Ғылыми кеңесі


Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары



бет5/11
Дата26.06.2018
өлшемі2,02 Mb.
#44844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

11. Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары
М.Өтемісов атындағы БҚМУ басты міндетінің бірі студенттерді ғылыми жұмыстарға көптеп шоғырландыру болып табылады. Есептік жылда бұл бағытта көптеген жұмыстар жасалуда. Бұл жұмысты 2012 жылды қорытындылайтын болсақ, 2011-2012 жылғы Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) конкурсына жіберілген 72 жұмыстың 7 жұмыс жүлделі орындарға ие болды.

2 - дәрежелі дипломмен «Есеп және аудит» мамандығы бойынша Щукова Е.В., ғылыми жұмысының тақырыбы «Проблемы организации и налогового и бухгалтерского учета корпоративного подоходного налога», ғылыми жетекшісі Искакова Б.Г., 3 - дәрежелі дипломмен «Бастауыш әскери дайындық» мамандығы бойынша Айтбаев Н., ғылыми жұмысының тақырыбы «Вооруженные Силы Республики Казахстан: исторический анализ обеспечения военной безопасности», ғылыми жетекшісі Мұханбетқалиев Х.С., 3 - дәрежелі дипломмен «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Митрофанова Н., ғылыми жұмысының тақырыбы «Проблемы гуманизма в диологии Ю.О. Домбровского», ғылыми жетекшісі Винник Р., 3 - дәрежелі дипломмен «Археология және этнология» мамандығы бойынша Дүйсеналиева А., ғылыми жұмысының тақырыбы «Орал қаласы-ғасырлар өркениеті тоғысында», ғылыми жетекшісі Байболсынова А.С., 3 - дәрежелі дипломмен «Өнер» мамандығы бойынша Оразғалиева Г., ғылыми жұмысының тақырыбы «Музыка сабағындағы шығармашылықтың маңызы», ғылыми жетекшісі Жәрдемова А., 3 - дәрежелі дипломмен «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттарды қамтамассыз ету» мамандығы бойынша Нұрмұханов Ж.К. ғылыми жұмысының тақырыбы «Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи зерттеулер (1991-2011 жж.)» ғылыми жетекшісі Мұханғалиева Ж.Қ., 3 - дәрежелі дипломмен «Химия» мамандығы бойынша Мұқашева М.М., ғылыми жұмысының тақырыбы «Полимерлі модифицирленген фосфаттардың қорғаныштық қасиетін зерттеу», ғылыми жетекшісі Ниязбекова А.Б.

Университет кафедралары бойынша Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы 14-кесте көрсетілген.

.

14-кесте



Факультеттер мен кафедралар бойынша 2011-2012 жылғы Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы



Кафедралар

Республикалық екінші кезеңге (базалық жоо) жолданған жұмыс саны

Республикалық үшінші кезең қорытындысы бойынша жүлделі орын алған жұмыс саны

1. Жаратылыстану-географияық

1.

Биология және экология

1

0

2.

География

1

0

3.

Химия

3

3 - дәрежелі 1 диплом

2. Физика-математика

1.

Физика және математика

2

0

2.

Информатика

2

0

3.Филология

1.

Қазақ филологиясы

3

0

2.

Орыс филологиясы

2

3 - дәрежелі 1 диплом

3.

Шет тілін оқытудың теориясы мен практикасы

4

0

4.

Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы

-

-

4. Педагогика

1.

Педагогика және психология

3

0

2.

ДТТ мен Ә

3

3 - дәрежелі 1 диплом

3.

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

3

0

4.

Дене тәрбиесі

5

0

5. Тарих және құқық

1.

ҚР тарихы

3

3 - дәрежелі 2 диплом

2.

Дүниежүзілік тарих және ӘСП

-

0

3.

Құқықтық пәндер

5

0

6. Экономика және басқару

1.

Экономикалық теория және бизнес

1

0

2.

Менеджмент және кәсіпкерлік

4

0

3.

Есеп және қаржы

9

2 - дәрежелі 1 диплом

7. Мәдениет және өнер

1.

Театрлық-хореографиялық өнер және кітапханатану

7

0

2.

Музыкалық білім

7

3 - дәрежелі 1 диплом

3.

Көркем – қолданбалы өнер және кәсіби білім

3

0

4.

Вокал және аспаптық өнер

1

0




Барлығы

72

7 (2 - дәрежелі 1 диплом,

3 - дәрежелі 6 диплом)

2011-2012 о.ж. университетішілік СҒЗЖ конкурсына барлығы 249 (педагогика факультетінен - 44, филология факультетінен – 27, жаратылыстану-математикалық факультетінен - 22, тарих және құқық факультетінен – 28 мәдениет және өнер факультетінен – 84, экономика және басқару факультетінен - 44) студенттер қатысып, комиссия отырысынан кейін 72 жұмыс республикалық кезеңге ұсынылды (15-кесте).

2011 жылғы университетішілік Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсынан үздік деп танылған жұмыстар Республикалық кезеңдерден сүрінбей өткені жеті жұмыс. Жоғарыда кестеде көрсетілгендей, студенттеріміз жүлделі екінші және үшінші орындарға ие болды.

15-кесте

Білім министрлігіне жолданған СҒЗЖ нәтижесі


2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Жалпы саны

Жүлделі

Жалпы саны

Жүлделі

Жалпы саны

Жүлделі

54

7

72

7

70 жұмыс жіберіледі

Сонымен қатар, университет студенттері ҚР БжҒМ ұйымдастыруымен өткізілетін республикалық және халықаралық пәндік олимпиядаларға қатысады. 2012 жылғы Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша университетімізден 14 команда қатысып 5 команда жүлделі орын алды, атап кетсек, Математикадан - 3 орын, 5В060600-Химия - 2 орын, 5В011200-Химия - 3 орын, Мәдени-тынығу жұмысы - 2 орын, Дене шынықтыру және спорт - 2 орын, ал жеке сынақта қоржынымызда 9 жүлделі орын бар (16-кесте).

Өткен жылдармен салыстыратын болсақ: 2010 жылы 12 олимпиададан командалық нәтиже 9 (75%) және жеке сынақта 5 жүлделі орын, 2011 жылы 21 олимпиададан командалық нәтиже 8 (38%) жүлделі орын және жеке сынақта 10 жүлделі орын, 2012 жылы 13 олимпиададан командалық нәтиже 6 (46%) және жеке сынақта 5 жүлделі орын алды.
16-кесте

Республикалық және халықаралық олимпиадалар 2012 жыл


Қала, ЖОО

Жүлде

Өту уақыты

Пән

Команда құрамы

Халықаралық олимпиадалар

Поволье мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық академиясы

(Самара қ.)



командалық 2 орын

18.04.12ж

Дене тәрбиесі және спорт

Бородкин Г., Толкачев Н., Жуманов А., Андреев А., Шакиров А., Кубашев Е. / Мельников В.Л., Жищенко А.Н.

Поволье мемлекеттік сервис университеті (Тольятти қ.)

жеке есепте 1 диплом 2 дәрежелі және 1 диплом 3 дәрежелі

24-26.04.12ж

«Экономика»,

«Маркетинг»,

«Есеп және аудит»


Тимешева Ж., Баймукашева А., Уразова А., Енгалычева А. / Чудрова В.У.

Қазақстан-Британдық техникалық университеті (Алматы қ.)

жеке есепте 1 диплом 1 дәрежелі және 1 диплом 3 дәрежелі

28. 04.12ж

«Информатика»

А.Сергеев, А. Абоимов.

Н. Даупаев / Д. Г. Габдуллаев




Республикалық олимпиадалар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(Алматы қ.)



командалық 2 орын жеке есепте 1 диплом 2 дәрежелі және 1 диплом 3 дәрежелі


28-29.03.12ж.

Химия

Жолгельдиев Ж.Б., Серикулы Н. / Амангосова М.Г.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

(Ақтөбе қ.)


командалық 3 орын жеке есепте 1 диплом 3 дәрежелі

24-25.04.12 ж.

Химия

Мукашева М.М., Мурзабеков А.Б., Хасенова М.Х. / Амангосова М.Г.

Т. Жүргенов атындағы Қазақстандық ұлттық өнер академиясы

(Алматы қ.)



жеке есепте 1 диплом 3 дәрежелі

Наурыз

2012 жыл


Хореография

Сундетова Ж. / Кенжетаева А.И.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

(Шымкент қ.)



комдалық 2 орын

29-30.03.12ж.

Мәдени-демалыс жұмысы

А. Орахова, К. Омарова, А. Сатыбалдиев, А. Шаримов, А. Кумискалиева, Ж. Белялов, А. Калиев / Г.Е. Жумагалиева

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

(Шымкент қ.)



комдалық 2 орын

29-30.03.12ж.

Кітапхана ісі

Б. Такушева,

Т. Жумабаев / С.М. Сатагалиева




Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

(Ақтөбе қ.)


жеке есепте 1 диплом 1 дәрежелі

19-20.04.12ж.

География


Агалиева С.Е.,

Жолашова Р.С.,

Есенғалиева Г. С. / Галимов М.А.


М.Өтемісов атындағы БҚМУ

комдалық 3 орын, жеке есепте 1 орын

14.03.-15.03.11

Математика

Кабасов Б.,

Стульников Е., Сагынгалиева А.,

Рахымғалиев А. / Жумагалиева А.Е.


Т. Жүргенов атындағы Қазақстандық ұлттық өнер академиясы

(Алматы қ.)



жеке есепте 2 диплом 3 дәрежелі 1 Алғыс хат

16.03.12ж.

Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім

Дизайн



Каусова А., Махимов А., Сарбалиева Р. / Н.С. Тилеуханов

И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған қ.)

«Күйді домбырада үздік орындағаны үшін» номинациясы

11-13.04.12ж.

Музыкалық білім

Е. Кумаргалиев / Кусайынов А.А.

Қазақстандық гуманитарлық заң университеті (Астана қ. )

Алғыс хат

12-13.04.12ж.

Құқықтану

Ергалиева Г., Габбас А., Айтенова А., Сагидуллин Н., Машкина И. / Ж.А. Базаргалиева

Т. Жүргенов атындағы Қазақстандық ұлттық өнер академиясы

(Алматы қ.)

Алғыс хат

Наурыз

2012 жыл


Режиссура

Араткызы Х., Елекенова А., Абибуллаев А. / Султанова М.И.

Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2012 жылдың наурыз айының 28-29 жұлдызында «5В060600-Химия» мамандығы бойынша өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасында 7 командадан 2-ші жыл қатарынан БҚМУ командасы жүлделі 2-ші орынға тұрақтап отыр. Ал жекелей сынақта «5В060600-Химия» мамандығының үшінші курс студенті Жолгельдиев Ж.Б. (3 курс) екінші дәрежелі және бірінші курс студенті Серікұлы Н. (1 курс) үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

2012 жылы 24-25 сәуір күні Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында өткен Қазақстан Республикасы жоо студенттерінің «5В011200 Химия» мамандығы бойынша IV Республикалық пәндік олимпиадаға 12 команда қатысты. Олар:

Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ы. Алтынсарин атындагы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай педагогикалық институты, Павладвр мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 2-топ, Қ.А. Ясауи атындағы Халқаралық қазақ-түрік университеті және М.Өтемісов атындағы БҚМУ.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында студенттердің «5В011200 – Химия» мамандығы бойынша өткен IV Республикалық пәндік олимпиадасына 01401 – топ студенті – Мукашева М.М., 01201 – топ студенті– Мурзабеков А.Б. және 01202 – топ студенті– Хасенова М.Х. қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша БҚМУ тобы жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталса, жекелей сынақта «5В011200 -Химия» мамандығының екінші курс студенті Мурзабеков А.Б. үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

2012 жылдың 12-13 сәуірінде «5В010900-Математика» мамандығының студенттері арасында республикалық олимпиада М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті базасында өтті. Олимпиадаға республиканың математика мұғалімдерін даярлайтын 7 жоғары оқу орнының командалары қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды Ш.Е. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті, ІІ орынды Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, ІІІ орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командалары жеңіп алды. Жеке есепте математика мамандығының 4 курс студенті Кабасов Б. жүлделі І орын иеленді.

2012 жылдың наурыз айында «Мәдениет және өнер» факультетінің «Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы «5В040900 - Хореография», «5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы», «5В091000 - Кітапхана ісі», «5В040700 - Режиссура» мамандықтары бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті.

«Хореография» мамандығы бойынша пәндік олимпиада Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Хореография» факультетінде «Спорттық балдық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен өтті. Олимпиадаға «Хореография» мамандығының 4 курс студенті Сүндетова Ж. жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: оқытушы Кенжетаева А.И.

«Режиссура» мамандығы бойынша пәндік олимпиада Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Театр өнері» факультетінде өтті. Оған 8 студенттік театр қатысты. «Режиссура» мамандығының студенттері Г. Ибсеннің «Үрей» спектаклінен үзінді көрсетілді. Қоюшы режиссер «Режиссура» мамандығының 4 курс студенті Х. Аратқызы. Нәтижесінде студенттің жұмысына Алғыс хат берілді. Жетекшісі: оқытушы Сұлтанова М.И.

2012 жылдың 29-30 наурыз аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының базысында ІV Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттері іріктеліп, 7 студент (Ә. Орахова, Қ. Омарова, А. Сатыбалдиев, А. Шаримов, Ә. Күмісқалиева, Ж. Белялов, А. Қалиев) қатысып, нәтижесінде біздің команда жүлделі ІІ орынға ие болды. Команда жетекшісі оқытушысы, магистр Г.Е. Жұмағалиева.

Есептік жылдың 29-30 наурыз аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Көкшетау т.б. облыстардан студенттер командасы қатысты. «Кітапхана ісі» мамандығынан 2 студенті Б. Такушева, Т. Жұмабаев қатысты. 11 команданың ішінен студенттеріміз ІІ орынға ие болды. Жетекшісі оқытушы С.М.Сатағалиева.

2012 жылы 19-20 сәуір аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты базасында «5В011600 –География» мамандығы бойынша IV Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 13 жоғары оқу орнының командалары қатысты. Команда топтық деңгейде орын алмағанымен, жеке есепте «География» мамандығының студенті Агалиева С.Е. үздік білім деңгейін танытып, жүлделі І орын алды.

Астана қаласында Қазақ гуманитарлық заң университетінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың 12-13 сәуірінде өткен «Құқық» бағытындағы республикалық пәндік олимпиадаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен 5 студент қатысты. Олар: Ергалиева Г. (8401топ), Габбас А. (8402 топ), Әйтенова А. (8205 топ), Сагидуллин Н. (8202 топ), Машкина И. (8204 топ). Команда былтырғы нәтижені көрсете алмады, десек те, топ мүшелері И. Машкина қазылар алқасынан жеке алғыс хат алды, ал Г. Ергалиева сол жоо-ның магистратурасында грант негізінде оқуға шақырылды.

Аталған жылдың 16 наурызында «Көркем қолданбалы өнер және бейнелеу өнер» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы базасында ұйымдастырылды. Еліміздің алдыңғы қатарлы білім ошақтарынан 5 команда қатысты. Нақтырақ айтқанда, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік университеті және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Олимпиада біздің мамандығымызға сай 3 пән: «5В041300 - Кескіндеме», «5В041400 – Графика», «5В041500 – Мүсін» мамандықтары бойынша өткізілді.

Мәдениет және өнер факультетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1 курс студенттері Каусова А., Махимов А. мен «Дизайн» мамандығының 1 курс студенті Сарбалиева Р. қатысты. Нәтижесінде, Каусова А. мен Махимов А. жүлделі Ш орынды еншілесе, Сарбалиева Р. мақтау қағазымен марапатталды.

2012 жылдың сәуір айының 11 - 13 күндері аралығында Талдықорған қаласында Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы «Негізгі музыкалық аспап» бойынша Республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға М.Өтемісов атындағы БҚМУ атынан «Музыкалық білім» мамандығының 4 курс студенті Е. Құмарғалиев қатысып, «Күйді домбырада үздік орындағаны үшін» номинациясына ие болды. Жетекшісі оқытушы Құсайынов А.А. алғыс хатпен марапатталды.

Халықаралық олимпиадаларға тоқталсақ, 2012 жылдың 18 сәуірінде Самара қаласының Повольже мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық академиясы базасында Қазақстан және Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарының дене шынықтыру факультеті студенттерінің арасында пәнаралық ашық олимпиадасы өтті. Университетімізден «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3, 4 курс студенттері Бородкин Г., Толкачев Н., Жуманов А., Андреев А., Шакиров А., Кубашев Е. қатысты. Студенттер тек физикалық деңгейдегі мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, білім сапасының жоғары екендіктерін де көрсете білді. Оған дәлел командамыздың аталған олимпиададан жүлделі ІІ орын алуы.

24-26 сәуір 2012 жылы Тольятти қаласының Повольже мемлекеттік сервис университетінде өткен халықаралық олимпиадада В.У. Чудрованың ғылыми жетекшілігімен «Экономика», «Маркетинг» және «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша Тимешева Ж., Баймукашева А., Уразова А., Енгалычева А. студенттеріміз жеке есепте 2 дәрежелі және 3 дәрежелі дипломдармен марпатталды.

Қазақстан-Британдық техникалық университетінде (Алматы қ.) 2012 жылдың 28 сәуірінде өткен олимпиадада Д. Г. Габдуллаевтың жетекшілігімен «Информатика» мамандығы студенттері А. Сергеев, А. Абоимов. және Н. Даупаев жеке есепте 1 дәрежелі және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2012 жылы 20-22 сәуір аралығында С.Н. Чернышев атындағы Саратов Ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті (Саратов қаласы, Ресей) өткен студенттердің, аспиранттар мен жас ғалымдардың «Новый век: человек, общество, история глазами молодежи» атты 55-ші Халықаралық ғылыми конференциясына «ҚР тарихы» мен «дүниежүзі тарихы және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының студенттері іссапармен қатысып, 3 курс студенті А. Есниязова жүлделі 3 орын алды, ал 3 курс студенті Л. Балчугова сертификат иеленді. Студенттеріміздің баяндамалары конференция жинағына енді.

2012 жылдың 31 қазан күні «Жас ғалым 2012» инновациялық жобалар байқауы өтті. Ақпан айында жарияланған облыстық «Жас ғалым-2012» инновациялық жобалар конкурсына оқушылардан, студенттерден, жас ғалымдардан 107 жоба тапсырылды. Соның ішінде 80-і іріктеу кезеңінен өтіп, қатысушылар өз жобаларын конкурс комиссиясының алдында қорғауға мүмкіндік алды.

Байқау қорытындысы бойынша студенттер арасында әлеуметтік маңызды инновациялық жоба бағыттары бойынша І-ші орында М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері Қапашева А. және Жұмабаева А. жобасы танылса, ал жас ғалымдар арасында І-ші орын М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты Жақсығалиева А. иеленді.

Университетімізде студенттік ғылыми қоғам жұмысы жандануда. Онда университет студенттік ғылыми қоғамының және әр факультеттен студенттік ғылыми қоғамының төрайымдары сайланды, сонымен бірге мүшелері студенттер қатарынан толықты. 2012-2013 оқу жылына арналған студенттік ғылыми қоғамның жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Студенттік ғылыми қоғам төрайымы болып жаратылыстану-география факультетінің 4 курс студенті С. Стаханова және Студенттік ғылыми қоғам төрайымының орынбасары экономика және басқару факультетінің 2 курс студенті Г. Абдулова сайланды. Студенттік ғылыми қоғам жиналысы апта сайын болады. Оған әрбір факультеттің студенттік ғылыми қоғамының төрайымдары мен орынбасарлары және студенттік ғылыми қоғамның мүшелері қатынасады.

Университетте ғылымды жеделдетіп дамыту, зерттеу жұмыстарына жастарды, студенттерді тарту жұмыс алға қойылып келеді. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту және олардың заманға сай іздену іскерлігін дамытумен қатар, студент жастардың арасынан ғылыми дарындысын анықтау мақсатында 2012 жылдың 16-21 сәуір аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттерінің ғылыми апталығы ұйымдастырылды. Апталық аясында «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттерінің 70-ші ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттерінің 70-ші ғылыми–тәжірибелік конференция барысында университет бойынша 24 секциялық отырыстар болып, 463 баяндама жасалды. Жалпы секциялар жұмысы факультеттер аясында жүзеге асырылды. Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының бағыттары барлық ғылым саласын немесе мамандықтар бойынша қамтыды.

Сонымен қатар, факультеттер ғимараттарында ғылыми апталық аясында «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми мектептерінің қалыптасу тарихы» атты фильмнің презентациясы жасалды және студенттердің университетіміздің белгілі ғалымдарымен кездесулері өтті. Атап айтсақ, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Е. Дарбаева, биология ғылымдарының кандидаты, профессор М.М. Фартушина, химия ғылымдарының докторы, профессор Д.К. Мендалиева, география ғылымдарының кандидаты, доцент Т.А. Терещенко, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Е. Кузьмичева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б. Медешова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.З. Рысбеков, тарих ғылымдарының докторы Ә.С. Тасмағамбетов т.б. Ғылыми апталық «ХХІ ғасыр – білім және ғылым көшінде» атты факультеттердің ғылыми жетістіктерінің көрмесі, ғылыми - ақпараттық сайт көрмесімен және «Тайманов оқулары - 2012» халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясымен жалғасты. Апталықтың жабылуы 2011-2012 о.ж. СҒЗЖ жеңімпаздарын мен байқаулар жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік унивеситетінде 27 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды. Оған барлығы 678 студент қатынасуда. Ғылыми үйірмелердің басты мақсаты студенттерді ғылыми жұмыстарға тарту, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру және жыл сайын ұйымдастырылатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына сапалы жұмыстар әзірлеу, сол бағытта жұмыстану болып табылады.

Студенттік үйірмелерін университетіміздің беделді және белгілі ғалымдарымыздың жетекшілігімен өткізіледі. (17-кесте). Мысалы, педагогика ғылымдарынң кандидаты, доцент Ж.С. Сырым, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.Г. Муханбетчина, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Завадская Л. Н., экономика ғылымдарының кандидаты В.С. Трибунский. Әр факультет жанындағы ғылыми үйірмелерде жыл сайын студенттер саны арта түсуде, сонымен қатар, мектеп оқушыларына арналған үйірмелер жұмыстары жандануда.

17-кесте

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы Студенттік ғылыми үйірмелері




Ғылыми үйірменің атауы

Жетекші

Студенттер саны



«Менделеев мұрасы» әдістемелік-ғылыми үйірмесі

Аға оқытушы Амангосова М. Г.

27



Биология және экология үйірмесі

Ихласова

Ж.

М.



32



«Геология» үйірмесі

Ходжанова Б. Х.

30



«Ботаникалық» үйірмесі

Есеналиева М. К.

15



«Валелогия және физиологоия» үйірмесі

Завадская Л. Н.

15



Жас бухгалтер

А.С. Мустафина, А.К.Тоғжанова

40



Жас қаржыгер

Шамакова Н.Г.

43



«Кәсіпкерлік және бизнес»

В.У.Чудрова

18



«Интелект-тур»

А.К.Хусайнова, Ж.С.Аймешова

15



«Экономик-с»

В.С. Трибунский

40



«Актуальные проблемы развития ономастического пространства»

Т.А.Донскова

25



«Тапқыр есепші»

Магистр Ж.Ж. Багисов

9



«Математика»


ф.-м.ғ.к., доцент А.Е. Жумагалиева

6



«Жас физик»

п.ғ.к., доцент Ж.С. Сырым.

9



«Рефлексия» психологиялық үйірмесі

Оқытушы, магистр О.Н.Ерниязов

19



«Болашақ психолог»

П.ғ.к., оқытушы А.Г.Муханбетчина

18



Заң клиникасы

Н.В. Ермолаева

56



Саяси клуб "Консенсус"


Аға оқытушы Т.Т. Шайхиев

26



Криминалист

А.Б. Батыров.

42



Археолог

Е.Е.Клышев

16



«Арна» би ансамбілі

Ө.ғ.к., доцент Айтқалиева Қ.Д.

25



«Қыз Жібек» би ансамбілі

Ө.ғ.к., доцент Айтқалиева Қ.Д.

25



БҚМУ балалар балет студиясы, «Жауһазын» балалар би ансамбілі

Оқытушы Шукирова А.Ұ.

50



«Эврика» ғылыми зерттеу үйірмесі

Ө.ғ.к., доцент Айтқалиева Қ.Д.

25



«Әйгерім» қуыршақ театры

Оқытушы Сүндетқалиева А.А.

20



«Мұрагер» драмалық үйірме

Қазақ драма театрының режиссеры, оқытушы Томанов М.Х., оқытушы Искакова И.И.

20



«Сырлы парақ» әдеби үйірме

Оқытушы Сатағалиева С.М.

12

Жоғарыда көрсетілген 17 - кестеге сәйкес, университетте әр мамандықтарға сәкес ғылыми үйірмелер құрылған.



12. Магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы
Магистранттарды даярлау жүйесінде ғылыми-білімдік құрылым ерекше орынға ие: ғылыми жұмыс нәтижелерін басылымға ұсыну және оны шығару, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу және т.б. Университетте бір ғылыми басылым «БҚМУ Хабаршысы» және магистранттардың «Ғылым мен білім» ғылыми жинағы шығарылады. Ғылыми-практикалық конференциялардан басқа университет студенттері, магистранттары және жас ғалымдарына арналған инновациялық жобалар конкурстары, ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстары ұйымдастырылады. Осы бағытты жүзеге асыруда университетте «БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі», «Студенттік ғылыми қоғам жұмыс жасайды. Оның құрамында университет студенттерінен басқа барлық магистранттар, жас ғалымдар өз бағыттары бойынша зерттеулерін жүргізіп отыр.

Факультет құрамында жұмыс жасайтын «Бәйтерек» акмеологиялық орталығы, Аймақтық экономика мәселелері орталығы, Биотехнология және экологиялық зерттеу орталығы, «Махамбет» орталығы, Қазақстан тарихы және өлкетану орталығы, Химиялық зерттеу және технологиялар орталықтарында магистранттар магистрлік диссертацияларын жазуда тәжірибелік жұмыстарын өткізіп жүр.

Магистрлік диссертацияларын жақсы қорғаған магистранттарға жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды Ресей ЖОО-ның аспирантурасында, докторантурада жалғастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, университет магистратурасын бітірген Зубков В. (лингвистика) Германияның Й.Гуттенберг университетінде PhD докторантурада, Ахатова Н. (филология) Турцияда PhD докторантурада, Шкуринский Б. (география) Ресей ғылым академиясының далалық институтының Орал бөлімінде, Кобзарь Г. (география) Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде, Баюканская С. (психология) Смоленск мемлекеттік университетінде білімдерін жалғастыруда. Осы жылы ҚР тарихы кафедрасының оқытушысы Е.Е. Клышев Қалмақ мемлекеттік университетіне (археология) аспирантураға оқуға түсті.

Сондай-ақ, Ресей халықтар достастығы университеті магистратурасында менеджмент мамандығы бойынша - Ф.К. Мухамбеткалиева, қолданбалы математика және информатика мамандығы бойынша - Ж.М. Муратова, Теориялық және қолданбалы тіл білімі мамандығы бойынша – Г.У.Маханбетова, лингвистика мамандығы бойынша - Л.А. Скородумова, юриспруденция мамандығы бойынша - А.Т. Темергалиева, С.М. Наурзалиева, Новосібір мемлекеттік университеті магистратурасында дифференциалды геометрия мен топология мамандығы бойынша Г.С.Маулешова оқуын жалғастыруды.

6M011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 1-курс магистранты Ж. Мусина шетелде кадларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы (2010 жылдың 22 желтоқсаны) бойынша педагогика және психология мамандығы бойынша «Болашақ» стипендиясын иегері атанып, Й.Гутенберг университетіне магистратураға (г. Майнц) түсті.

Биыл, 2012 жылы 6M011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 1-курс магистранттары Құрманғали Ф., Есбергенова Г., 6M010300 - Педагогика және психология мамандығының 2-курс магистранты Насығазы Б. шетелде кадларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы (2012 жылдың 24 желтоқсаны) бойынша «Болашақ» стипендиясын иегері атанды.

2012 жылдың желтоқсан айында 6М011200–химия мамандығының 2 курс магистранты Ж.Султанова Польшаның Быдгощ қаласында өткен халықаралық ғылыми семинарға және Берлинде өткен Халықаралық туризм және мәдениет институты ұйымдастырған семинарға қатысты.

Сонымен қатар, БҚМУ магистранттары университетішілік, облыстық және республикалық іс-шаралардың (ғылыми конференциялар, ғылыми жобалар байқауы, пікір-талас және т.б.) белсенді қатысушылары болып табылады. Солардың бірі 6M010300-педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранты Жақсығалиева Альфия «Жас ғалым - 2012» атты инновациялық жобалар конкурсында І дәрежелі дипломмен марапатталды және республикалық «Жастар кадрлық резерві» жобасының белсенді қатысушысы атанды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында магистранттар Ақтөбе, Алматы қалаларының мұрағаттарында, Қазақ Ұлттық кітапханасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында зерттеу тақырыптары бойынша жұмыстанып, ҚР ғылыми-техникалық ақпарат орталығында жұмыс жасау үшін Алматы қаласында іссапарда болды.

2009 жылы магистратураны 32 магистрант, 2010 жылы 33 магистрант, 2011 жылы 40 магистрант, 2012 жылы 41 магистрант бітірсе, ал 2013 жылы 77 магистрант бітіруі жоспарланып отыр (ақпан айында – 16 магистрант, маусым айында – 61 магистрант). Aқпан айында 6М050700 – Менеджмент, 6М050600 – Экономика мамандықтары бойынша профильді педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша (1 семестр оқу мерзімімен) үш магистранттың бітіруі жоспарланып отыр. Жалпы 2005-2012 жылдар аралығында университетті барлығы - 314 магистр бітірді. Қазіргі уақытта БҚМУ-да 76 магистр қызмет етіп келеді. Олар кафедра оқытушысы, бөлім инспекторы қызметтерін атқарады. Соңғы есеп бойынша университеттегі кафедраларда төмендегідей магистрлар тіркелген:



18-кесте

Университетте жұмыс жасайтын магистрлар саны




Кафедра атауы

Магистрантлар саны

1

Педагогика және психология

10

2

Жалпы педагогика және информатика

5

3

ДТТ мен Ә

5

4

Дене тәрбиесі

4

5

Қазақ филологиясы

4

6

Шет тілін және аударма ісін оқытудың теориясы мен практикасы

4

7

Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы

5

8

Орыс филологиясы

2

9

География

5

10

Биология және экология

7

11

Химия

3

12

Информатика

3

13

Физика және математика

4

14

Экономикалық теория және бизнес

1

15

Есеп және қаржы

1

16

Менеджмент және кәсіпкерлік

-

17

Музыкалық білім

3

18

Вокал және инструменталдық өнер

1

19

Театралдық хореографиялық өнер және кітапханатану

2

20

Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру

1

21

Қазақстан Республикасының тарихы

2

22

Дүниежүзілік тарих және саяси-әлеуметтік пәндер

1

23

Құқықтану

2

24

БҚМУ колледжі

1




Барлығы

76

2010 жылы университетте PhD докторантурадан: педагогика және психология, тарих, биология, экономика мамандықтары ашылды. Өкінішке орай, 2010-2012 жылдар аралығында университеттегі докторантура мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс орындары бөлінген жоқ. Бұл арада кафедра болашақ докторларды өзге ЖОО-да дайындауға бүгіннен бастап көңіл бөлгені орынды.

2012-2013 оқу жылында кафедра, факультеттердің ұсыныстары бойынша 2013-2014 оқу жылына докторантураға мақсаттық негізде түсушілердің жоспары жасалды.

2011-2012 оқу жылындағы магистрлік диссертацияларды қорғаудағы бір ерекшелік – ҚР МЖМБС 5.04.033 – 2011. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелер, ҚР БҒМ-нің 2008 жылдың 18 наурызындағы № 125 бұйрығымен бекітілген (2011 жылдың 16 наурызындағы өзгерісімен) «Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне» сәйкес магистрлік диссертацияның сапасына қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Ұлттық ғылыми – техникалық ақпарат орталығында (қ. Алматы) 2 курс ( ғылыми және педагогикалық бағыт) және 1 курс (бейіндік бағыт) магистранттарының 41 магистрлік диссертация жұмыстарын плагиатқа тексеруді ақылы негізде өткізілді.

2010-2011 оқу жылынан бастап магистрлік диссертацияларды қорғаудағы тағы бір ерекшелік – қорғауда ресми рецензенттің міндетті түрде қатысуы. Сондықтан кафедра меңгерушілері мен факультет декандары бектіліген кестеге сәйкес магистрлік диссертацияны қорғауда қатысатын МАК құрамы, ресми оппоненттердің қорғауда уақытылы қатысуын назарға алуы тиіс. 2009 жылдан енгізілген, магистранттың ғылыми жұмысы бойынша үш тілде реферат даярлауы – магистрлік диссертацияға қойылатын негізгі талаптардың бірі болып келеді.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистратурасында магистрлік диссертациялар ҚР МЖМБС 5.04.033 – 2011 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер» стандарттарына сәйкес, міндетті түрде плагиатқа тексеріледі. 2011-2012 оқу жылындағы магистрант түлектердің магистрлік диссертациялары толықтай «Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы» АҚ«Антиплагиат» жүйесінің эталондық базасы технологиясына сәйкес тексерістен өткізілді. Тексеріс нәтижесінде барлық магистрлік диссертацияларда «ҒТАҰО» АҚ диссертациялар қорымен сәйкестік жағдайы орын алмады.

2012 оқу жылында 24 мамандық бойынша магистранттар дайындайтын кафедралар ҚР МЖМБС 5.04.033 – 2011 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер» стандарттарына сәйкес, магистратураға түсушілерге қажетті переквизиттер тізімін

даярлап, ол Ғылыми кеңестің отырысында бекітілді. кафедралар ҚР МЖМБС сәйкес магистрант кәсіби оқу бағдарламасын игеруге қажетті переквизиттерді меңгеруі қажет. Қажетті переквизиттер болмаған жағдайда, магистрантқа ақылы негізде меңгеруге рұқсат етіледі.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистратурасында магистрлік диссертациялар ҚР МЖМБС 5.04.033 – 2011 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер» стандарттарына сәйкес, міндетті түрде плагиатқа тексеріледі. 2011-2012 оқу жылындағы магистрант түлектердің магистрлік диссертациялары толықтай «Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы» АҚ«Антиплагиат» жүйесінің эталондық базасы технологиясына сәйкес тексерістен өткізілді. Тексеріс нәтижесінде барлық магистрлік диссертацияларда «ҒТАҰО» АҚ диссертациялар қорымен сәйкестік жағдайы орын алмады.

Университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын жас ғалымдармен, ғылым кандидаттарымен толықтырылып отырады. Атап айтсақ: Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Н.К. Байтілесова 13.00.04 – (теория и методика физического воспитания в спортивной тренировке оздоровительной и адаптивной физкультуры) сауықтыру және адаптивті дене шынықтырудың спорттық жаттықтыруындағы дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі (РФ, Белград университеті) мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Б.Б.Мунайдарова 19.00.01 – жалпы психология, жеке тұлға психологиясы, психология тарихы, этнопсихология (Өзбекстан) мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.




Қорытынды
2012 жылдың қорытындысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2012» байқауы арқылы қойылды деуімізге әбден болады. Республика бойынша байқауға қатысқан 500-ге жуық ғалым ұстаздар арасынан әріптестеріміз п.ғ.к., доцент Р.Н.Испулова, п.ғ.д., профессор А.С.Қыдыршаев, б.ғ.к., доцент В.Л.Мельников, ф.ғ.к., доцент З.Ж. Мүтиевтер үздік оқытушы атанды. Бұл БжҒМ-ның біздің ұжымды бағалағаны деп білемін. Бұған қоса т.ғ.к. С.М.Ғиззатов ҚР Үкіметінің грамотасымен марапатталғаны да біздің жас ғалымдарымыздың аға буынға ілесіп келе жатқанын дәлелдейді.

2012 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы назарларыңызға ұсынылды. Есепті жылы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі білім мен ғылымға қатысты «университет пен бизнес ынтымақтастығы», «қызметкерлер біліктілігін арттыру», «ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» көрсеткіштерінде алға жылжыдық. Дей тұрсақ та әлі де алар асуларымыз алда деп сенемін. Қазір біз үшін ғылыми әлеует қатарында жаңа буындағы ғалым-докторларды көбейту, қаржыландырылатын ғылыми жобалардың санын арттыру, зерттеулер сапасын халықаралық деңгейге көтеру, ғылымды экономика мен инновацияға тікелей бағыттау, импакт-факторлы журналдарда мақала жариялау, сонымен бірге әрбір ғалымның ғылыми ізденістерінің саны емес сапасын арттыру кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Осы міндеттерді бірлесе атқарайық демекпін.



Қаулы

  1. Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2012 жылғы жұмысының қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін.




  1. 2013 жылы іргелі және қолданбалы зерттеулер жалғастырылып, барлық жарияланған байқауларға кафедралардың профессор-оқытушылары, магистранттары мен жас ғалымдары бірлескен сапалы жобалар әзірлесін және ҚР БжҒМ-ға жолдансын.

Жауапты: ғылым және коммерцияландыру департаментінің

директоры Э.Ж.Имашев, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: 2013 ж., наурыз-мамыр.


  1. Шетелдік жоо-ы және ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе құрылған ғылыми-зерттеу консорциумдары шеңберінде зерттеу жұмыстары жандандырылсын.

Жауапты: ғылым және коммерцияландыру департаментінің

директоры Э.Ж.Имашев, факультет декандары.



Мерзімі: 2013 ж., мамыр.


  1. Томсон Рейтер базасындағы нөлдік емес импакт факторлы журналдарда кем дегенде 2 мақала жариялансын.

Жауапты: факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: 2013 ж., жыл бойы.


  1. «БҚМУ хабаршысы» тарих ғылымдары бойынша Білім және ғылым

саласындағы бақылау комитетінің жаңа талабына сай

ұйымдастырылып, құжаттары Комитетке жіберілсін.



Жауапты: ғылым және коммерцияландыру департаментінің

директоры Э.Ж.Имашев, РБ орталығының жетекшісі

А.А.Кожевникова.

Мерзімі: 2013 ж., наурыз.



  1. 2013 жылғы республикалық СҒЗЖ-на университеттегі барлық

мамандықтарға қатысу міндеттелсін.

Жауапты: ғылым және коммерцияландыру департаментінің

директоры Э.Ж.Имашев, факультет декандары, кафедра

меңгерушілері.

Мерзімі: 2013 ж., қараша.


  1. 2013 жылы жоспарланған 2 халықаралық, 4 республикалық және 2

аймақтық конференция сапалы ұйымдастырылсын.

Жауапты: ғылым және коммерцияландыру департаментінің

директоры Э.Ж.Имашев, факультет декандары, кафедра

меңгерушілері.

Мерзімі: 2013 ж., жыл бойы.


  1. Университетте магистратураның 6М011100 – «Информатика»

мамандығын ашу жұмыстары жүргізіліп, құжаттары ҚР БжҒМ-ға

жіберілсін.



Жауапты: информатика кафедрасының меңгерушісі А.Б. Медешова,

жоо-дан кейінгі дайындық бөлімі жетекшісі Ж.К. Тастаева.



Мерзімі: 2013 ж., ақпан.



  1. Докторантура мамандықтарына мақсатты дайындық нысанына

тапсырыстар ұтымды пайдаланылсын.

Жауапты: кафедра меңгерушілері, жоо-дан кейінгі дайындық

бөлімінің жетекшісі Ж.К. Тастаева.



Мерзімі: 2013 ж., мамыр-шілде.


  1. «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтетін

профессор-оқытушылардың тізімі нақтылансын.

Жауапты: факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: 2013 ж., ақпан.



  1. Қаулының орындалуын бақылау ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор Ә.Қ.Мұқтарға жүктелсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет