Ғылыми жоба Тақырыбы: «Таңғажайып саны» Орындаған: Марс Саида «А» сынып оқушысы Жетекшісі: Арипова Г. Х теміртау қаласы-2022ж Ғылыми жоба «Таңғажайып саны»



бет4/6
Дата25.01.2023
өлшемі35,94 Kb.
#166439
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7 ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Жеті жұт. Бұлар:
1. Құрғақшылық.
2. Жұт (мал қырылу).
3. Өрт.
4. Оба (ауру).
5. Соғыс.
6. Топан су.
7. Зілзала (жер сілкіну).


Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.


Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.


Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында кездесетін жеті ғашық:
Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ.
Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет:
1. Египет пирамидасы.
2. Вавилонның аспалы бағы.
3. Ертедегі Артемида храмы.
4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.

«Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.




Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары
Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым – зерттеуші
Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет