Ғылыми жұмыс жазу талаптары


Зерттеу мəселелерін теориялық талдау



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата12.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#131558
1   2   3
Байланысты:
Ғылыми жұмыс жазу талаптары

Зерттеу мəселелерін теориялық талдау. 
Мəселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша əртүрлі 
көзқарастарды сипаттау, сондай - ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының 
барлығы зерттеу бөлімінің 1 - ші теориялық мазмұнын құрайды.
Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мəселелер мəнісін түсіндіретін немесе 
оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми əдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу 
жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің 
шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, 
сауалнама, əңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т. б. зерттеу əдістері пайдаланылады.
Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше əдістер 
жиынтығы қолданылады.
Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған 
күнінен басталады, əдебиеттермен жұмыс жасайды жəне жобаны рəсімдеу мен қажетті 
құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген 
жұмыстары көрсетілу керек.


ЗЕРТТЕУ 
ТАҚЫРЫБЫ 
БОЙЫНША 
ӘДЕБИЕТТЕРДІ 
ЗЕРДЕЛЕУ


9
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында 
тақырып бойынша əдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық 
тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты 
орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
Библиографиялық тізімде өзіне тəн ең кем дегенде 15 түрлі 
жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ 
мақалалары жəне əртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық 
авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу 
керек.


10
Мəселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары - соңғы 3 - 5 
жыл ішіндегі əдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мəселелердің 
жан - жақты жəне кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, 
ресейлік, əлемдік əдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тəртіппен орындалу 
керек.
3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты - жөні, жұмыстың 
аты, шығу мəліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны 
көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала 
жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. 
Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның 
редакторының тегі келтіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет