АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Тегі, Аты, Әкесінің аты (толығымен) қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде
|
|
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы
|
|
Ұйымы
|
|
Мекен-жайы
|
|
Елі
|
|
Жұмыс, ұялы телефондары
|
|
Факс
|
|
E-mail
|
|
Мақаланың аты
|
|
Қатысу түрі (стендтік хабарлама/ауызша баяндама/жарияланым)
|
|
Секцияның атауы
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
Scopus Базасы
SCOPUS — мультипәндік библиографиялық және реферативтік деректер қоры және әртүрлі ғылыми базаларда жарияланған мақалалардан дәйексөз келтірілуін қадағалауға арналған құрал.
Scopus әлемнің 5 мың ғылыми баспасының 18 мыңнан астам басылымын қамтиды, олардың ішінде АҚШ-тың, Еуропа және Жапонияның 13 млн. патенті мен ғылыми конференциялардың материалдары да бар. Scopus-ты «Elsevier» баспасы әзірлеп, қолдау көрсетіп келеді.
1996 жылдан кейін жарияланған ғылыми ресурстар Scopus дерек қорында мақалалық библиографиялар тізімдерімен бірге индекстеледі. Дерекқорда дәйексөз келтіру осы тізімдердің мазмұнын автоматтандырылған талдау арқылы саналады. Сөйтіп, Scopus-та барлық индекстелген ресурстарға, бірақ тек 1996 жылдан бастап жарияланған ресурстарға жасалған сілтемелер есептеледі.
Авторлардың профильдері.
Бірден аса мақала жариялаған авторлар үшін Scopus-та жеке есепке алу жазбалары – авторлардың бірегей идентификаторлы профильдері (Author ID) жасалады. Бұл профильдерде автор есімінің нұсқалары, оның жұмыс орындарының тізбесі, жарияланымдарының саны, белсенді жарияланған жылдары, зерттеу саласы, негізгі бірлескен авторларына сілтемелер, автор жарияланымдарынан дәйексөз келтірудің жалпы саны, автор сілтеме жасаған дереккөздердің жалпы саны, автордың Хирш индексі және т.б. келтіріледі. Деректер қоры қолданушыларға авторлардың профильдеріндегі өзгерістері бойынша іздеу сұраныстарын қалыптастыру және электрондық пошта немесе RSS арқылы хабарлауды орнату үшін бірегей автор идентификаторларын пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Авторларды іздеу және олардың профильдерін шектеулі түрде қарау Scopus Author Preview құралдарымен Scopus дерекқорына абоненттік жазылымсыз-ақ мүмкін болады.
Мекемелердің профильдері
Авторлардың профильдері сияқты қызметкерлері бірден аса мақала жариялаған мекемелер үшін Scopusта мекемелердің бірегей идентификаторлы профильдері жасалады (Scopus Affiliation Identifier). Бұл профильдерде мекеменің мекен-жайы, мекеменің қызметкерлері болып табылатын авторлар саны, қызметкерлердің жарияланымдарының саны, мекеме қызметкерлері жарияланатын негізгі басылымдардың аттары және мекеме қызметкерлерінің жарияланымдарын тақырыптық үлестіру диаграммасы беріледі.
Журналдардың профильдері
Scopus дерекқоры ғылыми метрикалық көрсеткіштер алуға және басылымдардың автоматтандырылған талдауын жасауға кең мүмкіндіктер береді. Journal Analyzer құралы басылымдардың ғылыми деңгейіне төрт негізгі көрсеткіш бойынша кеңейтілген талдау (оның ішінде бірнеше басылымның салыстырмалы талдауын) жасауға мүмкіндік береді:
Басылымда жыл бойы жарияланған мақалалар саны;
Басылымға басқа басылымдарда жыл бойы жасалған сілтемелер саны;
Жыл тренді (басылымға жасалған сілтеме саны мен басылымда жарияланған мақалаларға жасалған сілтемелердің арақатынасы);
Дәйексөз алынбаған мақалалар пайызы.
Scopus-бүгінгі таңда әлемдегі ең ауқымды ғылымометриялық деректер базасының бірі. Ол 2004 жылы "Elsevier" компаниясымен құрылды, содан бері өзінің қызметін ғылыми әдебиеттермен толықтыра отырып, белсенді дамып келеді. Бұл әр түрлі ғылыми салалар бойынша (техникалық, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар және т.б.) 24 600-ден астам журналдарды қамтитын дәйексөздер мен зерттеулердің бірегей көзі. Дәл осы деректер базасында бүкіл әлемнің ғалымдары жарияланады, соның арқасында халықаралық ғылыми әлемге интеграцияланып, мансаптық табыстарға жетеді.
Scopus-тағы мақала - ғылымометрия мен ғылым саласын дамытудың бүгінгі жағдайларында өте өзекті. «Научные публикации – Publ.Science" көп жылдар бойы ғылыми-баспалық қызметтерін көрсетіп, осы мәселеге жауапкершілікпен қарайды. Сіз «Scopus-та жарияланым» қызметіне дәл қазір тапсырыс бере аласыз, ал біздің мамандар көп жылдық тәжірибе мен ғылыми жарияланымдардың ерекшелігін түсінуді басшылыққа ала отырып, осы деректер базасында индекстелуге көмектеседі. Біз мақала қайда жіберілген журналдың барлық талаптарын ескереміз, барлық қажетті түзетулерді орындай отырып, ғылыми мақаланың қажетті мерзімде жариялануын қамтамасыз етеміз.
Маманымызбен чат арқылы байланыса аласыз, ол сізге бір күн ішінде жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |