Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарын орындауға арналған келісім шарт
№ «__»__________ 20__
Шымкент қаласы
Бұдан әрі тапсырыс беруші деп аталатын «Шымкент қаласының білім басқармасының «№90 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан директор А.Ш. Орынбеков бір тараптан және бұдан әрі орындаушы деп аталатын жарғы негізінде әрекет ететін Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің ректоры А. Каирбекова екінші тараптан, «7М01101 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының бағытында төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың нысанасы
1.1.Білім беру мекемелерінде зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында «Болашақ педагог-психологтардың білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметінің бағыттары» тақырыбы бойынша 2020-2022 жж аралығында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы өзіне қабылдайды.
1.2. Негізгі кезеңдердің мазмұны мен мерзімі күнтізбелік жоспарда айқындалады.
1.3. Төменде аталған құжаттар мен онда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады:
1) Осы Шарт;
2) Жұмыстардың күнтізбелік жоспары;
3) Техникалық ерекшелік.
2. Біліктілік белгілері бойынша ғылыми педагогикалық зерттеу сипаттамасы
және экономикалық көрсеткіштер
2.1. Жұмыс бағыты: Іргелі ғылыми-зерттеу жұмысы.
2.2. Қолданылу саласы: Қазақстанның білім беру мекемелері.
2.3. Түпкі нақты нәтиже: тақырып бойынша тақырып бойынша психологиялық қызмет көрсету, оқу-әдістемелік құрал.
2.4. Патент қабілеттілігі: қабілетті.
2.5. Ғылым деңгейі (жаңалық): жаңалық.
2.6. Педагогикалық ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдалануды тапсырыс беруші немесе орындаушы жүзеге асырады: Алынған ғылыми-нәтижені тапсырыс беруші мен Орындаушы бірге пайдаланады.
2.7. Педагогикалық-психологиялық ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдалану түрі: Білім беру мекемелерінде оқушыларға сапалы психологиялық қызмет көрсету және инклюзивті, дарынды оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің дамуына мүмкіндік жасау; оқу-әдістемелік құралдар бойынша психологияның қолданбалы бағыттағы мүмкіндіктерін пайдалану және оқып-үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |