Ғылыми жоба тақырыбы: «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері» Жобаны орындаған


Адам ағзасындағы химиялық элементтердің сыры



бет3/8
Дата09.10.2023
өлшемі181,54 Kb.
#184401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба тақырыбы «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері»
1551248261, Проект Йод и его тайны, 999114
Адам ағзасындағы химиялық элементтердің сыры
Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры болып саналады. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мәселен, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреу - кесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.
Егер бұл элементтер жетіспесе, ауырасыз.
Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мәселен, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзалағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда эдектролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азайып, магний мен калий көбейеді. Ағзадағы микро және макроэлементтерді гормондар реттеп отырады.
Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мәселен, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарлайды. Жас ұлғайған кезде кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшері азаяды. Ал фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.
Темір элементінің ағза үшін орны ерекше. Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте маңызды. Егер темір жетіспесе, баршамыз білеміз белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болатынын. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті.Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және асқазанның сілекейлі қабаты бүлінеді. Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет