Жобаның міндеттері:
– Қасиетті сандармен танысу.
– Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
– Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету.
Өзектілігі: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.
Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.
Кіріспе
Математика –ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен.
Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13 , бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады.
Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.
Оқушылардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін Өзім оқитын 7А сыныбымен «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Қатысқан 7 «А» сыныбы, барлығы 20 оқушы.
Сауалнама:
1.Қасиетті сандар туралы білесін бе?
а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а)ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандар білесің?
Сауалнама қорытындысы:
1. иә - 20 оқушы ( 100% )
2. ата-анадан – 5 оқушы ( 25% )
мұғаліммен – 15 оқушы ( 75% )
3. Иә - 10 оқушы ( 50% )
Жоқ – 10 оқушы ( 50% )
4. «7 саны» - 20 оқушы ( 50% )
«4 саны» - 20 оқушы ( 50% )
«3 саны» - 20 оқушы ( 50% )
Сауалнама: Қасиетті сандар туралы барлық оқушылардың бар екен, ал бірақ, ата-аналар қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты.
Ал балардың білетін қасиетті сандары 7,4,3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Мен жеті санын зерттей отырып, ең алдымен атамның айтуы бойынша
өз шежірем, яғни жеті атамды біліп алдым, өзімнің шежіреммен
таныстырып кетейн:
1-ші – Саида
2-ші – Санат
3-ші – Марс
4-ші – Мансұр
5-ші – Атабек
6-ші – Ибрагим
7-ші – Жәнібек
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген-жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен
Достарыңызбен бөлісу: |