Зерттеу жұмысының өзектілігі: Осы тақырыпты таңдап алуымыздың себебі, ағылшын тілінің енуінен тіліміздің мәдениеті шұбарлануда және ауызекі сөйлеуде тілдік құрылымдар мен тіл бірліктері сауатсыз қолданылуда, бұл- жастардың сөйлеу мәдениетінің үлкен мәселесі болып табылады. Біздің күнделікті сөйлеу әрекетіміз- ол жастардың тіл мәдениетінің сауаттылығы мен мәдени эстетикалық құндылығының көрсеткіші ғана емес, ол- бүкіл қоғамға берілетін мінездеменің көрсеткіш құралы болып есептеледі .Сонымен қатар ол жас ұрпақтың рухани мәдениетінің қалыптасуының, адамгершілік және зияткерлік дамуының маңызды факторы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Жастар арасында ағылшын тілінен енген сөздердің киімдерде жазылуын зерттеу, слэнг, жаргондарды көп қолданбауға тырысу, неғұрлым қазақ тілінде көп қарым-қатынас жасау, халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін қайта жаңғырту. Қазақстаннан шыққан киім үлгілерін киіп, дәріптеу.
Міндеттері:
-
Жоба бойынша презентациялық материал мен құжаттарды дайындау.
-
Ағылшын тілінің сөйлеу мәнеріне келтіретін зияндылығын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру.
-
Ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістерін қолдана отырып, мәліметтер жинау.
-
Оқушылар арасында осы тақырыпқа байланысты сауалнама жүргізу.
Гипотеза: киімдегі ағылшын жазбаларының мазмұнын зерттей отырып, жасөспірімдер шетел тілінде жазулары бар киімдерді таңдауға айтарлықтай жақындайды.
Зерттеу құндылықтары: теориялық тұжырымдар, зерттеу.
Зерттеу әдістері: бақылау, сарамандық жұмыс, салыстыру, сауалнама, сараптау, қорытындылау.
Зерттеу ақпарат көздері: ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, интернет, баспасөз материалдары.
Зерттеудің орындалу мерзімі – 2019-2020 оқу жылы
Орындалу түріне қарай – жекелей орындалған ғылыми жоба болып табылады.
Зерттеудің кезеңдері:
-
Дайындық кезеңі: Тақырып және оның мақсаты белгіленіп, керекті әдебиеттер, мақалалар жинақталды.
-
Жоспар құрылып, мақсаттар қойылды.
-
Зерттеу жұмыстары жүргізілді.
-
Қорытынды шығарылды.
-
Оқушылар арасында ағарту жұмыстары жүргізілді (сауалнама жүргізу).
Достарыңызбен бөлісу: |