52. Зияткерлік құқықтарды қорғау (патенттеу).
53. Зерттеу нәтижелерін оқу процесіне енгізу формалары.
Зерттеу нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу формалары әртүрлі, оқу іс әрекетінің барлық элементтерін қамтиды және бір білім беру бағдарламасында мезгіл-мезгіл өзгеріп отыруы мүмкін.
ҒЗЖ нәтижелерін білім беру процесіне енгізу формалары:
1. студенттердің болашақ кәсіби қызметімен өзара байланыста ҒЗЖ тақырыбы бойынша проблемалық дәрістер оқу;
2. дәрістер мен семинарларға жаңа теориялық бөлімдер енгізу;
3. ҒЗЖ тақырыбы есебінен міндетті және қосымша оқу әдебиетінің тізбесін кеңейту;
4. пәннің оқу бағдарламасында зертханалық практикумға жаңа жұмыстарды енгізу;
5. зерттеу, талдаудың жаңа әдістерін меңгеру;
6. жаңа аспаптарда, техникалық жабдықтарда жұмыс істеу принциптерін игеру;
7. студенттердің ҒЗЖ тақырыбы бойынша рефераттар, курстық жұмыстар, теориялық шолулар жазу;
8. кафедраның ҒЗЖ-мен байланысты оқу-ғылыми орталықтарындағы көшпелі теориялық және практикалық сабақтар;
9. кафедраның ғылыми бағыттары бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеу жобаларын орындауы;
10. студенттерді эксперименттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;
11. факультеттің ғылыми-шығармашылық зертханасының жобаларына білім алушыларды тарту;
ҒЗЖ тақырыбы бойынша;
1.студенттерді студенттік ғылыми конференцияларға (реферативті және эксперименттік секциялар) қатысуға дайындау;
2.білім алушыларды ЖОО ішіндегі және ЖОО-нан тыс ауқымдағы ғылыми конференцияларға қатысуға дайындау;
3. ҒЗЖ қорытындысы бойынша жарияланымдарды жазуға студенттерді тарту;
4.кафедраның білім алушылары үшін ҒЗЖ мәселелері мен қорытындылары бойынша стендтер, плакаттар, слайдтар, мультимедиялық презентациялар әзірлеу және рәсімдеу; ҚР МСМ «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ 2-деңгейдегі СМЖ құжаты СМЖ құжаттама деңгейі Нормативтік құжаттың түрі Ереже П 017-02.26-2017 Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу туралы Ереже 25.05.2017 ж. №1 Редакция 12-ден 6 -бет 10.
Бұл ереже ҒЗЖ нәтижелерін енгізу нысандарын шектемейді. ҒЗЖ нәтижелерін оқу процесіне енгізу кезінде ғылыми ұжымның ҒЗЖ туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық құралдардың неғұрлым кең спектрін пайдаланған орынды: монографиялар; патенттер; ISI Web of Knowledge (Clarivate Analytics), Thomson Reuters дерекқорына немесе Scopus компаниясының дерекқорына, РФ ЖАК-ына, ҚР БҒМ БҒСБК-ға, РҒДИ, ҚДБ-на кіретін жоғары рейтингілік ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар мен шолулар, конференциялар, съездер, алыс шетел симпозиумдары материалдарындағы баяндамалардың тезистері; жоғары деңгейдегі кеңестер мен конференциялардың стендтік баяндамалары; диссертацияларды қорғау және басқа да ғылыми ақпарат көздері.
Достарыңызбен бөлісу: |