Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі



бет1/5
Дата18.12.2021
өлшемі31,05 Kb.
#102781
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5093563349203 05.05.23020 НО3б ғылыми пед зерттеу әд


Тобы

НО3Б

Күні

05.05.2020

Пәні

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі

Тақырыбы

Жоба әдістемесінің тарихы және пәні. Жоба әдістемесінің ерекшеліктері

Интернет ресурстар

https://uim-news1.club/16/?site=1003454&sub1=sub1&sub2=&sub3=&sub4=

Жоспары:

1. Педагогикалық жобалаудың мәні

2. Педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс әрекетінің қызметтері.

3. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері.


1. Педагогикалық жобалаудың мәні

Педагогтың жобалық әрекетін талдау үшін болмысты тану мен қайта

Жобалық әрекет қоғамдық сипатты айқын көрсетеді.

Жобалаудың ерекшелігі-жаңа өнім құру және тек көрінуі мүмкін екендігін өз мезгілінде тану. Ол шынайылықтың ғылыми-болжамдық елестетудің типі болып табылады және оны тәжірбие дамуның талаптарына сәйкес қамтиды және өзгертеді. Жобалық әрекет - бұл толық аяқталмаған әрекетті(сол мезеттегі) өзгертуге әрдайым талаптанушылық және сол сияқты жобалау авторларының пікірі бойынша келешекке баңытталушылық.



Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».

Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.

Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл –ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.

Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.

В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:


  • Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;

  • Мақсатқа бағытталған әрекет;

  • Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

  1. өндірістік, немесе жасампаздық;

  2. тұтынушылық;

  3. интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

  4. жоба–жаттығулар.

Білім беруді басқарудағы жобалауға туралы зерттеушілер пікірлері төмендегідей болып келеді. «Педагогикалық жобалау» түсінігі В.Безруковтың анықтамасы бойынша «гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу».

И.А.Колесникова: «жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет»;

А.П.Тряпыцина: «жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы»;

Е.С.Заир-Бек: «жобалау– қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт»;

Н.А.Масюкова; «жобалау – педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»;

Осылайша, қазіргі заманғы әдіснамалық, мәдениеттанымдық, ғылымтанымдық және психологиялық–педагогикалық–әлеуметтік ғылымдар қағидаларына сүйене отырып, жобалау – педагогикалық феномен дей аламыз және оның негізгі сипаттамаларын төмендегідей көрсетуге болады:



  1. жобалаудың мақсаты мен соған сай педагогикалық іс -әрекеттер қайта жаңартуларды көздейді;

  2. жобалау педагогикалық рефлексия арқылы қамтамасыз етілетін болашақтың нақты бейнесін жүзеге асырады;

  3. педагогикалық жобалау жобалау нысанын ғана емес, оған қатысушы жобалау субъектілерін дамытуға бағытталады.

Жобалаудың мүмкіндіктері педагогикадағы ақпараттық - комуникативтік технологияның дамуымен де кеңейеді, сөйтіп, білім беру үрдісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі одан әрі дами түседі деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет