Редакторы: Таушева Г.З.
Құрастырушы: Ермекқалиева Н.А.
«Өнегелі өмір»
/Ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы/
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны. Ол — сондай-ақ, прозашы, аудармашы, тарихшы және философ, ойшыл, композитор. Кейбір деректерде оның есімін "Шаһкәрім" деп те көрсетеді. Ол 24 шілдеде дүниеге келген. Туған жері — қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Қарауыл ауылы, Шыңғыстау бөктері. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Әкесінен жеті жасында жетім қалған Шәкәрімді атасы Құнанбай өз тәрбиесіне алады. Көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді. Ол жөнінде ақынның өзі: "Қажы марқұм мені "жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп, ғылымсыз өстім" деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да жете түсініп, өз бетімен оқып, үйреніп, рухани қазыналарға үңіледі. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ өмірінде болған оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық" (1877), "Жастар туралы", "Кәрілік туралы" (1979), "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", "Қалжыңбас", "Тойымсыз нәпсі" сияқты өлең-жырларын жазды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман—Мамыр" дастанын жазды (1988). "Еңлік-Кебек", "Қодардың өлімі", "Крез патша" дастандарының авторы.
1905 жылы қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі" кітабын (1911), "Мұсылмандық шарты" еңбегін жазды (1911). Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың (1811-1996) "Том ағайдың балағаны" романын, Л. Н. Толстойдың "Асрахадон патша". "Үш сауал", т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің "Боран", "Дубровский" повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің "Ләйлі—Мәжнүн" дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907).
Өз елінің сөз мұрасына қоса, басқа жұрттың да асылдарына ден қояды; жаратылысты, адам қоғамын Абайша тануға, болмыстағы шындықтарды Абайша бағалауға тырысып, үлкен мектептен өтеді. Абайдың ақыл-кеңесімен өлеңдер шығара бастайды. Қазан төңкерісіне дейін-ақ ол қазақ зиялыларымен, орыс интеллигенциясымен жақын танысып, пікірлес болады, олармен бірге қоғамдық маңызы бар істерге араласады.
Барлық өткен жолын, көргені мен білгенін жырға айналдырғандықтан, оның шығармаларынан өзінің дүниеге, табиғатқа, сан салалы құбылыс-көріністерге, дінге деген көзқарастары анық көрініп отырады. Меккеге барып, "қажы" атанғанымен, ол ешқашан дінге берілген фанатик те, өмірдің куаныш-рақатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа да, бәрін жоққа шығаратын нигилист те болмаған.
Шәкәрімнің поэзиялық шығармалары мазмұнға бай, сан салалы болып келеді. Онда азаматтық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат суреттері де, философиялық толғамдар да, элегия, сонет, тарихи баллада, халықтық қара өлең үлгісі
де баршылық. Осындай жан-жақтылық оның прозасына да тән. Оның тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары қазақ прозасының дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Сондай-ақ, ол қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланысты дамуына зор үлес қосты. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білгендіктен, ол осы халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан қазыналарына еркін бойлап, солардың озық үлгілерін қазақшаға аударып, халқының игілігіне айналдырды.
Шәкәрім шығармалары сан-салалығымен ерекшеленеді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық" (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шакырса, "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адам өмірінің мән-мағынасы туралы толғанады. "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", "Калжыңбас", "Тойымсыз нәпсі" сиякты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп ("Анық асық әулие", "Шын сырым"), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді ("Жастарға", 1980). "Арман", "Насихат" (1881) атты өлеңдерінде әр түлі тап пен топ өкілдерінің ниет мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сөз етеді. Шәкәрім— қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде ("Бай мен кедей", "Бай мен қонақ", т.б.) мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді, "еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын" деп уағыздайды. Көпшілік өлеңдерінде ағартушылық көзқарасты насихаттады. Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі — қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепатқа қарсы жазылған өлеңдері Шәкәрімнің ой-толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады ("Патшалар сансыз шығыс қылады", 1919; "Адам немене", 1915). "Бостандық таңы атты", "Бостандық туы жарқырап" (1917) өлеңдері Ақпан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеуметтік жағдайға байланысты тұңғыш рет 'Шаттық" деген сөзді қолданғанымен, Шәкәрімнің жаңа заманның өзгерістеріне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда болды. "Қош жұртым" өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанымен, халықтан қол үзбегені, болашаққа сеніммен карайтыны айтылады. Бұл ойын ол С.Мұқановқа жазған хатында (3.2.1931) да айқын білдірген. Шәкәрімнің қазақ ауыз әдебиетінің, суырып салма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, өлең мазмұнының өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлендеріне өзі ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман — Мамыр" дастанын жазды (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, орта ғасырлық қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. "Еңлік — Кебек" дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. "Айсұлу — Нартай" поэмасы жамандықты жазаласа, "Әділ — Мария" романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқталады. Шәкәрім — "Қодардың өлімі", "Кірез патша" дастандарының авторы.
1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы
арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі" (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне үйлестіре түсіндіру мақсатымен "Мұсылмандық шарты" деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екені айқын танылады. Ол жаратушы Алланы ақылға салып түсінуге ұмтылады. Дін бұзушыларды қатты сынға алады ("Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа". "Сопының бара койман құрбанына"). Абай сияқты Шәкәрім ескіліктің қайшылықтарын жек көрді, сол кездегі казақ қоғамындағы әлеуметтік жарық шақты тани білді. Шәкәрім патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне сүйенді, халықттар достығы мен туыстығын қуаттады ("Мен ұлтшыл емеспін, Жақыным мынау демеспін").
Орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдын шығармаларын аса жоғары бағалап ("Ақиқат сырымды айтсам. Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына"), өз халқын дүние жүзінің озат мәдениетін игеруге шақырды. Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық. гуманистік-ағартушылық 6ағытта болды. Бұл орайда ал 2 ғасырдың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты. Шығармаларында демократтық, халықтық және гуманистік көзқарастарды насихаттады. Таза да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға сөйтіп, қан төгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. Ол «халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тыйым салынды.
Бірақ өмірден көргені мол, қабілет-қарымы тегеурінді ақыл-ой иесінің жиған-тергенін халқына түгел беруіне отаршылдықтың озбыр саясаты мүмкіндік бермеді. Заманға жағынған, күндік тірлігінің құлы болған, ойы таяз белсенділер түртпектеп мазасын алғандықтан, Шәкәрім 72 жасқа қараған шағында "Елу бес жыл жинаған қазынамды, оңашада қорытам ойға салып" деп, табиғат тыныштығы аясында өмір сүруге бел байлап, Шыңғыс тауына кетеді. Алайда онда да тыныштық болмайды. Жан баласына жазығы болмай, уда жалғыз жүрген жетпіс үштегі қарт ақынды Қызылдың жендеттері атып өлтіріп, денесін құдыққа тастайды.
Бірақ оны халқы ешқашанда ұмытқан жоқ. Тек 1988 жылы ғана ақын есімі ақталды. Ел тәуелсіздігін алысымен, халқы оның жарқын есімімен қайта табысты.
Семей қаласында ақынға арналған орталықтан көше аты берілген, «Семей» мемлекеттік университеті Шәкәрім атында.
Достарыңызбен бөлісу: |