2.3.Жусанның адамдар үшін маңызы. АҚШ-тың Калифорния штатындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайызын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады.
Бұл – қазақ сахарасының кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанында бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты.
Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтықан. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жібереді.
– Тұтастай алғанда, зерттеу нәтижелері артемизинин препаратының рак жасушаларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – деген зерттеу авторлары.
Ал Sanofi фармацевтік компаниясы осыдан бастап жылына 50-60 тонна артемизинин өндіріп тұратынын мәлімдеді. Дәрі жасау өндірісінде бұрын осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы безгектен емдеудің өте күшті құралы ретінде пайдаланылып келген екен.
Жусан туралы мақал-мәтелдер:
Жусан саттым, шөп саттым, шөп сатсам да, ұқсаттым.
Бір қозы туса, бір жусан артық шығады.
Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме.
3.2.Тәжірибе –зерттеу жұмысы. Тәжірибе жасау барысында осы өңірде кездесетін «Ащы жусан» түріне тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргіздік, бұл жұмысты 2015 жылдың шілде айынан бастадық, өйткені тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді, сондықтан емдік қасиеті жойылады екен деген деректер бар. Теориялық мәліметтер біраз болғандықтан, адамның өміріне қандай пайдасы бар екенін анықтағымыз келді. Сол себептен жусанның бұл түрі бізді өте қызықтырды. Гүлдемей тұрған кезде жапырақтарын жинадық.
Зерттеу барысында біз иісіне де назар аудардық, өйткені иісі өте өткір болды.
Жусан жапырақтарын ұсақтап кесіп,оларды 2 жұмадай кептіріп, содан кейін этил спиртін қосып тұнба жасадық.Ол тұнба 1 ай тұрды. Үлкендер айтып жүретін тіземіз басқызбайды, нені ғана қолданбадық әртүрлі жақпалар жақсақ та әсері тек бір ғана күнге ғана әсері бар деп.Бұл, жусанды зерттеуге таға да бір түрткі болды. Әрине бұл зерттеу жұмысты үлкендердің көмегімен ғана іске асырдық.Содан кейін әжелерімізге ұсындық.Тізелеріне 2 айдай жағып отырдық. Желтоқсан-қаңтар айларында әжелеріміз өздерін бір шама жақсы сезінгендерін айта бастады.Қаңтар,ақпан қолданған жоқ,наурыз айынан тағы қолданды,сонда байқағанымыз емдік қасиеті 2 жұмада біліне бастады,осыдан нені байқауға болады? Тұнба неғұрлым көбірек тұрса,со ғұрлым емдік қасиеті зор деуге болады.Міне жусан өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы бар екеніне тағы біл дәлел қосылды.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, кең байтақ даланың жұпар иісті жусаны ел игілігі үшін алдыңғы уақыттарда талай кәделерге жарайтынына сеніміміз мол.
Еліміздің түрлі аймақтарында жусанға байланысты қойылған жер атаулары да көптеп кездеседі. Мысалы, «Жусандала» табиғи қорықтық белдемі, «Жусанды» Қызылқұм мен Сырдария аралығындағы жазық даланың атауы. Үйдегі атамнан бұрынғы совхоз уақытында «Жусанды» деген мал бағатын жайлау болыпты.
Үлкендердің арасындағы «Жусан өсімдігінің пайдасын білесіз бе?» деген сауалдың көрсеткіші бойынша,сұралған үлкендердің саны --- адам,білем- адам,білмеймін- адам.Оқушылар арасында білемін - , естігенмін - , білмеймін- . Біз тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргізіп,нәтижесінде жусан өсімдігінің адамның денсаулығына пайдасы бар екенін анықтадық.
Енді оқушылардың көбі білетін болады деген ойдамыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. « Қазақстанның өсімдіктер әлемі»-көпшіліккке арналған ғылыми басылым Алматы 2004 ж
3. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г ( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ж.
5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым
6. «Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы» Алматы 2001 ж.-Қазақ
университеті баспасы.