1-кесте.Сақтандыру компаниялары ж/е оларға сипаттама.
Факторингтік қызмет көрсету туралы келісім жеткізуші кәсіпорын мен факторингтік компания арасында, әдетте бір жылдан төрт жылға дейін мерзімге жасалады және оның мерзімі келесідей себептер бойынша тоқталуы мүмкін:
- тараптардың өзара келісімі;
- факторингтік компанияның қалауы;
- жеткізушінің қалауы;
- жабдықтаушының төлем қабілетсізділігі.
Алдынғы екі жағдайда жеткізуші қаражаттардың қандай да бір басқа көзін тауып, фактор-компанияның қайта табыстау талаптарын сатып алу керек. өз кезегінде, факторингтік компания сатып алушыларға, осы уақыттан бастап барлық төлемдер жеткізушілер пайдасы үшін жүргізілетінділігін хабарлайды.
Факторингтік келісімде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері қарастырылуы керек: жеткізушілерге несиені ұсыну процедуралары, қарыз талаптарын қайта табыстау мен оларды инкассалау, өзара талаптарды жүзеге асыру тәртібі, несиелік тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыратын лимиттер сомасы және т.б.
Келісімшарттарда, сонымен қатар жеткізушіден алынған төлем көрсетуі керек. Халықаралық тәжірибеде факторинг тәжірибесінде факторингтік кәсіпорынның табыс алуының екі тәсілі қолданылады: дисконто түрінде және көрсетілген қызметтер үшін сыйақы түрінде.
Қортынды. Қаржылық менеджментте басқару объектісі ақшалай түсімдер мен төлемдердің тұрақты ағымын сипаттайтын шаруашылық субъектінің ақшалай айналымы түріндегі қаржы ресурстары болып табылады. Ақша қорының жұмсалуының әрбір бағытына белгілі бір көздері сәйкес болуы керек: кәсіпорын капитал көздеріне өндірістік жұмсалатын инвестиция және активтер түріне енетің меншікті капитал мен пассивтерді жатқызуға болады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорында ақша айналымының бастапқы және шекті нүктесін анықтау мүмкін емес. Кәсіпорынның ақша қаражатының көлемі уақыт аралығы бойынша өзгереді және өндірістікүрдістің сипатына, сату көлеміне, дебиторлық борышты өтеуге және т.б. байланысты. Шикізаттың қорлары қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістін қорлары дебиторлық борыш пен төленуге тиісті коммерциялық несие қорлардың қалыптасуына, дебиторлық және кредиторлық борышқа қатысты кәсіпорынның қаржы саясаты мен өндірістік үрдісіне өнім өткізуге байланысты.
Нарықтық экономика жағдайда кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметті қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес, оған мыналар жатады: банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ұйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын шығарудан және сатудан түскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік қаржы және т.б.
Қарыздық қаражаттарды тарту кәсіпорының айналым қаражаттарының айналымдылығын жеңілдетуге, жасалатын шаруашылық оперцияларының көлемін көбейтуге, аяқталмаған өндірістің көлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Бірақ, аталған қаржыландыру көзін пайдалану кәсіпорынға өзіне жүктелген қарыз міндеттемелерін орындауға байланысты белгілі бір мәселелердің туындауына әкеледі. Қарыз ресурстарын тартуменқамтамасыз етілгенқосымша табыс мөлшері несиені төлеу бойынша шығындарды жапқанша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болып қала береді, ал қарыз капиталын тарту тиімді болады.
Бұл көрсеткіштер теңестірілген жағдайда, қосымша табысты қамтамасыз ететің қаржы ресурстарынқалыптастырудың қарыз көздерін тарту мәселесі пайда болады. Несие бойынша қарыздың шығындары оны пайдаланудан түскен қосымша табыстардан артқан жағдайда, ұйымның қаржылық жағдайының нашарлануы әбден мүмкін.
Осылайша, қарыздық капитал негізінде қаржыландыру онша тиімді емес. өйткені несие берушілер ақша қаражаттарын қайтымдылық және төлем есебінде ұсынады, яғни өз ақшаларымен кәсіпорындардың меншікті капиталына қатыспайды, тек қарыз беруші ретінде шығады.
Қаржыландырудың әр түрлі әдістерін салыстыру кәсіпорынға қаржылық қамтамасыз етудің оңтайлы нұсқасын таңдауға, қызметті пайдаланудың ағымдағы және күрделі шығындарын жабуға мүмкіндік береді
Кәсіпорындар үшін қазіргі таңда лизингтік операциялар біршама қызығушылық тудырады.
Лизинг негізгі құралдары иемденуге жұмсалған шығындарды қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет. Лизинг – лизинг келісімшарттын жүзеге асыру үшін, оның ішінде лизингтік затты алу мақсатында экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтьығы.
Лизинг заты кез келген күнделікті тұтынылмайтын заттар болып табылады. Оның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүлік кешендері, үйлер, ғимараттар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын басқа да жылжымалы мүліктер бар. Жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілер, сонымен қатар еркін айналым үшін қазвақстандық заңнамаларымен тыйым салынған немесе ерекше айналым тәртібі белгіленген мүлік лизинг заты бола алмайды.
Фактор-кәсіпорын рөлінде көбінесе банктер шығады. Факторинг – бұл фактор компаниямен клиент шоттарын сатып алу арқылы, клиенттің айналым капиталын несиеленумен үйлесін сауда-комиссиялық операцияларының бір түрі. Факторинг - өзінің бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық өткізу, көліктік, сақтандырушы, несиелік және заңды қызмет әмбебап жүйе элементтерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |