Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1


Сөз тіркестерінің заңдары туралы ғылым



бет4/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

Сөз тіркестерінің заңдары туралы ғылым
Сөз тіркестерінің заңдары туралы ғылым екі бөлімнен турады:
Олардың бірі - есімдер мен етістіктердің құралып және орналасқандағы "соңдары", [яғни сөздердің қандай дыбыспен аяқталатыны] туралы ережелерді береді.
(22-бет) Екінші бөлім булардың құралу және орналасу шарттарының ережелерін береді, [бұл ережелердің] сол тілде қалай болатынын көрсетеді, [сол*тілдің] синтаксисіне сай жұрнақтардың ережелері жөнінде білім береді; бұл [ғылым] жұрнақтар бәрінен бұрын есімдерге, ал сонан соң етістіктерге тән екенін түсіндіреді; есімдердің жұрнақтары сөздің басына қосылады, мысалы, араб тіліндегі [заттың белгілі халін] көрсететін әлиф - ләм артиклі /16/, немесе, басқа тілдердегі оның орнына қолданылатын баламасы сияқты; ал енді сөздің соңына қосылатын да жұрнақтар және септік жалғаулар деп аталатындар. Етістіктерге сөздің басында келетін жұрнақтар тән емес, оларға сөз соңында келетін жұрнақтар тән. Араб тілінде есімдер мен етістіктердің соңында келетін жұрнақтары: мысалы, үш тануин /17/, үш харакат /18/, сукун /19/ және араб тілінде жұрнақ ретінде қолданылатын тағы басқалары; [бұл ғылым] септелген кезде өзгеріске түспейтін сөздер де бар екенін көрсетеді, басқа сөздер септелетін барлық жағдайлармен, [яғни үш септіктің де жалғаулары жалғанғанмен] салыстырғанда [бастапқы] түрінде өзгеріссіз қалатын кейбір сөздер де кездеседі; кейбір септікте септелетін, кейбірінде септелмейтін сөздер болады, сондай-ақ барлық септіктерде септелетін сөздер де болады. Барлық септіктерде септелетін сөздерден басқа [септелген кезде] сөз соңында өзгеріссіз қалатын кейбір сөздер де кездеседі; [бұл ғылым] жұрнақтардың барлық түрін тізбектейді; есімдердің жұрнақтары етістік жұрнақтарынан ерекшеленетіндіктен етістіктің жіктелуінің барлық түрлері тізбектеледі, сондай-ақ олардың әрқайсысына [есім мен етістікке] қандай жағдайда қандай жұрнақ жалғанатыны туралы түсінік береді. Әуелде, ерекше септелетін есімдер [жекеше түрде] бірінен соң бірі аталып өтеді, өйткені әрбір септікте бұл есімдердің жұрнақтары әр түрлі болады; содан кейін бұл есімдердің екілік және көпше түрде септелуі беріледі; сондай-ақ етістіктердің жіктелген кезде жұрнақтарының қалай өзгеретіндігі түсінікті болу үшін, етістіктердің де екілік және көпше түрдегі жіктелуіне мысалдар келтіріледі; содан кейін кейбір септіктерде септеліп, ал кейбірінде септелмейтін есімдер келтіріледі; сонан соң бір септікте ғана септелетін есімдер туралы және олардың қалай септелетіні туралы айтылады.
(23-бет) Ал демеулік шылауларға келетін болсақ, әдетте бұлардың әрқайсысы немесе кейбіреулері тек бір ғана "жағынан" өзгереді де, қайсыбірі екі "жағынан" да өзгереді, бұның бәрі түсіндіріледі. Ал егер бұлар өзі демеулік шылаулар ма, әлде есімдер ме немесе етістіктер ме деген күмән тудырарлық сөздер кездессе, немесе олардың қайсыбірі есімдерге, басқалары етістіктерге ұқсас деп айтылса, онда бұлардың есімдерге тән септелетінін, әлде етістіктерге тән жіктелетінін анықтау қажет болады.
Ал сөз тіркесін құрудың ережелерін беретін бөлімге келсек, ол әуелде сөздердің сол тілде қалай тіркесетінін және белгілі бір ойды білдіру үшін қанша бөлімнен тұру керек екенін анықтайды. Сонан соң, бұл тілде сөздер қалай тіркескенде, қалай орналасқанда неғұрлым шешен шығатынын түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет