г.Гегель айтқандай, өмір, негізінен, сұр бояулармен жазылған. Алайда өнерге жанасу біздің жарқын, шуақты сезімдерімізді оятады, біз катарсисті – іштен тазаруды сезінеміз, жамандыққа қарсы иммунитет тудырамыз, эмпатияға – ортақ күйзелуге қабілетті бола бастаймыз.
Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысында тазаруында бүгінгі күні діндердің, демек, дінтану деген ғылыми пәннің рөлі өзгеше көтеріліп тұр.
Үшінші топқа техникалық деп аталатын ғылымдар жатады. Гректің «техне» дегені бастапқыда өнерлілік, шеберлік мағынасында қолданылатын. Қазіргі заманға сай мағынасында техника деп қоғамда қолданылатын әртүрлі құралдарды түсінеміз. Ф.Энгельсті есімізге түсірейік: адамзат өзінің дүниеге келгені үшін еңбек құралдарының дайындалуына және олардың жүйелі түрде пайдаланылуына қарыздар. Қазіргі уақытта компьютерлік техниканың өркендеуі қажетті ақпаратты жылдам таңдауды, оны жүйелеуді, топтарға бөлуді іске асыруға мүмкіндік беріп отыр, ал бұл, өз кезегінде, өндірістегі өзгерістерге жедел дайын болу, тиісті шешімдерді шапшаң қабылдау және оларды өндірісте іске асыру сияқты әрекеттерге жағдай туғызады. Сөйтіп, жаратылыстанудың, техникалық ғылымдардың және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің эпистемологиялық (танымдық) мәртебесінің әртүрлі: нысандық, технологиялық, түрлендіруші (өзгертуші) және аксиологиялық (құндылықтардан тұратын) тармақтары бар болып шықты. Бұрынғы Кеңес Одағының ғалымы, ғылым мен жүйелі зерттеулер әдістемесі саласының маманы Э.Г.Юдиннің (1930- 1976) жаратылыстануды – қызмет (өзекті де, әлеуетті де) шарттары- мен, техника ғылымдарын – қызмет құралдарымен, ал әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдарды әлеуметтік қызметтің ықпалдасуына мүдделі әртүрлі әлеуметтік топтардың құндылықтарымен сәйкестікке
келтіріп, арақатынастарын белгілеуді ұсынғаны кездейсоқтық емес.
Сонымен, өз мәні бойынша әлемді танып білу – адам өзінің жаны мен тәнінің барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға тырыса- тын өзгеше күрделі құбылыс. Нақты-тарихи өмір сүретін қоғамның құндылықтары, солардың негізінде құрылатын қоғамдық қатынастар, өндірістік күштер дамуының қол жеткен деңгейі және басқалары таным үдерісінде өздерінің белгілі бір орнын иеленеді. Ғылымға келер болсақ, ол: а) білімнің ерекше формасы; ә) шындыққа қол жеткізуге бағытталған рухани қызмет және, ақыр соңында, б) күрделі ұйымдастырылған әлеуметтік институт болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет