Ғылыми әдебиеттермен жұмысты ұйымдастыру


Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#88058
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ғылыми әдебиет

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:


«Әлеуметтік жұмыс» бойынша кәсіби дайындау интегративті келіс негізіндегі кәсіби дайындықты ұйымдастыруды білдіреді. оқу пәндері мен тәжірибе түрлерін өзара байланыстыруды білдіреді. Интегративті келіс болашақ маманның кәсіби қызметке кірігуі мен негізгі білімдерді қалыптастыруына ықпал ететін теория мен тәжірибені өзара интеграциялау негізінде
Интеграциялау негізінде ЖОО-да әлеуметтік жұмыс бойынша болашақ маманды нәтижелі кәсіби дайындауға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары: әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды кәсіби дайындаудағы оқу пәндері мен әртүрлі тәжірибенің түрлері арасындағы пәнаралық байланыс орнату; әлеуметтік серіктестік негізінде әлеуметтік жұмыс бойынша болашақ мамандарды кәсіби дайындаудағы оқу пәндері мен әртүрлі тәжірибе түрлерін интеграциялау. Көрсетілген ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттар болашақ маманның тұлғалық-кәсіби дамуының маңызды факторы болып табылатын болашақ кәсіби қызметпен тығыз өзара байланысты қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік жұмыс бойынша болашақ мамандарды тәжірибелік дайындау бұл болашақ маман қызметінің мазмұндық және ұйымдастырушылық жақтарының бірлігін қамтитын кәсіби дайындаудың барлық құрылымдық компоненттерін қамту.
Әлеуметтік жұмыс кәсіптік қызмет ретінде

әлеуметтік сала

әлеуметтік жұмыс

әлеуметтік жұмыс функциясы

әлеуметтік мәселелер

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби қызмет ретіндегі негізгі мақсаттары келесілер:
1. Клиенттердің өз еркіндік деңгейін арттыру, олардың өз өмірін қадағалау және пайда болған мәселелерді дұрыс шешу мүмкіндігін жоғарылату;
2. Клиенттің заңмен белгіленген тәртіпте барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізуіне және өзін-өзі дұрыс көрсете алуы үшін жағдай жасау;
3. Қоғамдағы адамдарды бейімдеу және қайта бейімдеу;
4.Өзінің физикалық, рухани кемшіліктері мен өмірлік дағдарысқа тап болғанына қарамастан өзін толыққанды тұлға ретінде сезінуіне және қоғам тарапынан сыйластықты қамтамасыз ететіндей жағдай жасау;
5.Клиент әлеуметтік жұмыскердің көмегін қажет етпейтіндей жағдайға жеткізу.
XX ғасыр 90 жылдары «әлеуметтік жұмыс» мамандық ретінде тәрбиешілер, психологтар, мәдениет қызметкерлері, денсаулық сақтау және спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету органдары және тәртіп сақшылары, яғни халықты әр түрлі әлеуметтік қорғау жақтарын қарастырған, әлеуметтік жұмыстың тәжірибелік әдістері мен формалары құрылған. Осыдан келіп қазіргі заманғы әлеуметтік жұмыс 3 кезеңнен тұрады (В.Г.Богачарева бойынша):
1) ХХ ғ. 60 жылдар; І кезең – тәжірибенің жинақталуы, іздеу, зерттеу, әлеуметтік-педагогикалық тәжірибе, яғни қызметкерлер дәрежесін реттеу, сыныптан және мектептен тыс жүргізілген жұмыстар қатары қарастырылып, әр түрлі категориялы қызметкерлердің күннен күнге пайда болуы;
2) 70-80 жылдар; ІІ кезең – қоғамдық қажеттілік, әлеуметтік тәрбие, қиындықты шешу жаңа кезеңге алып келді. Сол кезден бастап әлемде әр түрлі кешендер жүйесі дами бастады: әлеуметтік-педагогикалық, ағартушылық-мәдени, дене-сауықтырушылық және т.б.
3) 80 жылдардың аяғы мен қазіргі заман [22, 117-122б.].
Әртүрлі білікті кадрлар дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру бұрыннан келе жатқан мықты дәстүр болып табылады. XVIII ғасырдан бастап университеттік және институттық білімдер, содан кейін арнайы орта білімдер дами бастады. Әрине, әлеуметтік жұмыс сияқты жаңа мамандықты дайындау басталды.
Әлеуметтік жұмыскерлерді тәжірибелік оқытудың негізгі модельдерінің классификациясы

Тәжірибелік оқытудың модельдері

Модельдің мазмұны мен айрықша белгілері

1. Тұлғалық өсу мен даму моделі

Оқу модельдерінде тәжірибенің терапиялық модельдерін қолдануға негізделген. Студент супервизордың клиентіне айналады. Тұлғалық өсу кәсіби өсудің алғышарты ретінде қарастырылады. Оқыту негізінен жеке. Клиентпен студенттің тікелей жұмысының жасырындылығы сақталады. Супервизор үшін оның нәтижесінен гөрі, оқу процесі үлкен мәнге ие. Психологиялық теориялық сүйену.

