23. Кездейсоқ бақыланатын сынақтар. Ұйымдастыру ережелері. Пайдасы. Кемшіліктері.
РКИ-диагностика мен емдеудің кез келген әдісінің алтын стандарты. Рандомизация (кездейсоқ) – бұл сынаққа қатысушыларды топтарға бөлінуінің кездейсоқ реттілігін айқындауда қолданылатын әдіс. (rand – франц. – жағдай).
РБС кезіндегі зерттеу құрылымы:
1.Бақылау (салыстырмалы) топтың болуы.
2.Науқастар іріктелуінің нақты көрсеткіштері (сынаққа алынуы мен шығарылуы).
3.Науқастарды зерттеуге рандомизация топтарына бөліну алдына дейін алу.
4.Науқастарды топтарға кездейсоқ (арнайы көрсеткіштерге байланысты емес ) бөлу (рандомизация).
5. «Жасырын» түрде емдеу.
6.Ем нәтиежесін «жасырын» түрде бағалау
7.Емнің жанама әсері мен асқынулары туралы мәлімет.
8.Сынақ барысында шығып кеткен науқастар туралы мәлімет.
9.Сәйкес статистикалық саратама , қолданған мақалалар, бағдарламалар және т.б туралы мәлімет.
10.Анықталған тиімділіктің өлшемі мен статитикалық нақтылығы туралы мәлімет.
РБС – ақырғы нәтижелер екі топтағы науқастарда өткізілуі қажет:
* Бақылау (салыстырмалы) топ – ем жүргізілмейді немесе кәдімгі, стандарттық ем жүргізіледі әлде науқастар плацебо қабылдайды;
* Нақты (белсенді) емделу тобы –тиімділігі зерттелетін ем жүргізіледі
Әдетте бұл зерттеу, онда қатысушылар кездейсоқ тәртіппен (рандомизацияланған) екі топқа бөлінеді - негізгі (зерттелетін араласу қолданылады) және бақылау (плацебо немесе басқа араласу қолданылатын жерде). Мұндай құрылым зерттеулер араласу тиімділігін салыстыруға мүмкіндік береді.
Кемшіліктер:
-Жиі ұзақ уақытты қажет етеді
-Өте қымбат
-Сирек аурулар үшін қолайлы емес
-Жалпылаудың шектеулі мүмкіндігі
Артықшылықтары:
-емделушілер үшін ең жақсы деректер
-Аз жылжу (жүйелі қате)
-тиімділікті бағалау және араласуларды тексеру үшін ең жақсы
егер рандомизацияланған болса, дизайн бойынша ең қатал және сенімді
Достарыңызбен бөлісу: |