Биомеханика. Биомеханиканың ғылым ретінде дамуы.
Биомеханика - адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ, организмге сыртқы ортаның әр түрлі механикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т.б.) әсерін зерттейтін биологияның бір саласы. Биомеханика термині екі грек сөзінен құралған hios - өмір техане – құрал. Механика бұл физиканың бөлімі, механикалық қозғалыстарды және мотериалды денелердің механикалық бірлескен іс- әрекетін зерттейді.
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың қимыл әрекеттері туралы алғашқы еңбектерді Аристотель (384-322 б.з.д.) қалдырды, оны адам және жануарлардың қимыл заңдылықтары қызықтырды. Архймед (287-212 ж. Б.з.д.) еңбектерінде қалдырды.
Биомеханиканың қалыптасуына әсер еткен ғалымдары Рим дәрігері Голен (131-201 ж) , Г. Галйлей (1564-1642), Галйлейдің шәкірті Джованнй А.Б (1608-1679 ж) биомеханика туралы кітап жазған алғашқы автор. И.М. Сеченов (1829-1905) биомеханиканың негізін қалаушы спорт және еңбек биомеханиканың дамуына үлкен үлесін қосты. Биомеханиканың бөлімдері.
- Инжинерлік биомеханика – жұмыс құрумен байланысты.
- Медециналық биомеханика – тірек қимыл аппаратының тұрақтылығын [1].
Биомеханиканың элементтері:
Статика: Тепе-теңдікте орналасқан немесе тыныштықта немесе тұрақты жылдамдықта қозғалатын жүйелерді зерттеу.
Динамика: жеделдету және баяулау үдерісінде қозғалған жүйелерді зерттеу.
Кинематика: Күштердің жүйеге, қозғалыс үлгілеріне, уақыттың жылдамдығындағы сызықты және бұрыштық өзгерістерге әсерін сипаттау. Орналасуы, ығысуы, жылдамдығы және үдеуі зерттеледі.
Кинетика: Жұмыста қозғалыс, күш пен сәттің себептерін зерттеу [2].
Достарыңызбен бөлісу: |