2. "Оқушылық" модель

Оқушылардың тәжірибелі мамандардың тігін машиналарындағы жұмысын бақылайтын сияқты өндірістегі оқыту модельдерінің аналогиясы бойынша құрылған. Студенттің кәсіби өсуі супервизорлық стандарттарының негізінде бағаланады. Оқыту шынайы қызмет барысында, студенттің супервизордың тәжірибелік жұмысын бақылау мен жұмыс стилі мен моделін көшіру барысында өтеді. Супервизор үшін процесс пен тәжірибе нәтижелері де бірдей маңызды. Жүріс-тұрыс теорияларына сүйенеді.

3. Басқарушылық модель

Бұл модельде студентке қатынас агенттіктің кез келген қызметкеріне деген қатынастан еш ерекшеленбейді, ал тәжірибе жетекшісінің негізгі функциясы – тәжірибе процесін басқару. Бұл келіс көбіне клиенттермен студент жұмысының нәтижесі – басты болып табылатын тәжірибе нәтижелерін бағалау критерийі агенттіктің саясатына сәйкес келуіне негізделген. Ережелерді, инструкцияларды, режимді қатаң сақтау талап етіледі, клиенттерді қорғау мен агенттіктің жұмыс сапасы – ең маңызды ретінде студенттің кәсіби және еңбек тәртіптілігіне баса назар аударылады. Басқару теорияларына сүйенеді.

4. Құрылымдық оқыту моделі

Бірліктер блогымен, модульдық түрде оқу жоспарын пайдалануға негізделген. Сабақ берудің түрлі әдістері, әсіресе имитациялық және қызметтік («топта» оқыту) қолданылады. Тәжірибе процесі де, оның нәтижелері де басымды болып танылмайды. Дағдыларды меңгеру мен студенттерді басқарудың құндылықтық негіздерін игерту екеуі бірдей маңызды, сондай-ақ құзырлылық критериі негізінде бағалауға белгілі талаптар қойылады. Студент тікелей бақылау мен тәжірибе жетекшісінің бақылауында жұмыс жасайды. Үлкендерді оқыту теорияларына сүйенеді.

Әлеуметтік жұмыскерлерді тәжірибелік оқытудың негізгі модельдерінің классификациясы

Тәжірибелік оқытудың модельдері

Модельдің мазмұны мен айрықша белгілері

1. Тұлғалық өсу мен даму моделі

Оқу модельдерінде тәжірибенің терапиялық модельдерін қолдануға негізделген. Студент супервизордың клиентіне айналады. Тұлғалық өсу кәсіби өсудің алғышарты ретінде қарастырылады. Оқыту негізінен жеке. Клиентпен студенттің тікелей жұмысының жасырындылығы сақталады. Супервизор үшін оның нәтижесінен гөрі, оқу процесі үлкен мәнге ие. Психологиялық теориялық сүйену.

2. "Оқушылық" модель

Оқушылардың тәжірибелі мамандардың тігін машиналарындағы жұмысын бақылайтын сияқты өндірістегі оқыту модельдерінің аналогиясы бойынша құрылған. Студенттің кәсіби өсуі супервизорлық стандарттарының негізінде бағаланады. Оқыту шынайы қызмет барысында, студенттің супервизордың тәжірибелік жұмысын бақылау мен жұмыс стилі мен моделін көшіру барысында өтеді. Супервизор үшін процесс пен тәжірибе нәтижелері де бірдей маңызды. Жүріс-тұрыс теорияларына сүйенеді.

3. Басқарушылық модель

Бұл модельде студентке қатынас агенттіктің кез келген қызметкеріне деген қатынастан еш ерекшеленбейді, ал тәжірибе жетекшісінің негізгі функциясы – тәжірибе процесін басқару. Бұл келіс көбіне клиенттермен студент жұмысының нәтижесі – басты болып табылатын тәжірибе нәтижелерін бағалау критерийі агенттіктің саясатына сәйкес келуіне негізделген. Ережелерді, инструкцияларды, режимді қатаң сақтау талап етіледі, клиенттерді қорғау мен агенттіктің жұмыс сапасы – ең маңызды ретінде студенттің кәсіби және еңбек тәртіптілігіне баса назар аударылады. Басқару теорияларына сүйенеді.

4. Құрылымдық оқыту моделі

Бірліктер блогымен, модульдық түрде оқу жоспарын пайдалануға негізделген. Сабақ берудің түрлі әдістері, әсіресе имитациялық және қызметтік («топта» оқыту) қолданылады. Тәжірибе процесі де, оның нәтижелері де басымды болып танылмайды. Дағдыларды меңгеру мен студенттерді басқарудың құндылықтық негіздерін игерту екеуі бірдей маңызды, сондай-ақ құзырлылық критериі негізінде бағалауға белгілі талаптар қойылады. Студент тікелей бақылау мен тәжірибе жетекшісінің бақылауында жұмыс жасайды. Үлкендерді оқыту теорияларына сүйенеді.

Ресейдегі әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың мамандандырылуы

Мамандандырылу бағыты

Біліктілік пен еңбекке орналасуы

"Халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру"

бұл мамандану бойынша дайындау халықты әлеуметтік қорғау жүйесін басқару органдарына болашақта жұмысқа орналасуды білдіреді; «халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырушы» біліктілігі тағайындалады

"Халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау"

отбасы мен балаларға әлеуметтік көмектің территориялық орталықтарындағы әлеуметтік-экономикалық көмек бөлімшелерінде, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің кешенді орталықтарында жұмыс жасауға бағдарланған; «әлеуметтік қызметтің экономисі» деген біліктілік беріледі

"Халықты әлеуметтік-құқықтық қолдау"

әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, шұғыл әлеуметтік көмек қызметтерінде; кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік-оңалту орталықтарында; әлеуметтік-құқықтық көмек бөлімшелерінде жұмысқа орналасуға бағдарланады; «әлеуметтік қызмет заңгері» біліктілігі тағайындалады

"Халықпен медициналық-әлеуметтік жұмыс"

отбасы мен балаларға әлеуметтік көмектің территориялық орталықтарындағы медицналық-әлеуметтік көмек бөлімшелерінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі; «медициналық-әлеуметтік жұмыскер» біліктілігі тағайындалады

"Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту"

отбасы мен балаларға әлеуметтік көмектің территориялық орталықтарындағы медициналық-әлеуметтік көмек бөлімшелеріндегі жұмыс, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін орталықтарындағы жұмыс; "мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту маманы" біліктілігі беріледі

"Мүмкіндігі шектеулі ересектерді әлеуметтік оңалту"

болашақ жұмыс орындары - отбасы мен балаларға әлеуметтік көмектің территориялық орталықтарындағы медициналық-әлеуметтік көмек бөлімшелерінде, мүмкіндігі шектеулі ересек азаматтарды оңалту орталықтарында; «мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту бойынша маман» біліктілігі беріледі

Ресейдегі әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың мамандандырылуы

"Мүмкіндігі шектеулі адамдармен еңбек
терапиясы"

түлектер осының алдындағы екі мамандану бойынша мекемелердегі жұмысқа, сонымен бірге интернат-үйлерінде, оның ішінде мүгедектер тұратын бабалар үйіндегі жұмысқа бағдарланады; «еңбек терапевті» деген біліктілік беріледі

"Халықпен психоәлеуметтік жұмыс"

бұл мамандануларды алғандарға жұмыс орындары – әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының шұғыл әлеуметтік көмек қызметтері; отбасы мен балаларға әлеуметтік көмектің территориялық орталықтарындағы психологиялық-педагогикалық көмек бөлімшелері; халыққа әлеуметтік көмек мекемелері; мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін оңалту орталықтары; «әлеуметтік қызмет психологы» деген біліктілік беріледі

"Отбасы және балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс"

әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері жүйесінде бұл мамандану бойынша қажеттілік әлеуметтік оңалту қажетсінетін кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы мекемелерде бар; «әлеуметтік қызметтің әлеуметтік педагогы» біліктілігі тағайындалады

"Асоциалды отбасылармен және девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік жұмыс"

бұл саланың мамандары отбасылар мен балаларға әлеуметтік көмектің территориялық орталықтарының қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерін сауықтыру үшін; әлеуметтік оңалтуды (әлеуметтік дезадаптация негізінде) қажетсінетін кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы мекемелерге қажет; «тәуекел тобы отбасылары мен балаларымен әлеуметтік жұмыс маманы»;

"Қарттық шақтағы адамдармен әлеуметтік жұмыс"

бұл мамандық бойынша мамандарға қажеттілік әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде, жалғыз басты қарттарға арналған арнайы үйлерде бар; "қарттық шақтағы адамдармен әлеуметтік жұмыс" біліктілігі беріледі

Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындауды жүзеге асыратын модельдер

Әлеуметтік жұмыстың модельдері

Мазмұны

Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік бағдарланған моделі

Социомәдени динамика туралы П.А.Сорокиннің тұжырымдамасы әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік бағдарланған моделінің маңызды әдіснамалық негізі болып табылады. Ол социомәдени өзгерістерді зерттеуде логика-мағыналық және функционалдық зерттеу әдістеріне ерекше көңіл бөлді, яғни өзара тығыз байланысты және «социомәдени әлемнің шексіз көптеген күрделі жүйелерін құрудың құралдары ретінде беріледі» дейді

Құндылыққа бағдарланған модель

адамзат тұрмысының адамгершілік маңызын көрсететін, «құндылық блоктар», түсінік, оның негізгі идеясы, тұлға санасының инвариативті «бірлігі». Мұнда

әлеуметтанушылар, құндылық бағдарлар тұлғаның диспозиция жүйесіндегі негізгі компонент, тұлға мінез-құлқын жалпы әлеуметтік реттеудің жетекші механизмі, мәдениет пен қоғамдық сана құндылықтарына оны қосу ретінде болатынын баса айтады. Олар аталған феноменнің қызмет аспектісін бөліп көрсетеді, материалдық және рухани мәдениет құндылықтарына бағдарлануда көрінетін, әрекеттің анықталған тәсіліне тұлғаның дайындық жағдайын сипаттайды

Тұлғаға бағдарланған модель

Теориялық дайындық білімнің мазмұнын анықтайтын базалық концептуалды идеялар (психодинамикалық, бихевиористік, когнитивті-бихевиористік, тұлғалық-бағытталған, жүйелік экологиялық теориялар) негізінде жүргізіледі. Мұнда дайындық тәжірибеге бағдарланған сипатта. Дайындық жүйесінің өзгермелілігі теорияның дамуы мен тәжірибенің сұраныстарын есепке ала отырып теориялық компоненттің мазмұнын және тәжірибелік оқытуды ұйымдастыруды өзгертуге мүмкіндік береді.
АҚШ-тағы әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау тәжірибесінде кеңінен қолданылады.

Құзырлылыққа бағдарланған моделі

Әлеуметтік жұмыстың жергілікті органдары, факультеттері және түрлі орталықтар біріге отырып кәсіби құзырлылықтың аса маңызды компоненттер(білімдер, дағдылар мен құндылықтар) тізімін әзірлейді. Бағдарламаларды әзірлеу мен органдар қызметін бағалау үшін өзіндік бағдар болып отыр.

Тәжірибеге бағдарланған модель

Мамандықтың білім бағдарламасында әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі ерекше орын алады. Талап етілетін тәжірибенің мазмұны жеке, отбасылық, топтық, ұйым мен қауым деңгейі сияқты – түрлі деңгейлерде жұмыс істеу қабілеті мен білімдерді қамтиды. Студенттерде әр алуан арнайы білімдер дамиды: интервенциялар, мәселені шешу, коммуникативті қабілеттер, клиентпен сенімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті, бағалау мен жоспарлау, қолдау, тәжірибеге бағдарланған зерттеу жүргізу мен әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы көшбасшылық қасиеттер.

Педагогикалық мамандықтарға бағдарланған модель

Осы уақытқа дейін жоо базасында іске асатын мұғалімдерді дайындау педагогика саласында жалғыз оқыту бағыты болды. Педагогика бойынша дипломы бар мамандарды оқыту енгізілгеннен кейін, жоғары оқу орнынының аумағында мектептен тыс педагогикалық қызмет үшін мамандар дайындау мүмкіндігі пайда болды. Бұл жаңа бағыттардың дамуы мен әрі қарай дифференциациялануына әкелді. Германиялық дайындық жүйесіне тән.

Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың әлемдік моделін талдай отырып, өз моделімізді жасап шығардық:

Әлеуметтік жұмыскердің біз жасаған моделі кәсіби қызметпен шарттастырылған кәсіби құзырлылықтардың жиынтығымен сипатталады және оның осыған тұлғалық қатынасын қамтиды. Адамның профессионал ретінде қалыптасуы оның тұлға ретінде қалыптасуымен тығыз байланысты.
Біздің әлеуметтік құзырлылық құрылымы келесі компоненттерді қамтиды: арнайы, әлеуметтік, тұлғалық.
Әлеуметтік құзырлылық келесі құзырлылықардың жиынтығы ретінде қарастырылады:
  • теориялық (мамандықтың теориялық негіздерін түсіну; әлеуметтік шындықты талдауды жүзеге асыру қабілеті, мәселеден шығу, ақпараттық мәдениет);
  • инструменталдық (кәсіби әрекеттерді жасай алу қабілеті, әлеуметтік жұмыстың технологияларын меңгеру);
  • интегративті (теория мен тәжірибені үйлестіру қабілеті, әлеуметтік тәжірибеде заманауи технологияларды қолдану);

  • басқарушылық (ұжымды басқаруға деген қабілет, талдауды жүзеге асыру мен оның қызмеін бақылау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет