9
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында
тақырып бойынша əдебиеттерді
таңдай білуді, библиографиялық
тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты
орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
Библиографиялық тізімде өзіне тəн ең кем дегенде 15 түрлі
жұмыс болу керек, олардың
қатарында монографиялар, жинақ
мақалалары жəне əртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық
авторефераттар, арнайы зерттеулер
мен басқа да жұмыстар болу
керек.
10
Мəселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары - соңғы 3 - 5
жыл ішіндегі əдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мəселелердің
жан - жақты жəне кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық,
ресейлік, əлемдік əдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тəртіппен орындалу
керек.
3. тақырыпты
сипаттау кезінде автордың тегі, аты - жөні, жұмыстың
аты, шығу мəліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы,
бет саны
көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала
жарияланған журнал атауы,
шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек.
Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның
редакторының тегі келтіріледі.