Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз


Зерттеуді жоспарлау әдістемесіне талдау жасаңыз



бет8/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу

8. Зерттеуді жоспарлау әдістемесіне талдау жасаңыз.
Зерттеу жұмысының алдында жоспар құру қажет пе? Ең алдымен, осы сұраққа тоқтала кетейік. «Мен жоспарды жұмысты жазып болған соң құрамын» деушілер бар. Әр адам әртүрлі жұмыс жасайтыны белгілі, дегенмен кез келген жұмысты бастамас бұрын оның жалпы құрылымы ойластырылғаны дұрыс.
Жоспар – берілген негізгі тақырыптардың қысқаша берілуі. Жоспар мәтін мен негізгі ойдың тақырыбына сәйкес болуы тиіс. Жоспардың бөлімдері дәл, нақты болуы керек. Жоспарда мәтінде қарастырылатын мәселелер ғана атап көрсетіледі. Жоспар тілдік ресімделуі жағынан сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік болып бөлінеді. Құрылымы бойынша жоспарлар жай және күрделі болады. Жоспар құру кезінде, біріншіден ең басты мәселелер мен сұрақтарды белгілеп алу керек. Әр бөлімге сай мәселені шешіп, оның орындалу ретін анықтаған жөн. Бұл мәселелер ақырғы, дайын жоспарда көрсетілмейді, бірақ алғашқы кезеңде ол жұмыс жоспары үшін керек.
Әр тақырып өзінше ашылуы мүмкін. Бірақ, тек қана дұрыс жасалған жоспар оның басты бағыттарын анықтайды. Жоспар жұмыстың басты идеясын, сипатын және мазмұнын көрсетуі тиіс. Жоспарда тақырыптың басты мәселелері ашылуы керек. Жоспарды құру кезінде ешқандай шаблон болмағаны жөн. Жоспар құруда ізденуші жұмыстың ғылыми жетекшісімен ақылдасуы тиіс.
Зерттеу жұмысын жоспарлау оны ұтымды ұйымдастыру үшін өте қажет. Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындары тапсырыс берушілер ұсынған мақсатты кешенді бағдарламалар, ұзақ мерзімді ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, іскерлік келісімшарттар және ғылыми қосымшалар негізінде бір жылға арналған жұмыс жоспарларын жасайды. Ғылыми-зерттеу және оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыптары бойынша жұмыс бағдарламалары мен оларды жүзеге асырудың кестелері жасалады. Монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары мен дәрістерді дайындау кезінде осы жұмыстардың перспективалық жоспарлары жасалады.


9. Инновация және инновациялық үрдіс ұғымы
«Инновация» термині жеке өзі де және «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық үрдіс», «инновациялық шешім» және т.с.с. ұғымдар сияқты белсенді қолдана басталды. Әдебиеттерде жүздеген анықтамалары бар. Мысалы, мазмұны немесе ішкі құрылымының сипаттары бойынша инновацияны техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б. деп анықтайды.
Инновация – нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнім ретінде, тәжірибеде пайдаланатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық өнім ретінде, немесе әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл ретінде көрінетін инновациялық іс-әрекеттің соңғы нәтижесі. Сонымен инновация инновациялық іс-әрекеттің салдары болып табылады.
Инновация басқа да көзқарастарда үрдіс ретінде қарастырылады. Бұл концепцияда жаңару уақытқа байланысты дамиды және нақты көрінетін кезеңдері болады. «Инновация» және «инновациялық үрдіс» терминдері бір-біріне жақын болса да бір мағыналы емес. Инновациялық үрдіс инновацияны құрумен, игерумен және таратумен байланысты. Инновациялық үрдістің үш логикалық түрі анықталған:

  • қарапайым ұйымішілік;

  • қарапайым ұйымаралық;

  • кеңейтілген.

Қарапайым инновациялық үрдіс бір ұйымның ішінде жаңалық ашу мен қолдануды қарастырады, бұл жағдайда жаңашылдық тікелей тауар түріне енбейді.Қарапайым үйымаралық инновациялық үрдісте жаңашылдық сату-сатып алу құралы ретінде көрінеді. Инновациялық үрдістің бұл түрі жаңашылдықты жасаушы мен өндірушінің функциясын тұтынушы функциясынан бөлуді білдіреді. Кеңейтілген инновациялық үрдіс жаңашыл өндірушілерді құру, пионер-өндіруші монополиясын бұзуда көрінеді, бұл өзара бәсекелестік арқылы шығарылатын тауардың тұтынушылық ерекшелігін жетілдіруге ықпал етеді.
Тауарлық инновациялық үрдіс жағдайында кемінде екі шаруашылық субъект әрекет етеді: жаңашылдықты өндіруші (құрушы) және тұтынушы (пайдаланушы). Егер жаңалық технологиялық үрдіс болса оны өндіруші мен тұтынушы бір шаруашылық субъектіде бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет