әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды кәсіби дайындаудың негізгі келістерін (тұлғалық-бағдарланған, жүйелік, құзырлылық) анықтауға және теория мен тәжірибенің өзара интеграциялануы негізінде кәсіби дайындықты ұйымдастыруды білдіретін интегративті келісті атап көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді теориялық-эксперименттік зерттеу жүргізілді;
ЖОО-да әлеуметтік жұмыс бойынша болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары негізделді: әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды кәсіби дайындаудағы оқу пәндері мен әртүрлі тәжірибенің түрлері арасындағы пәнаралық байланыс орнатылды; әлеуметтік серіктестік негізінде әлеуметтік жұмыс бойынша болашақ мамандарды кәсіби дайындаудағы оқу пәндері мен әртүрлі тәжірибе түрлерін интеграциялау;
1 2 3 ЖОО-да әлеуметтік жұмыс бойынша болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарын жүзеге асырудың нәтижелілігін бағалау критерийлері (сандық және сапалық) мен деңгейлері ұсынылды;
4 ЖОО-да болашақ әлеуметтік жұмыс маманын кәсіби дайындаудағы салалық мамандандыру шарттарының нәтижелілігі эксперименттік тұрғыда бекітілді.