Ғылыми жобаны дайындаудың ережелері және талаптары



бет1/2
Дата11.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#196275
  1   2
Байланысты:
розбай психология презентация


Тақырып:Жас өспірімдер психологиясының ерекшеліктері
Қабылдаған: Дүйсенова Жамила
Орындаған: Малбай Розбай
Тобы: ЖМА 313
Түркістан-2023
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жоспар:

1. Жас өспірімдік шақтың психологиялық даму ерекшеліктері

2. Жас өспірімдердің субъективтік критерийлері

3. Жас өспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеудегі психологиялық мәселелері

4. Жас өспірім кезеңіндегі «дағдарыс» мәселесі


Баланың жас өспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай? Адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 18 мен 19-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең. Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес.
Өзіндік сана күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компонеттер ретінде өзіне. В.С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менің ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. «Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол тұлға ретінде өзі туралы соғүрлым көбірек ақпарат алады, практикада өзі туралы өз пікірлерін басқалардың пікірлерімен байланыстыруына тура келеді. Оның өз әрекетін, қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және белсендірек дами түседі. Сондай-ақ басқа да адамдардың түлғалық саналары дамиды». Ерте жасөспiрiмдiлiкке өту жолында жоғары сынып оқушыларын оқытуда оларды» адамгершiлiк қабiлетi, сана сезiмдерi, анықтаулары қалыптаса бастайды. Яғни, бұл кезең адамгершiлiктi» жаңа деңгейiне өтудi бiлдiреді. Егер төменгi сыныптағы шақта адамгершiлiк мәселелерiн шешуде – мұғалiмдер мен ата-ана болса, ал жасөспiрiмдер бұл сұрақтарды шешуде өзiнiң жора-жолдастары ұжымында және де ғылыми көркем публицистi әдебиеттi, өнер туындыларын, теледидар т.б. жүгiнедi.
Жеткіншек кезеңнің аяқталуымен жас өспірімдік жасқа өтуде ең алдымен олардың теориялык ойлаулары қарқынды дамуымен көрінеді. Жас өспірімдер логикалық түргыда ойлай бастайды, теориялық пайымдаулармен және берілген тапсырма-ларга талдау жасай алу дағдылары қалыптаса бастайды. Олар жеткіншектерге қарағанда адамгершілік, саяси жэне т.б. тақырыптарда кеңінен ойлай алады.Жас өспірімдер әр түрлі тапсырмаларды шешу процесіндекөптеген ғылыми ұғымдарды меңгереді, әрі оны пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады. Бұл олардың теориялық немесе ауызша-логикалық ойлауының қалыптасқандығын білдіреді. Осы жаста соған қоса танымдық процестері де интеллектіне түседі.
Осы жаста шығармашылықтың маңызды интеллектілік компоненттерінің бірі - дивергентгік ойлау басым болады, яғни бір сұрақтың бірдей, бірнеше, тең жауаптары болуы мүмкін.
Дивергенттік ойлау - ойлаудың ерекші түрі, бір мәселенін, кептеген бірдей, бірнеше жауаптары болуы мүмкін. Ойлаудын бүл түрі шығармашылық компоненттердің бірі болып табылады.
Конвергенттік ойлау - мәселені шешудің тек бір ғана жолы бар. Кейбір жағдайда бұл ұғым «консервативтік» немесе «ригидтік» ойлау деген синониммен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет