«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Ұстаным нормативтік-реттеуші қызметті атқарады



бет31/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Ұстаным нормативтік-реттеуші қызметті атқарады, белгілі бір заңдылықтың, оның атқарылу шарттарын немесе практикалық қызметті күнделікті бақылаудың нәтижесін және одан туындайтын және белгілі бір ережелер, талаптар, ұсынымдар түрінде рәсімделген қорытындылар болып табылады.
Барлық педагогикалық мәселелерді шешу әлеуметтік, этикалық нұсқауларға байланысты. Гуманитарлық әдіснама педагогикалық нысандардың қызметінің құндылық-бағдарлы мәнін түсіну модельдерін құруға бағдарлайды. Педагогикалық білім ғылыми-педагогикалық тілде сәйкестікпен бейнеленеді, барлық зерттеу сұрақтары өзара байланысты болады.
Гуманитарлық әдіснамаға ерекше педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалық жақтарын зерделеу тән, өйткені педагогикалық зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен нәтижелердің құндылық сипаты педагог әрекетімен шартты байланыста деп түсініледі. Гуманистік тәрбие – рухани құндылықтардың әдіснамалық негізі. Жоғары мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпы ғылымилық, әлеуметтік-философиялық; әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық үдерістердің тоғысуына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның алғышарты ретінде басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға бойында қайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастыру педагогика ғылымының прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Олар әсіресе, тәрбие практикасында бүгінгі күні жалпыадамзаттық негізгі құндылықтарды анықтау, бекіту үшін аса қажет.
Гуманитарлық әдіснама педагогикалық объектінің қалыптасқан құндылыққа бағытталған негізге сүйене отырып модельденеді. Педагогикалық білім ғылыми педагогика тіліне сәйкес болып есептелінеді, барлық зерттеу жұмыстары өзара байланысты, ол болжамның соңы емес, белгілі бір педагогикалық мәдениетке негізделіп өзара байланыста болады. Барлық педагогикалық сұрақтар мен мәселелер әлеуметтік, этикалық, діни және басқа да педагогикалық зерттеуге ие. Гуманитарлық әдіснамаға тән педагогикалық құбылыстардың тиімді сапалы жағын зерттеу тән, мысалы, үрдерістер педагогтардың субъект ретіндегі іс-әрекетімен негізделген, педагогикалық зерттеудің және алынған қорытындылардың құнды негіздеріне ие [156; 35].
Қазіргі уақытта гуманитарлық әдіснаманың ұстанымдарын және олардың зерттеулердегі гуманистік тұғырлармен байланысын, замануи ғылыми зерттеулердегі гуманистік тұғырлар жүйесін пайымдай алу және білу аса қажет. Адамды, оның бостандыққа, бақытты болуға, дамуға, білім алуға құқығын ең жоғары құндылық деп санайтын әдіснама ретіндегі гуманистік (тұлғалық, тұлғаға бағдарланған) тұғырдың мазмұны мен бағыттарын талдау әдістерін меңгеруге, тұғырдың мүмкіндігін баланың жеке білім алу траекториясын, оқушының өз тұлғасын жүзеге асыруға көмектесетін үлкендер мен бала арасында мейірімділік ахуалын құру арқылы пайдалана білудің маңызы арта түсуде.
Білім беруді тұлғаның өзін өзі өз өмірінің мағынасы, мақсаттары мен ресурстары арқылы құндылықты анықтау деп қарастыратын әдіснама ретіндегі аксиологиялық тұғырдың қолданбалы міндеттерін құрастыра алу, тұғырдың әлеуетін белгілі бір адамгершілік-сезімдік ахуал, араласудың ерекше ортасын құру, сондай-ақ жеке және топтық шығармашылық әрекетті ұйымдастыру арқылы көрсете білуге ерекше мән берілуде.
Білім беруді түлғаның белседі пәндік әрекеті, әлемді тану мен өзгертудің белсенді әдістері, басқа адамдармен белсенді араласу арқылы негіздейтін әрекеттік тұғырдың әдіснама ретіндегі қолданбалы міндеттерін құрастыра алу, тұғырдың қағидаларын педагог пен баланың әрекет түрлерін еркін таңдауы, бірлескен әрекетте жағымды нәтижеге қол жеткізуі арқылы жүзеге асыра алу жоғары бағалануда.
Адамды мәдениеттің ерекше әлемі, ал оның білім алуын мәдени құндылықтар жүйесімен өзара әрекеттесу арқылы қалыптасатын жасампаздықты, жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениеттің байлығын көрсететін әдіснама ретіндегі мәдениеттанымдық (мәдениетке сәйкестік) тұғырының әлеуетін бағалай алу, тұғырдың ұстанымдарын мәдениет жетістіктерін (мәдени құндылықтарды) білім беру үдерісіне ендіру, балалардың мәдени әрекетіне жағдайлар жасау арқылы іске асыра алу қолға алынды.
Адамның тұтастығын, яғни оның рухани (мәдени), әлеуметтік және тәндік (табиғи) бөлінбейтіндігін мойындайтын, ал білім беруді – адамның өз табиғатының шығармашылық және жауапкершілік сияқты сапалары деп танитын әдіснама ретіндегі антропологиялық тұғырдың теориясын меңгеру, тұғырдың әлеуетін табиғат, қоғам және тұлға дамуының жалпы заңдылықтары мен динамикасына сәйкес әрекеттік белсенділік негізінде балалармен жұмысты ұйымдастыру арқылы қалыптастыру зерттеушілердің назарында болуы тиіс.
Білім беруді тұтасымен, сондай-ақ оның қатысушыларын (педагог, бала) өзін өзі дамытатын жүйелер деп қарастыратын түсінікті негіздейтін әдіснама ретіндегі синергетикалық тұғырдың, сонымен бірге баланың болашақта дамудың шыңына жетелейтін қалыптасуының әрбір кезеңінің маңызын дәлелдейтін әдіснама – акмеологиялық тұғырдың мүмкіндіктерін түсіне алу қажет.
Гуманистік тұғырлардың қызметтерін кіріктіре білу, ғылыми зерттеулердегі гуманистік тұғырлардың жүзеге асырылу салаларын нақтылай алу замануи жастардың рухани-адамгершілік жаңғыруы мәселесінің жоғары деңгейдегі зерттелуін қамтамасыз етеді.
Педагогика ғылымының қазіргі заманғы даму кезеңі жаңа идеялардың, тұжырымдамалардың, бағыттар мен ағымдардың жариялығымен сипатталады. Педагогика ғылымдарының ортақ аясында әртүрлі тұғырнамалық бағдарлар бірлесе өмір сүрсе, олар стратегиялар мен әдістерді, зерттеу бағдарламалары мен ғылыми ізденістерді жүргізуге сипаттама жасаудағы таңдауларға әсер етеді. Бұл жағдай педагогикадағы әрбір зерттеушінің өзіндік бағдарын қалыптастыруға әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда негіз ретінде педагогикалық модель немесе тұжырымдамалар қарастыру арқылы әдістер немесе қағидалар, эксперименттерді ұйымдастыру мен педагогикалық жаңалықты сипаттауда басшылыққа алу қарастырылған. Педагогиқа жаңа тұғырнамалық бағдардың шығу себебін білу өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет